Үш тілде білім беру

0


Бағыты: Шет тілі Бөлімі: Мақала Сыныбы: Барлық сыныптар

Қазіргі заманда 3 тілде білім беру өте дамыды біздің елімізде.Көртілділікті елміздің барлық тұрғыны қолдайды деп ойлаймын.

Бекітемін:
Мектеп директорының м.у.а: М. Аманов.

Тақырыбы: Мен елімнің ертеңімін .

Мақсатым: Балаларға Туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Тәрбиелелік: Оқушылардың тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресуге және сөз өнеріне баулу.
Дамытушылық: Топта жұмыс істеу арқылы өзгелерді тыңдап, өз ой-пікірін білдіре білетін оқушыны тәрбиелеу.
Сайыстың көрнекілігі: қабырға газеті, шар, мақал — мәтел, гүл суреті.

Сайыстың барысы: Ұйымдастыру кезені.
Кіріспе сөз.
Сұрақ жауап
Екі тілде ән айту
Таппақ айту
Көрініс
Қорытынды.

1 Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, Құрметті ұлағатты ұстаздар мен тәлімді шәкірттер! Ең бірінші
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақсаты келешегіміз мына тұрған жас ұрпақтың қолында екенің, осы білім ұясын оң аяқпен аттаған сәттен, ұлағатты ұстаздардың алдынан өтіп, біліммен сусындатқан ұстаз қадірін мәңгі ұмытпас үшін, тәрбиелі , келешегі жарқын, білімді, көкірегі ояу , келешекке деген көз қарасын жан жақты дамыту, мақсатта ұйымдастырылып отырған Мен елімнің ертеңмін атты тақырыпта тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етініздер!
Тіл адам мен адамды,ұлт пен ұлтты жақындастырытын негізгі құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасындағы достықтың, береке бірліктің тірегі ретінде құрмет тұтамыз. Кезекті сұрақ жауапқа берсек.

Қай жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады?

Қай жылы БҰҰ мүше болдық?

Тәуелсіз теңгеміз қашан айналымға шықты?

Қашан еліміздің жаңа нышандарын бекітті?

Қазақтың көк жалауының ені мен биіктігін ата?

Қ.Р. тұңғыш президенті қашан сайланды?

Қ.Р президенті неше жылға сайланады?

Т.Әубәкіров тұңғыш ғарышқа қай жылы самғады?

Қ.Р. Конститутциясы қашан қабылдады?

Қай жылы мәдениетті қолдау жылы болып аталып өтілді?

Орыс тіліде сұрақ

Назовите первого день Президента,
Что производить Германия в миру?
Чем знаминит в миру Париж?
Когда отмечает старый новый год?
Когда отмечает день детей?
Назовите день первого президента?
Назовите день Конститутция?
Когда отмечает день Республика?

Ағылшын тілінде сұрақ

When we celebration day of first President?
Day of Independence of Kazakhstana?
What is the capital of Great Britain?
What is the capital of Mongolia?
Who was first women and Prime Minister of Great Britain?
When we celebration day of New Year?
When we celebration Mother day?
When we celebration the day of Republic of Kazakhstan ?
The name of capital of Kazakhstan? The old nameand new name of future.
The name of first President of USA.

Қымт маған ана
тілім бал тілім,
Қымбат маған дана тілім ар тілім
Ақ сүтіммен бірге сіңген бойыма
ана тілім ардақ тұтар ойыма.
Ана тілін жырлап өткен талайлар
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар,
Қасиетті менің ана тілімде,
өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Ең бірінші бақытым — халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің

Ал екінші бақытым тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім
Кей кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші Отан деген
Құдай деген кім десе Отан дер ем
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай ақ кел дағы от алменен
Айдана
Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,
Туған тілсіз, тірлік құрсын наныңдар
Туған тілде намысым мен арым бар
Туған тілсіз тірлік құрсын наңындар.

Сапарғали
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
өссе тілім мен де бірге өсемін
өшсе тілім, менде бірге өшемін
жанель
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың мың ыстық қаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім жүрек үнім наныңдар
Нанбасандар,
Жүрегімді суырып ақ алыңдар.
диас
Тілім менің ең бірінші байлығым,
Тілім менің арқа сүйер айбыным,
Тілім менің сен арқылы сезінем,
Шабытымның шалқар сезім айдынын
1- Жүргізуші. Әрбіреудің тілін , өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді деген ұлы ақын Абай атамыздың сөзі бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан. 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдамасында Үкімет Тілдердің үш тұғырлығы мәдени жобасын кезендеп іске асыруды ұсынды
2- жүргізуші: Ал 2008 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында: Үкімет Тілдердің үш тұғырлығы мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс делінген. Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі- жаһандық экономиқаға ойдағыдай кіруге тілі. Тіл- тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады.
Асылзат
Қазақ тілім саялаған нұр бағым
Қазақ тілім, анам тілім ардағым
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.
Серікжан
Қазақ тілі қазақтың ана тілі,
Қазақ тілі қазақтың дара тілі,
Туған тілім бабам тілі өз тілім
Туған тілім анам тілі өз тілім.
Бақытнұр
Тілім, дінім,самғаған, шарықтасын
Самғаудан еш уақытта жалықпасын.
Өз алдына өмірден теңдік алған
Ана тілім көгімде қалықтасын.
Нұрай
Ана тілім, жүрегісің анамның
Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балан, байтақ далан тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
Айдана
Ана тілім тағдырыңа алаңдаймын
Ұрпағың боп уайымдап қалғандаймын
Шұбарлатпай ана тілде сөйлесе деп
Шала қазақ көрмесем деп армандаймын.

Қазағым, көркем әрі бай тіл деп біл,
Ата баба атағына келтірме кір
Өзге тілде сайрамай Алаш жұртым
Ана тілін әрдайым ардақтап жүр.
1-жүргізуші: Көптілді оқыту — жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.
Адамдар ең бірінші бір бірімен тіл арқылы қарым қатынас жасайды. Тіл- әр ұлттың дәстүрлі мәдениетімен астасатын күрделі қарым қатынас құралы.
2-жүргізуші: Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ- деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұнғиығына терең үңілуіне шақырды. Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл — мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі- ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз.

Орыс тілінде таппақ.
Орыс тілінде өлең.

1-жүргізуші. Елбасының 2011 жылғы Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! атты жолдауында 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін халықтың саны кемінде 20%-ды құрауы тиіс делінген. Әрбір қазақстандық қазақ тілімен қатар, ағылшын тілін де терең меңгеруі керек.
2- жүргізуші: Ағылшын тілі дүние жүзіне ең кең таралған халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Көптеген алпауыт елдер ағылшын тілінен бас тартып, өсіп, өркендеу жағынан кейінге қалып қойды, кейінен өздерінің ұлтық тілдерімен қатар ағылшын тілін меңгеруін еңгізіп, осы уақытқа дейін дамып, өркендеуінің, жаңа технологияны меңгеріп, көптеген жаңа дүние ойлап табуына,экономикалық,саяси дамуына ағылшын тілінің әсері өте зор.
Ағылшын тілінде таппақ.
Happy family.
Our large family We help one another
Has a nice flat It is a good rule
We live there happily We help our mother
With a kitten and cat When she washes or cooks
My sisters and brothers Together with father
All go to school We like to read books.

Топпен бірге Smile өленді айту.
1- жүргізуші: Тіліміздің мемлекеттік тәрбиеге ие болуына байланысты сөз мәйегін теруге құлшыныс арта түсуде. Ойды ұштап, қиялды қанаттандыратын мақал мәтелдер де қайтадан рухани серігімізге айналды.2-жүргізуші: Мақал сөздің мәйегі дегендей кезекті тіл туралы мақал мәтелдерге берейік.
Тілге құрмет, елге құрмет
Тіл тағдыры ел тағдыры.
Өнер алды қызыл тіл.
Тіл бас жармаса, тас жарар.
Ана тіліңді ұмытқаның,өз ұлтыңды құртқаның.
Тіл көңілдің кілті.
Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
Туған жердің күні де ыстық,үні де ыстық.
Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас.
Жақсы сөз жарым ырыс
Піл көтермегенді, Тіл көтереді.
Шешеннің тілі артық,
Шебердің қолы артық.
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.

Біздің бүгінгі тәрбие сағатын өткізудегі мақсатымыз оқушылардың Отанына деген махаббатын ояту, туған еліміздің елін, жерін, тілін, мәдениетін, салт дәстүрін сақтап, көркейтуге, байытуға еңбек етіп, болашақта Елбасының үш тілде білім беру саясатын қолдап, Қазақстанды өркендетуге білімді де білікті азаматтар тәрбиелеу. Еліміздің іргесі берік болып, Тәуелсіз еліміздің көк аспанында әрдайым бейбітшілік күні жарқырасын!
ырысымыз тасып, нәсібіміз молынан болсын!
Бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліміз Қазақстан Республикасы дамып гүлдене берсін!
Егемендігіміз баянды болсын деп ізгі тілекпен осы кешімізді аяқтаймыз.

Тілге құрмет, елге құрмет

Тіл тағдыры ел тағдыры.

Өнер алды қызыл тіл.

Тіл бас жармаса, тас жарар.

Ана тіліңді ұмытқаның,
өз ұлтыңды құртқаның.

Тіл көңілдің кілті.

Ит тойған жеріне,
ер туған жеріне.

Туған жердің күні де ыстық,
үні де ыстық.
Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас.

Жақсы сөз жарым ырыс

Піл көтермегенді, Тіл көтереді.

Шешеннің тілі артық,
Шебердің қолы артық.

Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.

1 Жүргізуші. Әрбіреудің тілін , өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді деген ұлы ақын Абай атамыздың сөзі бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан. 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдамасында Үкімет Тілдердің үш тұғырлығы мәдени жобасын кезендеп іске асыруды ұсынды Ал 2008 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында: Үкімет Тілдердің үш тұғырлығы мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс делінген. Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі- жаһандық экономиқаға ойдағыдай кіруге тілі. Тіл- тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады.
Көптілді оқыту — жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.
Адамдар ең бірінші бір бірімен тіл арқылы қарым қатынас жасайды. Тіл- әр ұлттың дәстүрлі мәдениетімен астасатын күрделі қарым қатынас құралы. Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ- деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұнғиығына терең үңілуіне шақырды. Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл — мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі- ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді — деді. Елбасының 2011 жылғы Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! атты жолдауында 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін халықтың саны кемінде 20%-ды құрауы тиіс делінген. Әрбір қазақстандық қазақ тілімен қатар, ағылшын тілін де терең меңгеруі керек.
Ағылшын тілі дүние жүзіне ең кең таралған халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Көптеген алпауыт елдер ағылшын тілінен бас тартып, өсіп, өркендеу жағынан кейінге қалып қойды, кейінен өздерінің ұлтық тілдерімен қатар ағылшын тілін меңгеруін еңгізіп, осы уақытқа дейін дамып, өркендеуінің, жаңа технологияны меңгеріп, көптеген жаңа дүние ойлап табуына,экономикалық,саяси дамуына ағылшын тілінің әсері өте зор.
Тіліміздің мемлекеттік тәрбиеге ие болуына байланысты сөз мәйегін теруге құлшыныс арта түсуде. Ойды ұштап, қиялды қанаттандыратын мақал мәтелдер де қайтадан рухани серігімізге айналды. Мақал сөздің мәйегі дегендей кезекті тіл туралы мақал мәтелдерге берейік.
Тілге құрмет, елге құрмет
Тіл тағдыры ел тағдыры.
Өнер алды қызыл тіл.
Тіл бас жармаса, тас жарар.
Ана тіліңді ұмытқаның,өз ұлтыңды құртқаның.
Тіл көңілдің кілті.
Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
Туған жердің күні де ыстық,үні де ыстық.
Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас.
Жақсы сөз жарым ырыс
Піл көтермегенді, Тіл көтереді.
Шешеннің тілі артық,
Шебердің қолы артық.
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
1 –жүргізуші: Біздің бүгінгі тәрбие сағатын өткізудегі мақсатымыз оқушылардың Отанына деген махаббатын ояту, туған еліміздің елін, жерін, тілін, мәдениетін, салт дәстүрін сақтап, көркейтуге, байытуға еңбек етіп, болашақта Елбасының үш тілде білім беру саясатын қолдап, Қазақстанды өркендетуге білімді де білікті азаматтар тәрбиелеу. Еліміздің іргесі берік болып, Тәуелсіз еліміздің көк аспанында әрдайым бейбітшілік күні жарқырасын!
2-жүргізуші: ырысымыз тасып, нәсібіміз молынан болсын!
Бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліміз Қазақстан Республикасы дамып гүлдене берсін!
Егемендігіміз баянды болсын деп ізгі тілекпен осы кешімізді аяқтаймыз.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.