Назарбаев қазақстандық толеранттықты сақтауды сұрады — Ел жаңалықтары

0

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жастарды барлық халық пен конфессиялардың құқығын құрметтеуге шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Қазақстанда этностардың көп болуына байланысты тату-тәтті өмір сүріп, бір-бірін құрметтеп, шыдаммен қарайтыны үшін бізді бүкіл әлем құрметтейді деп айттым. Сондықтан да дәстүрлі әлемдік діндер съезін өткізудің жалғыз орны — Қазақстан. Басқа жер жоқ. Қазақстан — мәмілеге келетін орын, осындай игі алаң», — деді Президент Жастар жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Ол 17 конфессияның өкілдері Қазақстанда өз діни ғимараттарын орнатқанын еске салды.

«Бізде еркін жүреді, ал басқа жерлерде ол үшін өлтіріледі. Бір-бірімізді сақтауымыз керек. Біз өз еліміздің патриоты болуымыз керек, бірақ басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуіміз тиіс. Өркендеу сонда болады», — деді ол.

Оның айтуынша, қойылған міндеттерді іске асырудағы ерекше рөлі «Нұр Отан»партиясына жүктелген.

Қолданыстағы жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыра отырып, партия барлық бағыт бойынша жастар саясатының драйверіне айналуы тиіс. Оның мүмкіндігі де бар — «Жас Отан» жастар қанаты. Көмектесе де алады және қаржылай қолдау білдіре де алады. Біздің басты формула — көпэтникалық халық шарты бойынша халықтың бірлігі мен этносаралық келісімді сақтау. Ассамблея егемен Қазақстанның құндылықтарын ілгерілету, бірлікті нығайтудағы ұрпақтар сабақтастығы жөніндегі нақты бағдарламаны қалыптастыруы тиіс. Барлығымыздың бір ғана Отанымыз бар», — деп атап өтті Президент.

Еске салайық, 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Осы шара елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыруға бастау болмақ.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz