Унитарлы мемлекет дегеніміз не?

0

Унитарлы мемлекет дегеніміз не? Бүткіл мемлекет аумағында бірінғай заңдар, бірінғай ту, бірінғай ән-ұран, бірінғай басқару тәсілі бар мемлекеттер унитарлы деп аталады. Мысалы Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекетке жатады, себебі мемлекет құрамында өзге автономиялы мемлекеттік құрылымдар жоқ. Қазақстанның барлық облыстарында, барлық қалаларында, барлық ауылдарында бір ғана конституция бар.


Ресей унитарлы мемлекетке жатпайды, себебі осы мемлекет аумағында өзге ұлттардың өзіндік ұлттық басқару органдары бар. Мысалы Татарстан мен Башқұртстанда өз президенттері, өз парламенттері бар. Татарстан парламенті шығарған заңдар Татарстан аумағында заң күшіне ие, бірақ басқа жерлерде, мысалы Башқұртстанда, бұның күші жоқ.


Унитарлы мемлекеттің белгілері


Бірінғай заңдар, бірінғай конституция. Қазақстан Республикасы аумағында толық күшке ие заңдар бар. Бұл заңдар бүткіл ел аумағында күшіне ие, Атырауда күшке ие, Талдықорғанда күші жоқ заңдар бізде жоқ!


Федеративті мемлекеттерде бұлай емес.


Бірінғай мемлекеттік тіл. Қазақстан аумағында ресми тіл бұл қазақ тілі. Орыс тілі көмекші тіл. Басқа мемлекеттерде де бұндай бар.


Бірінғай басшылық. Унитарлы мемлекетте бір ғана басшылық бар, мысалы Қазақстан Республикасында бір жоғарғы сот бар, бір парламент бар, бір президент бар.


Әлемдегі унитарлы мемлкеттер картасы


Унитарлы мемлекеттер


Осы картада унитарлы мемлекеттер көк түспен, ал федеративті мемлекеттер қоңыр түспен боялған.

Пән: География