Тігістің түрлері, қол тігістері, тігін машинасы, технология

0

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Қандыағаш қаласы, №4 орта мектебінің
технология және сызу пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қол жұмыстары, тігістерінің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: Қол тігістерінің түрлерімен таныстыру, үйрету, тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру.
ә) Дамытушылық мақсаты: тігіс түрлерін тұрмыста қолдана білуге, тиімді пайдалануға үйрету.
б) Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу.
ІІІ. Еңбек нысаны: түсіндірме, сарамандық оқыту,
ІҮ. Сабақтың түрі: аралас
Ү. Сабақтың көрнекілігі, керекті құрал — жабдықтар: бүктеме, оқулық, ине, қайшы, жіп, мата, өлшеуіш таспа
ҮІ. Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, математика, әдебиет
ҮІІ. Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Топтастыру (Қол жұмысында қолданылатын құрал — жабдықтар)
а) Бізді, оймақты не үшін қолданамыз?
ә) Ине не үшін қажет және оның неше түрі бар?
б) Қайшы неден жасалады және оның неше түрі бар?
в) Өлшеуіш лента, бор не үшін қажет?

3. Жаңа сабақты түсіндіру
Киім бөліктерін біріктіру және қиындыларын өңдеу үшін жіппен тігу, желімдеу, балқытып біріктіру әдістері қолданылады.
Тігіс орындалуына байланысты қол тігіс және машина тігістері болып бөлінеді. Қолмен тігілген тігістер тұрақты, уақытша, жай және күрделі болып бөлінеді. Бұйымдарды қолмен тігу кезінде тігістің бес түрі пайдаланылады: түзу, қиғаш, айқасталған, торламалы, қайып тігу.
Түзу тігістер құрылымына байланысты ең жай тігіс, олар бос, тез сөгілетін тігіс болып саналады. Түзу тігістерге түзу көктеу тігіс және көшірме тігіс жатады. Түзу көктеу тігістер бұйымдардың бөліктерін уақытша қосу үшін, машинамен тігу алдында қолданылады.
. Түзу тігістерді тігу үшін инені қиғаштай ұстап матаны үстінен астына жаншиды, сәл алдыға қозғап инені матаның үстіне қайта шығару керек. Көктеп тіккенде инені тігілетін бұйымның бетіне кезек — кезек өткізеді Сонда тігістің жіптері екі бетте де үзік — үзік болып көрініп тұрады.
Көшірме тігіс сызықтарды бір жақтан екінші жаққа көшіру үшін қолданылады. Үлгінің әрбір бөлігінің контур сызықтары бойымен, енін 0, 5 — 0, 7 см етіп ілмектеп шығады, содан кейін бөлікті ажыратып, олардың арасындағы жіпті қайшымен абайлап қияды.
Қиғаш тігістерге қиғаш көктеу, шетін ала тігу, бүгіп жапсыру тігістері жатады. Шетін ала тігу. Қолмен тіккенде жіпті тартпай, матаның шетін инемен шаншып солдан оңға қарай тігеді. Жіпті бос тастай, жиі тігу керек. Бүгіп жапсыру. Матаны ішіне қарай қайырып, шетін сәл бүгеді, ине үстіңгі матаның бір жібінен өтіп, одан арй қарай қайырманың ішінен өткізіледі. Инені жиі, арасына 2 — 3 мм қалдыра шаншу керек.
Киім тігуде көйлек пен белдемшенің етегі, шалбардың балағы, жағаның қиындысы айқасталған тігіспен жапсырылады. Бұл жерде көбіне тігіншілер бұйым тігісін жатқызу мақсатында, яғни қырын шығару мақсатында қолданады. Айқас тігуде инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Айқасталған тігіс солдан оңға қарай тігіледі. Инені матаның ішкі жағының 2 — 3 жібінен өткізеді, оны өзіне қарай қайырып тастап, инені матаның оң жақ беті бойынша қиғашынан, оң жақтағы бірінші қатарға тік түйрейді. Одан соң бір жақтағы тігіс екінші жақтағы екі қабат тігісінің ортасына түсу үшін мата жібінің жоғарыдағыдай мөлшерін (2 — 3 жіп) түйреп алады, тігіс аралықтары 0, 5 — 0, 7 см.
Торламалы тігіс – күрделі тігіс болып саналады. Негізінен торлауға және сетінегіш матаның жиегін тігуге қолданылады. Тігіс оңнан солға қарай тігіледі.
Қайып тігу әрі беріктік, әрі әдемілік үшін қолданады. Бұл тігістің бет жағы кәдімгі тігін машинасының тігісі тәрізді тізіліп түседі. Егер машинамен тігу мүмкін болмаса қайып тігу әдісі қолданылады.
Қолмен іс тігушінің негізгі құралары: ине, қайшы, үлгі, оймақ.

4. Сарамандық жұмыс технологиясы
Қауіпсіздік ережесі.
Технология пәні ептілікті, икемділікті, шеберлікті қажет етеді. Әр істі бастар алдында халық мәтелін есте ұстаған жөн. «Талаппен бастап, талғаммен аяқта» осы мақалда үлкен мән — мағына бар.

ҮІІІ. Бекіту сұрақтары:
1. Тігіс орындалуына байланысты нешеге бөлінеді?
2. Қол тігісінің неше түрі бар?
3. Қай тігіс кестеде көп қолданылады?
4. Қайып тігу не үшін қолданылады?
ІХ. Сабақты қорытындылау.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!