Мектепке дейінгі ұйымда қазақ тілі оқу қызметінде криотерапия элементтерін қолданудың маңызы

0









Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымда қазақ тілі оқу қызметінде криотерапия элементтерін қолданудың маңызы

Автор: Курамысова Жансая Адилгалиевна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Мақала Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-27


Материал туралы қысқаша түсінік

Қазақ тілі оқу қызметінде жаңа технологияларды қолданудың тиімді жолдары. Соның ішінде криотерапия элементтерін қолданудың тиімділігі




Курамысова Жансая АдилгалиевнаМКҚК № 17 « Шұғыла» МДҰ Қазақ тілі мұғалімі

Тақырыбы: «Қазақ тілін оқытуда криотерапия элементтерін қолданудың маңыздылығы»

Мұқағали Мақатаев:Байқаймысың? байқаймысың?Мына ғажап тамашаны,Бір адамға байланысты,Бір адамның болашағы,Байыппенен көз жіберсең,Асау жылдар өрісіне,Бір адамға байланыстыБір адамның жеңісі де— Иә, қалай тауып айтқан десеңізші! Біздің көз алдымызда тәрбиеленіп жатқан сан мыңдаған ерекше білімді қажет ететін балаларымыздың болашағы, болашақ та оның дұрыс сөйлеп кетуі де тікелей ата-анасына және біздерге байланысты. Мысалы: векипедия ақпараттарына сүйенсек, атағы дүние жүзіне белгілі Селвестор Сталоне туылғанда тіл және жақ сүйектері сал болып туылған екен. Міне, оның болашағы осылай атақты болып ауруынан айығуы тікелей өзінің анасына және онымен үнемі жүйелі сабақ жүргізген логопеттерге де байланысты. Үнемі инклюзивтік білім саласында жұмыс жасайтын педагогтар қауымына өте ауыр және салмақты жауапкершілік жүктелген. Осы салмағы ауыр жүкті жеңілдету барысында көптеген жаңа технологияларды тауып оны қалдану жаңа заман талабаынан туындап отыр. Бүгін біздің сіздерге ұсынылып отырған тақырыбымыз дәстүрлі емес технологиялардың бірі: Қазақ тілін оқытуда криотерапия элементтерін қолданудың маңыздылығы қандай?»Заманауи білім талабы ұшқырлыққа жетелейді. Адам жақсыға ұмтылып, тәжірибеде шыңдалып, ерінбей еңбек еткенде ғана оң нәтижеге қол жеткізеді. Тақырыбымыздың өзегі болып отырған интелектісі сақталған балаларға қазақ тілін оқыту дамытудағы криотерапия элементтерін қолданудың маңызы жайлы сөз болмақ. Ерекше білімді қажет ететін балаларға қазақ тілін оқыту криотеррапия элементтерін қолдану не үшін керек? Ең алдымен баланың сабаққа деген ынтасын ояту үшін. Екінші: Қазақ тілінен алған білімдеріннің ұзақ сақталуы үшін. Сонымен қатар есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін. Күнделікті нұсқау сөздерді түсінуі үшін. Тағы с.сЕрекше білімді қажет ететін балаларды дамыту-түзету жұмыстарындағы ең басты мәселелер ата – аналарға да, педагогтарға да етене таныс. Бұндай балалар әлсіз, жүйке жүйесі қозғыш болып өседі. Олардың негізгі жүйке жүйесіне инерттық патология тән, қоршаған ортаға деген қызығушылығы, эмоционалдық-ерік сферасы деңгейі төмен. Сондықтан олар айналасындағылармен етене араласуды уөп қажет етпейді. Күнделікті қолданылатын қарапайым нұсқау сөздерді түсіне бермейді. Бұл аталған балалардың дамуындағы қиындықтарды түзету әдістемесін таңдау өз алдына қосымшаи қиындықтар туындатады. Сондықтан осы қиындықтарды ескере отырып, біз дәстүрлі емес технология – криотерапияны таңдадық. Криотерапия – заманауи, дәстүрлі емес, түзету педагогикасындағы технологияның бірі. Бұл технологияға мұзды пайдалану арқылы ойналатын ойындар кіреді.белгілі бір көлемде салқынның жүйке жүйесіне әсер етуі оң нәтиже береді. Салқынның әсер етуі тамырлардың қозғалыс жүйесіне өзгеріс енгізеді. Салқыннан бұлшық ет жиырылады, ал жылыдан жазылады. Осы процесс арқылы қан айналымы жүйеге келеді, ол өз кезегінде ми қыртысына тікелей белгі береді. Осының әсерінен қимыл-қозғалыс аппаратының жақсы дамуына әсер етеді. Сонымен қатар, бұл адам ағзасының сауығуына, ұсақ қол моторикасының қалпына келіп жақсы дамуына және көркем дағдыларының дамуына, сөйлеу дағдыларының дамуына оң нәтиже береді. Балаларды мұзбен ойнатуды ұйымдастыруда алдымызға төмендегідей мақсаттар қойдық:

  • Эмоционалдық жүйесін ретке келтіру;
  • Психоэмоционалдық және физикалық шиеленістен шығару;
  • Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
  • Белсенді және енжар сөздік қорларын толықтыру және кеңейту;
  • Сенсорлық-перциптивтік сферасын қалыпқа келтіру;
  • Импрессивті және экспрессивті сөйлеу дағдыларды дамыту.

Көздеп отырған технологиямыз қол жетімді. Арнайы құралдарды қажет етпейді. Қарапайым мұз кесектерімен жүзеге асады. Өзіндік талаптары бар. Айына екі рет. 1 — 2 күннен. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 5 — 8 секундтан — 1 минутқа дейін. 3 кезеңнен тұрады.1- кезеңде төрт деңгейлі ойындар қолданылады.1 — деңгейлі ойындар: «Әріптерді тап» — Мұздың ішінен әріптерді табады т.б (5 — 8секунд).2 — деңгейлі ойындар: «Түстерді дұрыс орналастыр» 10 — 15 секунд3 — деңгейлі ойындар: «Суреттерді құрастыру» мазайка 25 — 30 секунд. 4 — деңгейлі ойындар: «Ғажайып қала салу» 30 — 60 секунд. 2 кезең – саусақтар гимнастикасыБұл кезеңде саусақтарға массаж жасау жатады. Содан кейін лексикалық тақырыпқа немесе кезекші дыбысқа байланысты педагогтың түзету жұмысында саусақ гимнастикасы жүргізіледі.3 кезең – тактильді сезудің дамуы. Бұл кезеңде тактильді сезінуді шыршы бүршігін, шарды уқалау, әр түрлі материалдан жасалған карточкаларды сипап-сезу арқылы дамытамыз.Жоғарыда айтылған кезеңдерден оң нәтиже алу үшін тағы да ерін айналасына жасалатын массаж жасауды қостық. Бұл сөйлеу тілінің дамуын оң нәтижесін береді.Криотерапия технологиясын қолдану барысында кері әсерлерді де ұмытпаған жөн. Миопатия мен эписиндромы бар балаларды бұл технологияны қолдануға болмайды. Ұзақ және жиі ауырып қалатын сонымен қатар гиперқозғыштық бар балаларға бұл технологияны да аса сақтықпен қолданған жөн. Қорытындылай келе бұл ойындар баланың жүйке –жүйесіне оң әсер етіп,көңіл –күйін, өмірге деген ынтасын көтереді,көптеген жарқын әсерлер қалдырады. Балалар ойын барысында алатын барлық білімдерін тез әрі оңай қабылдайды. Түзету жұмыстарының нәтижесінің өсуіне алып келеді.Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Ә.Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай. Жалпыбілімберетінмектептің 5- сыныбынаарналғаноқулық.2- басылымыөңделген.-Алматы: «Атамұра», 2005- 304 бет
  • С. Шаштығарина, Б.Асанбай«Ынтымақтастықоқытудағыкоммуникативтікдағдылардыжетілдіру жолдары» 2013,Ақтөбе қаласы.
  • Акименко В.М. Новые логопедические технологии 2-е изд., -Ростов-на-Дону: Феникс, 2009, -105с
  • Архипова Е. Ф. Логопедическая работа с детьми раннего возраста. -М.: Астрель, 2006, -223с.
  • Баранов А.Ю., Кидалов В.Н. Лечение холодом. – М.: Апрель, 2000. – 160с.
  • Дедюхина Г. В., Яньшина Т. А., Могучая Л. Д. Логопедический массаж и лечебная физкультура с детьми 3-5лет, страдающими детским церебральным параличом. Учебно — практическое пособие для логопедов и мед.работников.- М.: «Издательство ГНОМ и Д», 2000, -32с.
  • Семенова К.А., Степанченко О.В., Виноградова Л.И., Панченко И.И. Метод искусственной локальной гипотермии в коррекции дизартрии у детей с ДЦП // Дефектология, 2000, №6

Сұрақтар:

  • Жалпы логопат балаларды оқытуда криотерапия элементтерін қолдану тиімді ме?
  • Криотерапия элементтерін логопат балаларды оқытуда тиімсіз жақтары қандай?
  • Осы айтылған нәрселерді іс- тәжірибеде қолдану. «Қайық жүзгізу», «Мұзды допқа сурет салу», «Су асты әлемін көру»







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.