Технологиядан сабақ жоспары, 5 сынып технология, кесте тігу

0

Қостанай облысы,
Амангелді ауданы, Байғабыл ауыл.
Технология пәні мұғалімі
Газезова Ботагул Зияденовна

Технология 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Әшекейлі тігістермен безендірілген, кестеленген шағын сумка қалташа.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға әшекейлі тігіс түрлері туралытүсінік беру. Моншақ, кестенің тігілуі жайлы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: оқушыларды кесте тігіс жұмыстары арқылы ісмерлікке, шеберлік қабілетін және ой — өрісін дамыту;
Тәрбиелік: кесте тігу өнерін үйрету барысында оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке, көркемділікке, шеберлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, СТО стратегиялары, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты тігіс түрлерінің суреті А4 форматтар, карточкалар, компьютер, тігілген кесте түрлері
Қажетті құрал — жабдықтар: құрым, ине, жіп, қайшы, моншақтар т. б.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
— Сәлеметсіздер ме?!
— Балалар, біз сіздермен осы уақытқа дейін қол тігістерінің түрлерімен таныс болдық, кәне үйге берілген тапсырма ине қыыстырғыш жастықша дайындап келу болатын. Үй жұмысын көрсетейік.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы әшекейлі тігістермен безендірілген, кестеленген шағын сумка қалташа дайындау үшін «кесте тігу патшалығына саяхат жасау». Жол жүрер алдында біз жүгімізді салып дайындаламыз, қайда барып, не істейтінімізді болжаймыз. Кез — келген саяхатта жаңа кедергілер, қызықты жағдайлар кездеседі. Барлық жағдайда біздің біліміміз көмектеседі деп ойлаймын.
Бүгінгі саяхаттың мақсаты: Кесте тігу патшалығында моншақпен кестелеу және жөрмеу тігісі жайлы білімдерін қалыптастыру

II Негізгі бөлім.
Саяхатқа аттанбас бұрын екі топқа бөлінеміз, топтардың атын белгілейік, ол үшін кесте тігістердің атын берейік. Менің қолымдағы кеспеден атымызды таңдап аламыз.
I топ — «моншақ кесте» II топ -«жөрмеу»
— Балалар, қараңыздар. Ал міне кедергі де кездесті. Сондықтан әрбір аялдамадан тапсырмаларды орындап отырамыз. Кедергілерді жеңе отырып, саяхатымызды жалғастырамыз.

1 — аялдама: «Ой шақыру»
Кесте тігістерінің шығу тарихы.
(Екі оқушы кестенің шығу тарихын айтып береді).

2 — аялдама: «Моншақ кестемен жөрмеу тігісі туралы мағлұмат алу»
Жөрмеу
Ең көне тігіс. Тігілген жіптің сирек және жиі шаншылуына байланысты әртүрлі атаулары бар: жай жөрмеу, жиі жөрмеу, ендіріп жөрмеу, әдіп жөрмеу, түйіп жөрмеу.
Моншақтап кестелеу
Әйелдердің бас киімдеріне, тақия, сәукеле, өңірі, қол дорба қамзолдар және сән — салтанатты киімдерді ғана маржандап, моншақтап кестеленеді.

3 — аялдама. Кесте тігу өнері туралы бейне фильм көру

4 — аялдама. Сергіту сәті.
1. Жеті рет өлшеп_______________________
2. Көз қорқақ___________________________
3. Ата көрген___________________________
Шеше көрген_________________________
4. Қыз еркем____________________________
5. Кестенің сыры_________________________
6. Бүгінгі істі ____________________________

5 — аялдама. Сарамандық жұмыс «тігістерді үйренейік»
Кесте тігуге қажетті құрал — жабдықтар

Қауіпсіздік ережелері
Инемен және түйреуішпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі. Графикалық диктант
1. Қолыңа ине шаншып алмау үшін оймақпен тігу керек
2. Жастықтағы ине мен түйреуіштің санын білу керек.
3. Тот басқан инемен тігуге болмайды
4. Сынған иненің қалдықтарын мұғалімге беру керек
5. Үтікті токта караусыз калдыр ма?
6. Тігілген бұйымды өлшер кезде ине, түйреуіштің қалған қалмағанын тексеру
7. Жұмыс кезінде инені, түйреуішті жастыққа шаншу керек, киімге, пердеге шаншымау керек.

Сарамандық жұмыс.
1. Түс үйлесімін дұрыс таба білу керек.
2. Тігістердің көлемі бірдей болу керек
3. Моншақтар саны тең болу.
4. Жұмысты таза, ұқыпты орындау керек.

III Қорытынды.
Бағалау. Рефлексті кезең.
Әр оқушы келесі сұрақтарға жауап бере отырып, өз жұмысын қорытындылайды:
1. Бүгінгі саяхатта қиыншылықтар кездесті ме?
2. Осы саяхат сен үшін маңызды болды ма?
3. Сабақ несімен қызықтырды?
Бағалау: формативті бағалау (бармақпен)
Үйге тапсырма: кесте тігістерін тігіп үйрену.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!