Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті. Графикалық құрылым

0
109

Сабақтың тақырыбы: Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті. Графикалық құрылым.

Сабақтың мақсаты: Нарықтық тепе – теңдік, тепе – тең баға, сұраныс бағасы, ұсыныс тапшылық, артылып қалу ұғымдарын қолдана білуге үйрету.
Білімділігі: Тауарлы нарықта игіліктің артылып қалу және жетіспеу себебін, олардың баға тағайындауда ықпалын түсіндіру.
Дамытушылығы: Сұраныс пен ұсыныс шамасын, нарықтық тепе – теңдік параметрлерін анықтау бойынша берілген тапсырмаларды шешіп, графикалық тұрғыдан бейнелеу ісіне үйрету.
Тәрбиелігі: Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру жолдарын қарапайым өмірде жобалай білуге үйрету.

Көрнекілігі: Сұраныс пен ұсыныс кестелері.
Сабақтың түрі: Аралас сарамандық
Сабақтың өтілуі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, көрнекілікпен және дәптермен жұмыс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына, оқушылардың оқу құралдарының түгелдігіне назар аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау сұрақтары:
1. Сұраныс. Сұраныс шамасы. Сұраныс заңы.
2. Ұсыныс. Ұсыныс шамасы. Ұсыныс заңы.
3. Сұраныс кестесі. / мысал/
4. Ұсыныс кестесі. / мысал/

ІІІ. Жаңа сабақ. Нарық тепе – теңдігі.
Нарықта сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетке түсуі нәтижесінде сатып алушылар мен сатушылар мүддесі қалай теңесетіндігін түсіну үшін шабдалы шырынына сұраныс пен ұсыныс мәліметтерін бір кестеге келтірейік.

Кестедегі мәліметтерге сүйене отырып 100 теңге мен 130 теңге аралығында құбылып тұратын баға сатып алушылардың тілегіне сай болғанымен сатушылар үшін тиімсіз екендігін тұжырымдауға болады. (Тауар тапшылығы)

Бағаның деңгейі жоғары болған сайын (150 – 200) сатушылар нарыққа сол ғұрлым көп тауар шығарады, алайда бұл баға ендігі жерде сатып алушылардың көңілінен шыға бермейді. (Шамадан тыс тауар)

Баға 140 теңге / л болғанда сатушылар мен сатып алушылар мүддесі теңеседі. Сатушылар нарыққа шығарған бүкіл тауарды тұтынушылар алып кетеді. (Сұраныс шамасы Ұсыныс шамасына тең)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!