Тілашар 1сынып

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 1 сынып

Тақырыбы: Тілашар мерекесіМақсаты: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту. Ата – аналарымен бірге мерекелік көңіл-күй арқылы оқуға, білімге деген қызығушылығын арттыру.І. Ұйымдастыру кезеңі.Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Тойымызға қош келдіңіздер! Күні кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарының сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Балаларыңыздың алғашқы! Бірінші сынып оқушылары (7 оқушы) ортаға шығады. Әр оқушы өлеңін оқып, әріптерін ашып отырады.1-оқушы: Жетіге толдым биыл менОқушы болып киінемАрқама сөмке асынаМектепке барам асыға! (Т әріпін көтереді)2-оқушы:Мәпелеп үйде ата-анамызМектепте ұстаз, мұғалімКелешек өмір гүлімізБілгіңіз келсе дұрыстап (І әріпін көтереді)3-оқушы:Ұстатпа мені басқаға Есейдім, жеті жастамынҚош айтым қуыршаққа Мектепке жолды бастадымәріпін көтереді)4-оқушы:Бой алдырар селтеңгеМен емеспін еркең деОқушы болам зейіндіӨнерге, іске биімдіәріпін көтереді)5-оқушы:Ойыншық қалды жайына Әліппе болды көңілде.Көңілім жоқ ойынғаСезінем үлкен өзімді (Ш әріпін көтереді)6-оқушы: Тану үшін бабаңдыТану үшін анаңдыТану үшін ғаламдыМектеп керек адамғаәріпін көтереді)

7-оқушы: Оқушыңын мойнынаАқ жағасы жарасарКел, келіңіз тойымызғаТойымның атыТілашар (Р әріпін көтереді)

Мұғалім: «Той», — деп бүгін көңіл шіркін тасады,Ән менен күй көңіл сырын ашады.«Той» — деп келген қонақтарға мың рахмет,Шәкірттерім жырдан шашу шашады.1-оқушы Мектеп — білім ордасы,Мектеп — қамқор анашым.Оқып білім аламын,Өнерпаз болып өсетінМен оқушы боламын.2-оқушы Кешегі сәби балаңыз,Жарады міне қараңыз.Ғылым, білім жолына,Енді қайық саламыз.3-оқушыАлты жасқа жеткенім,Еркеліктен кеткенім,Кітабымды қолтықтап,Мектебіме беттедім.

4-оқушыБіз бақытты баламызҚағаз, қалам аламыз.Ұстазымыз үйреткен,Әріптерді саламыз.5-оқушы Сәлем саған мектебім,Сәлем білім ордасы. Жасыл бақты көктемім,Жастық шақтың жолдасы. Мұғалім: Сіздерге білім нәрін себетін барлық ұстаздардың құрметіне «Ұстазым» әні. Орындайтын: Хор(«Ұстазым» әні.)Мұғалім: Биылғы 1-сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытылуда. Жаңартылған білім мазмұны «мектепте не үшін оқу керек?» деген сұрақ аясында болып, күтілетін нәтижеге және бала бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған және жаратылыстану атты жаңа пән енгізілген. Олай болса, жаратылыстану пәніне қатысты жұмбақтар шешейік. «Кім тапқыр?» Жұмбақ шешу.(О), (Т), (А), (Н) әріптеріОспан да өлең жаттады,Олжас та өлең жаттады.Қай әріптен басталғанЕкеуіннің аттары? (О)Қатар тұрған қос қазықҚол ұстасып достасып. (Н)Сауысқанды, сағыздыСарымсақты, сәбіздіБастап тұрған қай әріп (С)Тау мен тастың алдында. (Т)Асқар, Асхат, Асанға,Атасы айтты АқанғаАмбарды аш, арпа шаш,Арпа шаш, аш құстарғаҚайсы әріп көп айтылды,Тез айтып бер ұсталма?! (А)Үйде сүтті қоймайды,Өз құйрығын өзі қуып ойнайды. (мысық)7. Аласа ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар. (қой)8. Аяғы жоқ жүреді, Сылқсылқ күледі. (су)9. Қашаудай мықты тұмсығым,Бәсеке тігем, бұл шыным.Құрт, қоңыз аулап, жарысам,Орман дәрігері боп табылам. (тоқылдақ)Би: « Вальс ». Мұғалім: Елбасымыз 2007 жылғы кезекті халыққа Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» атты мәдени жобасын ұсынды. Бұл «мемлекеттік тіл — қазақ тілін дамытамыз, ұлтаралық қарым — қатынас тілі – орыс тілін қолдаймыз, жаһандық тіл — ағылшын тілін үйренеміз» идеясына негізделген. «Үш тұғырлы тіл» саясаты – елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі. Осы идея аясында жаңартылған білім мазмұны негізінде биылғы 1-сынып оқушылары үш тілде қатар оқытылуда. Қане, осы тілдерді балалардың ағылшынша,орысша хоры

Оқушы :Бабамыздың тілі деп,Даламыздың үні деп,Туған елдің тілі деп,Туған жердің тілі деп,Қазақ тілін, қазақ тілін сүйеміз.

Оқушы :Ана тілің біліп қой,Бостандығың, теңдігің.Ана тілің біліп қой,Мақтанышың, елдігің. :Айтатын жас — кәріміз,Аяулы жыр, әніміз,Аялайтын бәріміз,Ана тілі – арымыз.Мұғалім: Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты, Ақыл-ойын әлемнің өрбеп апты. Математика – ғылымдар патшасы деп, Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты қуса. Елімнің болашағы гүлденеді, Ғылымның шамшырағы жанып тұрса,- дей келе, математика пәні бойынша алған білімдерін салайық. Ол үшін, ұяшықты таңдайық. Таңдаған ұяшықтағы есептерді шығара білу қажет.

1.Бұтақта өсті 5 алма, Оның алдым үшеуін, Қалды сонда нешеуі? (2)2.Ағашқа қонды 10 торғай, Ұшып кетті төртеуі, Қалды сонда нешеуі?3.Ыдыста тұрды 10 кәмпит, Біреуін бердім ініме, Қалды сонда нешеуі?( 9)4. Көлден ұшты 7 қаз, Қайта қонды бесеу, Қонбады көлге нешеуі?(2)5. 10 асықтың екеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады? (8)6.Табақта он өрік, Қолыңда 5 өрік. Қосқанда барлығын, Болады неше өрік? (15)Мұғалім: Мектепбілім ошағы болса, Ыбырай атамыз айтқандай, мектептің жүрегімұғалім. Батырды да, дананы да туған ана десек, сол батырды да, дананы да тәрбиелеген ұстаз дер едім. Ұстазұлы есім. Ең алдымен, қолыңнан жетектеп жол сілтейтін ұстаз емес пе? Олай болса, ұстаздарға арналған жыр шумақтарына кезек берейік. Оқушы : Көзге ыстық партасы,Оқулығы картасы,Оқу қызық болғаны,Мұғалімнің арқасы.Оқушы: Біздермен ойнап күледі,Сырымызды біледі.Қасымызда қашандаҚамқор болып жүредіВальс:Флешмок биіМұғалім: Женгис Расул орындауында Лондон Париж әні қабыл алыңыздар!Мұғалім: «Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман», — деп Елбасымыз айтқандай, қазіргі оқушының алдында тұрған мақсат — алған білімдерін пайдаға асырып, өз бетінше әрекет ете алатын жеке тұлға болу. Ал біздің балаларымызға өмірге қажетті білімдерін толық меңгеруге көмектесетін тағы бір достары бар. Олардың кімдер екенін білгіңіз келсе, келесі көрініске назар аударайық.«Оқушының достары» көрінісі Кітап :Елімізде атақты,Ғалым ата не тапты?Бәрін, бәрін білесің,Оқи берсең кітапты.Бор:Менің атымақ қалам,Бормын деп те мақтанам.Жақсы білсең сабақты, Кездесейік тақтадан.Сабақты егер білмесең,Мен айтайын расын.Бор-бор болып күнде сен.Төмен қарап тұрасың.

Күнделік Білімділік айнасы,Қолыңдағы күнделік.Тиеді көп пайдасы.Жүремін саған күнде еріп.Алып қалсаң екілік,Ұяламын сен үшін.Бестік алсаң желпініп,Қуаамын сен үшін.ДәптерМен дәптермін, балалар,Ел құрметтеп бағалар.Сақтап әрқашан тазалық,Тап-таза қып жазалық.ӨшіргішӨшіргішпіноқу құралы,Қатеңді түзеп тұрамын.Дәптерді қолмен тырналап,Былғама оны жұлмалап.Мен тазалық сақшысы,Қатесіз жазған жақсысы. Қалам:Құтты болсын қадамың,Мен боламын қаламың.Жаңа келген мектепкеМен де өзіңдей боламын.Биік білім шыңынаӨзіңмен бірге барамын.Мұғалім: Биыл елімізде үлкен мереке. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толып отыр. 1991 жылдың 16 желтоқсаны – қазақ елі үшін тарихи ұлы күн. Тәуелсіздік –ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан, біз үшін, тәуелсіздік – ең басты құндылық, ең қадірлі күш. Оқушы :Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,27 жасың құтты болсын нұр елім!27 жылда шықтың талай белеске,Қазақстанжасай берші гүл елім! Оқушы :Туған жерді сүю – парыз,Сүю үшін білу – парыз,Қасиетін ұғу – парыз,Күзетіне тұру – парыз.Оқушы :Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,Мықты болсын елімнің керегесі.Тату-тәтті боп әрқашан халқымыз,Кетпесін туған жердің берекесі. Мұғалім: Женгис Расул орындауында Лондон Париж әні қабыл алыңыздар!Ойын ата-аналармен. Алғаш мектеп есігін ашқан бүлдіршіндердің тағы ұстазы әрі досы бар, ол – ата-ана. Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім алуына ықпал ететін – ұстаз болса, сүйеушісі — ата-ана. Білім алуына көмектесіп, жүйелі білім алуына жағдай жасап отырған ата-аналарымызға үлкен алғыс айта отырып, ізгі тілектерін білдіруге ортаға шақырамыз.(ата-аналар сөйлейді) Қорытынды .Мұғалім: Мектеп деген киелі ұғым, ғажап ат, Тынысы мен тіршілігі ғаламат. Бала шақтан болашаққа ұмтылған, Түлеп ұшты талай-талай азамат,- дей отырып, мектеп тәрізді үлкен кемеде әлі де 11 жыл білім алатын балаларымыздың оқушы антын қабыл алыңыздар. Бәрі: Ер жетеміз, өсеміз,Елге қызмет етеміз.Мұғалімнің айтқанын,Мықтап миға тоқимыз.Сөз береміз сіздергеКілең беске оқимыз.Мұғалім: Мектебің – алтын ұяң жарқыраған,Ұстазың — бұлақ көзі сарқыраған.Шыңдалып, шыңға қарай қанат қағып, Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған! – дей отырып, балаларымыз оқушы атына лайықты болып, ата-аналарын, ұстаздарын, құрбы – құрдастарын сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек болар деген сеніммен, ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.