Қазақша Тәрбие сағат: «Қазақстан – 2050» стратегиясы (Бір халық – бір ел – бір тағдыр)

0

Тәрбие сағат тақырыбы: «Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр.
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды Елбасының жаңа жолдауымен таныстырып, қойылатын талаптардың орындалуына атсалысу әр адамның борышы, жарқын болашаққа апарар тарихи құжат екендігін түсіндіру. Елжандылыққа, адамгершілікке, Отан сүйгіштікке тәриелеу.
Түрі: Дәстүрлі.
Әдісі: Баяндау, түсіндіру, ойын түрінде.
Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың суреті, Еліміздің рәміздерінің суреттері, нақыл сөздер, тірек-сызбалар.
Тәрбие сағат барысы:
І. Ұйымдастыру.
Амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе.
Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүниежүзінің экономикасын туралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғарғы деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, салауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік. Толағай табыстарымен дүниежүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. Дамуымыздың маңызды алғышарттарына айналған Қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды. Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды. Жасампаздық қуатымен дүниежүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды. Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық. Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп сенемін.
ІІІ. «Кешеден келдік, бүгінге жеттік»
Стратегия – гректің «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Страт» дегеніміз – мемлекеттің міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамассыз ететін жан-жақты жоспарлар жиынтығы болып саналады. Жалпы, алдына қойған міндетті шешуді мақсат еткен ірі ауқымдық ұзақ мерзімді жоспарлауға қатысты қолданатын термин.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз – басшы қабылданған шешімдер мен әрекеттер жиынтығы, сол арқылы мемлекетті (ұйымды) өз мақсатына жету үшін басшы арнайы стратегияны іздейді.
Естеріңізде болса 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» стратегиясы 7 бағыттан тұрды. 33 жылға жіктелген сол 7 міндеттің денін ел 15 жылда еңсерді. Президент айтты: «Стратегиямыз басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді.
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз