Сансызбай Сарғасқаев, Шыбық, табиғатты аялау

0

Сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Жалпы мақсаттар: Білімділік: Сансызбай Сарғасқаевтың өмірімен, шығармаларымен тереңірек танысу. Мәтінді тереңірек түсініп оқуға, талдауға үйрену, мәтіндегі түйінді ойды ашу.
Дамытушылық: өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, сөздік қорларын, байланыстыра сөйлеулерін дамыту.
Тәрбиелік: шығарманың мазмұны бойынша еңбексүйгіштікке, достық қасиетті жоғалтпауға, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелену.
Түйінді ой: Еңбегің қатты болса, жегеннің тәтті болады
Стратегиялар: «Кластерлер», «Ой қозғау», «Бес ойшыл қалпақ», «Венн диаграммасы», «Постер», «Синквейн»
Көрнекіліктер: Автор портреті, ағаштар, жапырақтар, слайд, ағаш отырғызу суреті
Дереккөздер: С. Рахметова, Т. Әбдікәрім, Р. Базарбекова «Әдебиеттік оқу»; интернет ресурстар
Жақсылықова Г. И. Каженова А. М. Исмагилова Н. З «Интербелсенді әдіс — тәсілдер» әдістемелік құрал.
Оқу нәтижесі: — Мәтіндегі негізгі ойды меңгереді.
— Өз пікірлерін білдіру арқылы берілген тапсырмаларды орындайды
— Өз ойларын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізеді және талдай алады.

Сабақ барысы
I кезең
Қызығушылықты ояту
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылардың үй жұмысына қатысуын қадағалау.
Қорытындылау. Слайд арқылы қарлығаштың сұрақтарына жауап бергізу. 1. Жыланның әрекетін оқи отырып қандай сезімде болдыңдар?
2. Дәуіттің іс — әрекеті өзіңе қандай ой қалдырды?
3. Дәуіттей батылдық сендердің бойларыңда бар ма?
4. Өлеңнен қандай ой түйдіңдер?
Топқа бөлу

Формативті бағалау: Жақсы қатысқан оқушыларға ағаштар таратамын
Сергіту сәті: Ән тыңдату
II кезең
Мағынаны ажырату
1. Автор туралы «Кластерлер» жасату
2. Мәтінмен жұмыс:
Мәтінді өздері төрт топқа бөліп алады.( әр топтан бір оқушының қолына лента байлап қою)
3. Әр бөліктен түсінгендерін сұрау
4. Мәтінді қорытындылау «Алты ойшыл қалпақ» әдісі арқылы
Өмірмен байланыстыру. Мектептегі 1 — ші, 11 — ші сыныптар аллеясы туралы айту