Серіппенің потенциалдық энергиясы

0
320

Серіппені қысқанда не ұзартқанда Гук заңына сәйкес серпімділік күші пайда болады. Серпімділік күші мына формуламен аңықталады:


F = k l, мұндағы k қатандылық коэффициенті деп аталатың шама, l ұзару не қысқару шамасы.


Серіппенің потенциалдық энергиясы серіппені қысқанда пайда болады, бұл энергия мына формуламен аңықталады:


Серіппенің потенциалдық энергиясы


Бұл суреттегі серіппенің бастапқы ұзындығы S+l ал серіппені қысқандағы ұзындығы S.


Серіппені ұзартқанда да дәл бұндай энергия серіппеде жинақталады. Бұл жағдайда серіппенің бастапқы ұзындығы S ал серіппенің ұзартылған ұзындығы S+l. Суреттегі формула да өз орнын өзгертпейді.


Есеп шығару


Серіппенің қатандылық коэффициенті 40 Н/м болса, серіппені он сантиметрге қысқанда серіппеде қанша потенциалдық энергия сақталады?


Формулаға сәйкес:


E = k*l2/2


E = 40*0,12/2 (10 сантиметр = 0,1 метр)


E = 40*0,01/2


E = 0,2 Дж.


Жауабы: E = 0,2 Джоуль.


Серіппенің қатандылық коэффициенті 100 Н/м болса, серіппені жиырма сантиметрге ұзартқанда серіппеде қанша энергия жинақталады?

Пән: Физика