Технологиядан ашық сабақ жоспары, оригами өнері, ғажайып гүлдер

0
174

Сабақтың тақырыбы: Ғажайып гүлдер (оригами техникасы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: өтілген тақырыптарды пысықтап, жаңа сабақты меңгерту;
Дамытушылығы: қыздардың іскерлік қабілетін арттыру, шығармашылық ой – өрісін кенейту, эстетикалық талғамдарының деңгейін көтеру;
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, тірек сызба, топтастыру, практикалық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, үлгілер, гүлдер, мата, ине – жіп, графопроектор немесе интерактивті тақта.
Сабақтың байланысы: өмірмен, экология, сызу, математика, әдебиет.

Сабақтың барысы:
Оқушылар бес орталық бойынша жұмыс жүргізеді.
1. Еңбек орталығы
2. Пікір алмасу орталығы
3. Ғылым орталығы
4. Шығармашылық орталығы
5. Сен білесің бе? Орталығы

1. Еңбек орталығы
Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу
ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
б) Оқушылардың ынтымақтастық шеңберін құру, топтастыру

2. Пікір алмасу орталығы
Ой қозғау (нені білеміз?)
Технология пәнін анықтамасы қандай?
Технология сабақтарында қандай тақырыптар мен таныстық?
Қол жұмыстарын орындағанда қандай ТҚЕ сақтаймыз?
Гүл туралы не білеміз?

3. Ғылым орталығы
Жаңа сабақ.
Іздену (нені білгіміз келеді?)———– жаңа өнер түрін
Оригами орындау технологиясын
Гүлдерді орындау тәсілдер

Неміс халқының ұлы ақыны И. Гетенің «Біліп ғана қою – аз, сол білгеніңді істе қолдана білуін керек, ниеттену ғана – аз, сол ниетіңді іске асыруын керек» деген сөзін еске түсіріп, бүгінгі сабақта қол өнердің бір түрімен танысамыз және матадан керемет гүлдер жасауға үйренеміз.
Бұл гүлдермен киім үлгілерін сәнденуге, үй интерьерін әсемдеуге, мерекелік дастарханды көркемдеуге болады.
Бұл техника жопондық Оригами өнермен ұқсас. Оригами – қағаздардан әр түрлі кішігірім заттарды бүктей әдісімен жасау өнері.
Гүлдерді жасау қиын емес. Аз уақыт және күш жұмсалып, керемет гүлдер жасауға болады. (слайдтар шолуы)
Арнайы құралдар қажет емес. Бұл өнерде негізгі құрал «қолдар». Жұмыс нәтижесіне әрине қөңіл – күй әсер етеді.
Керекті құралдар мен материалдарға назар аударамыз. (слайдтар)
Бірінші әрекет – контраст түстес маталарды таңдау. Табиғат ғажайыбына сүйене отырып, гүл жасауға кересіміз.

Технологиялық тізбек
1. Шаблондар даярлау, таңдау.
2. Матадан (екі түстен) шаблон бойынша бөлшектер пішу.
3. Бөлшектерді (модульді) тігу. Біріктіру тігістің ені 0, 7 см.
4. Арнайы сызбалар арқылы модульді бүктеп, гүлді жасау.

Жұмыс барысында шартты белгілер қолданылады: бүктеу сызығы, бүктеу сызығы, жұмысты аудару, модульдің ортасы және тағы басқасы. ТҚЕ ескерту.
Гүл нұсқасын орындау.(слайд)
Сергіту сәт.

4. Шығармашылық орталығы.
Дәптермен жұмыс жасау.
Сарамандық жұмыс жасау. Жұмыс топ бойынша және жеке әдіспен ұйымдастырылады. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс нәтижесін көрсету керек.

5«Сен білесің бе?» орталығы.
Сабақты бекіту.
Бүгін біз қандау өнермен таныстық?
Не жасай біле алдық?
Керемет гүлдерді жасауға не қажет?

Сабақты қорытындылау. Бес сұрақ арқылы бір шумақ өлең шығару.
1. НЕ?
2. ҚАҢДАЙ?
3. НЕДЕН?
4. НЕ ІСТЕЙМІЗ?
5. ИДЕЯ: Ғажайып гүлдер.
Оқушыларды бағдарлау.
Үй тапсырмасы: Гүлдердің басқа түрлерін жасау.

Тест сұрақтары
1. Өлшемдер немен алынады?
А. таспамен
Ә. баумен
Б. жіппен

2Жартылай жазылатын өлшем:
А. айналым
Ә. ұзындық
Б. ең өлшемі

3. Өсімдік және жануарлар талшығы мына талшық түрлеріне жатады:
А. синтетикалық
Ә. табиғи
Б. химиялық

4. Жүн мата түрлерін тап
А. бөз, шыт, сәтін, фланель
Ә. габардин. кашемир, драп, шұға
Б. атлас, барқыт, крепдешин, шифон

5. Жібек құрты дамуының төрт сатысының реттілігі:
А. көбелек, қуыршақ, жұлдыз құрт, жұмыртқа
Ә. жұлдызқұрт, көбелек, қуыршақ, жұмыртқа
Б. жұмыртқа, жұлдызқұрт, қуыршақ, көбелек

6. Иненің жуан бөлігін не дейді?
А. көз
Ә. колба
Б. науаша

7. Үлгісіз киім тігуге бола ма?
А. үлгісіз қиып
Ә. болмайды
Б. болады

8. Қай елдің ұлттық киім үлгісінде ер адамдар белдемше киеді?
А. Австрия
Ә. Шотландия
Б. Норвегия

9. Орындық пен тігін машинасының арақашықтығы қанша сантиметр болуы керек?
А. 10 – 15см
Ә. 5 – 7см
Б. 20 – 25см

10. Белдемшенің ұзындығы қай ғасырдан бастап өзгере бастады?
А. ІХ ғасыр
Ә. ХХ ғасыр
Б. ХІ ғасыр

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!