Курстық жұмыс: География | Африканың тропикалық елдеріне экономикалық географиялық тұрғысы

0

Мазмұны

Кіріспе
1 Африканың тропикалық елдерінің физикалық-географиялық жағдайы
1.1 Географиялық орны, жер бедері мен климаты …………………………8-10
1.2 Халқы мен еңбек ресурстары ………………………………………………..10-12
1.3 Шаруашылығы және оның қазіргі жағдайы …………………………..12-13

2 Африканың тропикалық елдерінің экономикалық жағдайы
2.1 Африканың тропикалық елдеріндегі экономиканың дамуы …….14-16
2.2 Африканың тропикалық елдеріндегі туризмнің қазіргі
жай-күйі ………………………………………………………………………………………………16-19
2.3 Африканың тропикалық елдерінің сыртқы экономикалық байланыстары ………………………………………………………………………………19-20
Қорытынды………………………………………………………………………………………..21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………….…………………..……………………22

Қосымша ……………………………………………………………………………………………23-25
1 Африканың тропикалық елдерінің физикалық-географиялық жағдайы
1.1 Географиялық орны, жер бедері мен климаты

Африканың тропикалық елдері екі топқа жіктеледі. Олар:
Тропиктік Африка жалпы жер көлемі – 20 млн. км²-ден астам, халқы – 500 млн. адамды құрайды. Ірі аймақтың халқы негізінен экваторлық нәсілдік жататындықтан, Тропиктік Африканы «қара Африка» деп те атайды. Бірақ этникалық құрамы жағынан Тропиктік Африканың жеке бөліктерінің бір-бірінен күшті айырмашылықтары бар. Әр түрлі нәсілдер мен тіл әулеттері түйіскен жерде этникалық және саяси шекаралардың ең үлкен «ала шұбарлығы» пайда болған Батыс және Шығыс Африкада мұндай айырмашылықтар өте күрделі. Орталық және Оңтүстік Африканың халқы 600-ге жуық диалектісі бар, бірақ туыстығы жақын банту (бұл сөз «адамдар» дегенді білдіреді) әулеттінің көптеген тілдерде сөйлейді. Суахили тілі ерекше кең тараған. Ал Мадагаскардың халқы австронезия әулеттің тілдерінде сөйлейді. Австронезия тілдерінің өзіндік ерекшелігі географиялық атаулардан да байқалады. Африканист жазушы С. Кулик Мадагаскардағы елді мекендердің атауларын келтіреді: Амбинанибеанатсиндраву, Тратрамарананиндрангаронто, Марумиандрахимахавелона.
Тропиктік Африка аймағына 29 ел кіреді. Барлығының да экономикасы артта қалған елдер, тек Оңтүстік Африка Республикасы ғана қосарлы экономикалы ел болып табылады. Африка материгінің ең оңтүстік бөлігінде орналасқан ел.

1-кесте. Тропиктік Африка елдері
Елдер атауы Ауданы, мың
км² Демографиялық көрсеткіштері Мемлекеттік құрылымы Астанасы
Халық саны, млн адам Орташа жылдық табиғи өсім % Қала халқының үлесі %
Алжир 2382 32,8 2,4 49 Р Алжир
Египет 1002 74,7 2,0 44 Р Каир
Ливия 1760 5,5 2,5 86 Джамахирия Триполи
Мали 1240 11,6 3,1 26 Р Бамако
Нигер 1267 11,0 3 17 Р Ниамей
Нигерия 924 134,0 2,8 16 ФР Абуджа
Сенегал 197 10,6 2,8 41 Р Дакар
Ангола 1247 10,8 3 32 Р Луанда
Чад 1284 9,3 3,3 22 Р Нджамена
Заир 2345 56,6 3,2 29 Р Ниншаса
Замбия 753 10,3 2 38 Р Лусака
Судан 2506 38,1 2,2 27 Р Хартум
Эфиопия 1222 66,6 2,4 14 ФР Аддис-Абеба
Ботсвана 600 1,6 1,6 50 Бірлестік құрамындағы мемлекет Габороне
Зимбабве 391 12,6 1 31 Бірлестік құрамындағы мемлекет Хараре
Маврикий 2 1,2 1,1 43 Бірлестік құрамындағы мемлекет Порт-Луи
Мозамбик 783 17,5 2,2 28 Р Мапуту
Мадагаскар 596 17,0 2,9 22 Р Антанариву
ОАР 1221 42,8 1,3 45 Р Претория

Тропиктік Африка жер бедері оның көпшілік бөлігінде біртектес, қарапайым болып келуімен ерекшеленеді. Негізінен құрлық Гондванадан бөліп шыққан ежелгі Африка платформасында орналасқан. Оның біраз бөлігі майысуларға ұшырап, теңіз табаны болған. Сондықтан оның қалың шөгінді жыныстармен жабылған ірі қазаншұңқырлар қалыптасқан. Қалқанды құрылымдар жер бетіне шығып жатқан бөліктерде таулы үстірттер мен таулы қыраттар түзілген. Шығыс және Оңтүстік Африка жері мезозоймен кайназойда өте күшті қозғалыстарға ұшырап, биік жақпарлы таулы қыраттар және өте тар әрі терең ойыстар түзілген. Ойыстардың көпшілігі сумен толтырылып, терең көлдерге айналған. Терең жарықтарды бойлай көтерілген лава таулы қыраттарды тегіс жауып алып жатыр. Жанартаулық әрекеттер әлі де жүруде, осы аймақта материктің ең биік нүктесі – Килиманджаро (5895 м) қалыптасқан[1].
Африканың солтүстік бөлігін Атлас жас таулар жүйесі алып жатыр. Африка біршама көтеріңкі дүние бөлігі, орташа биіктігі – 750 метр. Оның 70%-дан астам жерін биік баспалдақты жазықтар, үстірттер, таулы үстірттер мен таулы қыраттар, 20%-ын биік таулар, ал қалған 10%-ын ойпаттар алып жатыр.
Африканың тропиктік аймағының климаты халық шаруашылығына өте қолайсыз. Климаты туралы қысқаша сипаттама жазатын болсам жазы құрғақ және атмосфералық жағдайы тұрақты, температурасы жоғары, кейде жаңбырлы кейде жаңбырсыз аймақ болып табылады.
Африка — жер шарының солтүстік және оңтүстік жарты шар¬ларына шамамен бірдей қашықтыққа созылып жаткан бірден-бір материк. Осы ерекшелік екі жарты шардың бірегей ендіктерінде бірегей климат болуына жағдай жасайды. Климаттық белдеулер¬дің барлығы дерлік Африка территориясында екі реттен кайталанады.
Дегенмен Африканың солтүстік бөлігінің оңтүстік бөлігінен (экватордан оңтүстікке қарай жатқан) ауданы жөнінен екі есе үл¬кен болуының үлкен маңызы бар. Африкадан солтүстікке және солтүстік-шығыcқа қарай орасан зор. Евразия құрлығы орналас¬қан, одан Африканы континентаралық жылы теңіздер — Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз бөліп тұр. Оңтүстік субконтинент Атлант және Үнді мұхттарының аралығында. Сондықтан Африкада эква¬тордан солтүстікке және оңтүстікке қарай климаттың түзілу жағдайлары бірдей емес.
Материктің негізгі бөлігі тропиктер арасында жатыр және бү¬кіл жыл бойы күн жылуын көп мөлшерде қабылдап, әсіресе сол¬түстік, анағұрлым сом бөлігінде қатты кызады. Бүкіл Африка (аз¬ғана қaлысты есептемегенде) жылына 160 ккал см2 астам жылу алады, ал солтүстік бөлігінде жиынтық радиация 200 ккал см2 асып түседі. Бұл жоғары температураның белең алуына жағдай жасайды және Африканы Жердің ең ыстық материгіне айналды¬рады.
Матернктің горизонталды бөлшектерінің шамалы болуы және шеткі аймақтарының ішкі бөліктермен салыстырғанда көтеріңкі келуі мұхит әсерін шектейді және климаттың Африкаға тән континенттігін туғызады, бұл оның көлемі үлкен болуына және Евра¬зияға жақын жатуына байланысты солтүстік бөлігінен айқын кө¬рінеді.

1.2 Халқы мен еңбек ресурстары

Тропикалық Африкада 500 млн адамға жуық халық тұрады. Ал Бүкіл Африка халқы 800 млн. адамды құрайды. Тропиктік Африкада халық біркелкі қоныстанбаған. Тек Нигерияның халқы 120 млн-нан асады, тағы да бес елдің халқы 25-60 млн. аралығында. Осы алты елдің халқы аймақ халқының 56%-ын құрайды. Африка халқы тән басты белгінің бірі – халық санының жедел өсуі. Халықтың табиғи өсуінің қарқыны жөнінен Африка басқа аймақтарды басып озуда. Тропиктік Африка тілдік құрамы жағынан өте күрделі Олар Нигер-кордофан және семит-хамит тілдері семьясы.
Африка елдері отарлық саясат кезінде халықтың этностық ерекшеліктері ескерілместен жүргізілген мемлекеттік шекаралар мұра болып қалған. Осының нәтижесінде көптеген біртұтас халықтар шекараның түрлі жағында қалып қойған. Бұл өз тараптарынан осы уақытқа дейін болып тұратын этносаралық жанжалдар мен жер дауын туғызды. Кейдеі тіпті мұндай жанжалдар әскери қақтығыстарға ұласып, «этностық босқындар санын арттырды.
Африканың тропикалық елдерінде мемлекеттік тіл ретінде ағылшын, француз, араб тілдері мемлекеттік тіл болып саналады. Ол тілдер сонау отарлау заманынан қалған мұрасы.
Африканың тропикалық аймақтағы халықтың ұдайы өсуі ең жоғары қарқынға жеткен аймақ болып есептеледі[2].
Бұл осы аймақтағы көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге де байланысты. Сонымен қатар бұл аймақта белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, сондықтан да мұнда бала туу ең жоғары болып отыр. Мысалы, Кенияда, Нигерияда, Нигерде, Танзанияда бала туудың мың тұрғынға шаққанда 50 нәрестеден асады. Бұл Еуропаға қарағанда 4-5 есе жоғары. Бірақ Африка әлі де болса өлім көрсеткіші жоғары аймақ.
Тропикалық Африкада халықтың орташа орналасу тығыздығы 1 км² 22 адамнан келеді. Ал бұл көрсеткіш Азия мен Еуропаға қарағанда төмен. Оның негізгі себебі климаттық қолайсыздығы.
Тропикалық Африкада қала халқының үлесі жөнінен басқа аймақтардан әлде қайда төмен дәрежеде (30% шамасында). Жекелеген елдердегі қала халқының үлес салмағын айтатын болсақ Ливияда -86%, Алжирде — 56%, ал ОАР-да -57%-ы құрайды.

Тропиктік Африка елдеріндегі негізгі діндер
Негізінен схемада көрсетілген діндер үстемдік етеді. Тропиктік Африка елдерінде негізінен жергілікті діндерге көп сенеді. Ислам дінін ұстанушылар олар Алжир, Судан, Египет мемлекеттері. Ал христиан дінін аралдық мемлекеттер ұстанады. Мысалы, Мадагаскар.
Африканың тропикалық елдеріндегі еңбек ресурстарында жастардың үлес салмағы жоғары, бірақ олардың кәсіби дайындығы өте төмен деңгейде. Аймақ экономикасы аграрлық сипатта және төмен дәрежеде болғандықтан, еңбекке жарамды халықтың 23-і ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге мәжбүр. Мысалы, 2000 жылы Нигерияда халықтың жалпы саны 120 млн-нан астам болса, оның 39 млн-нан астамы экономикалық белсенді халық (ЭБХ) болып табылады, бұл халықтың 34%-ын құрайды. Елдегі ЭБХ-тың тең жартысына жуығы ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Ал қалған бөлігінің бір жартысы сауда-саттық және коммерсиямен айналысса, қалғаны басым түрде қызмет көрсету саласында жұмыс атқарады.
Африканың тропиктік елдерінде дүниежүзі бойынша еріксіз мигранттардың жалпы саны жөнінен ерекше көзге түседі. Ол аймақ елдерінде саяси ахуалдың тұрақты болмауымен түсіндіріледі. 1990 жылдардан бері Африка жерінде жиі қайталанып жатқан әскери қақтығыстар мен ұлт араздығы нәтижесінде 5 млн-нан астам адам босқындық күй кешуде. Ал ОАР елі заңсыз қоныс аударушылардан зардап шегуде. Мысалы, ОАР-да 3-5 млн-ға дейін (халқының 10%-ға жуығы) шетел азаматтары заңсыз мигранттар жағдайында тұрып жатыр[3].

1.3 Шаруашылығы және оның қазіргі жағдайы

Тропиктік Африка елдерінің шаруашылығы мен орналасуында да көптеген ұқсастықтыр бар. Тропиктік Африкаға – бүкіл дамушы дүниенің ең артта қалған бөлігі, оның шегінде нашар дамыған 29 ел орналасқан. Қазір бұл ауылшаруашылығы материалдық өндірістің негізгі саласы болып қалып отырған дүниежүзіндегі бірден-бір ірі аймақ.
Ауыл тұрғындарының жартысына жуығы натуралды, қалғандары – аз тауарлы шаруашылық жүргізеді. Соқаның мүлде жоқтығынан жерді тесемен өңдейді.; Африканың көптеген елдерінің мемлекеттік елтаңбасында тесе диқан еңбегінің символы ретінде бейнеленеді. Барлық негізгі ауылшаруашылық жұмыстары әйелдер мен балалар атқарады. Олар тамыржемістер мен түйнекжемістерді (маниоканы немесе кассаваны, ямсты, баттатты) өңдеп, бұлардан ұн, жарма, ботқа, таба нан жасайды, сондай-ақ аса күтімді крек етпейтін тары, сорго, күріш, жүгері, банан, көкөніс өсіреді. Мал шаруашылығы аса дамымаған, бұл әсіресе це-це шыбынының болуына байланысты, ал егер мал шаруашылығы айтарлықтай орын алатын болса (Эфиопия, Кения, Сомали), оның өзінде мейлінше экстенсивті жүргізіледі. Экваторлық ормандарда осы күнге дейін аңшылықпен, балық аулаумен және терімшілікпен күнелтетін тайпалар және тіпті ұлыстар бар. Саванналар мен ылғалды тропиктік ормандар зонасында қиып-өртеп ағаштан тазартылған жерлер жүйесі тұтынушы егіншіліктің негізі болып табылады.
Көпжылдық желектер – какао, кофе, жер жаңғағы, гвея, майлы пальма, шай, сизаль, дәм-татымдық дақылдар басым тауарлы өсімдіктер өсіретін аудандар ерекше көзге түседі. Бұл дақылдардың кейбіреулері плантацияларда, ал кейбіреулері – шаруа қожалықтарында өсіріледі. Бірқатар елдердің бір дақыл өсіруге мамандануы ең алдымен осындай өсімдіктерге байланысты.
Басты кәсіп түріне қарай Тропиктік Африкаға халқының көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Саванналарда өзендерді бойлай үлкен ауылдар, ал тропиктік ормандарында – шағын қыстақтар орналасқан.
Қыстақтар тұрғындарының тұрмысы өздері жүргізетін натуралды шаруашылықпен тығыз байланысты. Олардың арасында жергілікті діни нанымдар – ата-бабаларға, киелі затқа табыну, табиғат рухына, сиқыршылыққа сену, дуалау, әр түрлі бойтұмарларды пайдалану кең тараған. Африкалықтар өлген адамдарға аруағы жер бетінде қалады, ата-бабалардың аруағы тірілердің іс-әрекетін қадағалап отырады, егер әлде бір дәстүрлі өсиет бұзылатын болса, олар қатаң жазалауы мүмкін деп сенеді. Еуропа мен Азиядан енген христиандық пен мұсылмандық та Тропиктік Африкаға айтарлықтай кең тараған.
Тропиктік Африка – дүниежүзіндегі нашар индустрияланған аймақ. Мұнда тау-кен өнеркәсібінің айтарлықтай ірі бір ауданы – Заир мен Замбиядағы Мыс белдеуі қалыптасты. Бұл салада шағын бірнеше ареалдар құрайды.
Тропиктік Африка – дүниежүзінде нашар урбандалған аймақ. Оның сегіз елінде ғана миллионер қалалар бар.
Тропиктік Африка көлік желісінің дамуы жөнінен де артта қалып келеді. Оның бейнесі полрттардан ішкі аудандарға апаратын, бір-бірінен оқшауланатыфн сызықтарды елестетеді. Көптеген елдерде темір жол мүлде жоқ. Шағын бума жүктерді 30-40 км-ге дейін адамдар төбесіне қойып тасиды[4].
Тропиктік Африкада айналадағы ортаның жағдайы жылдам нашарлап келеді. Жердің шөлге айналуы, орманның тақырлануы мен фаунаның кедейленуі нақ осында қауіпті дәрежеге жетіп отыр
2 Африканың тропикалық елдерінің экономикалық жағдайы
2.1 Африканың тропикалық елдеріндегі экономиканың дамуы

Тропиктік Африкада 29 ел орналасқан. Олар өз кезегінде солтүстік және оңтүстік Африканың тропикалық елдері болып бөлінеді. Экономикалық тілмен айтатын болсақ дамуы …..