Сөздердің ағылшынша оқылуы транскрипцияның көмегімен

0
820

Ағылшын тілінде, қазақ пен орыс тілдеріндегідей әрбір әріп бір дыбысқа ие емес. Мысалы cat сөзі кәт деп оқылады, ал nice сөзі найс деп оқылады. С әрпі екі жерде екі түрлі боп оқылады. Бұны ұмытпаңыз!


Сөздердің ағылшынша оқылуы транскрипция арқылы жүзеге асырылады. Алдымен мына видеода ағылшын алфавитіндегі әріптерінің оқылуын тыңданыз:



Ағылшынша транскрипция арқылы оқу, транскрипция деген не?


Ағылшынша сөздерді транскрипция арқылы оқи аламыз, сөздердің транскрипциясы екі тік жақшаның арасында жазылады, мысалы cat сөзінің транскрипциясы – [ kæt ], k – қазақша к деп оқылады, æ – қазақша ә-ге ұқсас оқылады ал t – қазақша т боп оқылады. Транскрипция дегеніміз осы.


Транскрипцияда кездесетің символдардың оқылуын мына видеодан көре аласыз:



Ағылшын транскрипциясында әрбір символ, тек бір ғана дыбысқа ие болады.


Ал ағылшынша сөздерді сөздік арқылы таба аласыз, мысалы біздің ағышынша сөздігімізде.

Пән: Ағылшын тілі