Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия туралы қазақша реферат

0
55

Жоспары:

1. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі принциптері.

2. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым.

3. Дәуірдің утопиялық көзқарастары. 

Бұл тарихи кезең өзін антикалық мәдениеттің, антикалық өмір салтының, ойлау тәсілінің және сезім талдығының жаңаруы, жаңғыруы деп сезінді. Сондықтан болар «Ренессанс» деген терминмен сипатталған.

Бұл кездегі философиялық ойлауды антропоцентрлік деп айтуға болады, өйткені оның өзегінде тұрған адам. Антропоцентризм – дүниетанымдық айқындама, оған сәйкес Адам дегеніміз — әлемнің орталығы және асқар шыңы. Адам әлемнің қақ ортасында тұр, яғни бүкіл әлем Адам үшін – шет аймақтар; Адам әлемнің ең ұшар басында тұр, демек бүкіл әлем деңгейі жөнінен де, маңызы жөнінен де адамнан төмен. Тек Адам ғана – субъект, ал бүкіл әлем оның объектісі ғана. Әлем Адам игілігіне, өз еркінше пайдалануына құрал ретінде ғана берілген. Батыс Еуропадағы қайта өрлеу дәуірі қоғамының белгілі бір бөлігінің көңіл күйі ретінде Адам осындай . Мұнда іс жүзінде әрбір суреткер – алып немесе тіпті құдірет, қалған бүкіл әлем соның төңірегінде шыр айналады.

Гуманизм Қайта өрлеу дәуірінде тиянақты идеялық қозғалыс ретінде қалыптасты. Гуманизм – адамның қадір-қасиеті мен құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына, Адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Бұл кезеңде гуманизм феодализмге және орта ғасырдың теологиялық көзқарастарына, қарсы көзқарастармен тығыз байланыста болды. Гуманистер Адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, Адам ләззаты мен өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру құқы жолында күресті. Осы дәуірдің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонарда да Винчи, Бруно, Монтень, Коперник т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды роль атқарды. Әуел бастан-ақ гуманизмнің ішінде – Мор, Кампанелла, Мюнцер секілді өкілдері, кейінірек утопиялық социализмнің басқа да жақтаушылары еңбекшілер бұқарасының мүдделерін білдіретін ағым болып оқшау шықты. Олар қоғамның антигуманистік сипатын көре білді, оның кеселдерін сынады, мүліктік теңдікті талап етті. Сапалық жаңа гуманизм барлық адамдардың жан-жақты және жарасымды дамуы үшін, жеке адамның шын бостандығы үшін қажетті алғы шарт жасайды.

Осы дәуірде әлемнің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы, поляк астрономы Н.Коперник болды. Ғылым тарихында Коперник ілімі шын мәніндегі революциялық іс болды, сол арқылы табиғат зерттеу істері өзінің діннен тәуелсіз екенін паш етті. Жердің күнді айналуы туралы және Жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы Коперник теориясы Птоломейдің геоцентрлік жүйесін және «құдайдың қалаулысы» ретіндегі жер туралы оған негізделген діни түсініктерден қол үзуді білдіреді.  Бұл теория аристотельден бері келе жатқан және схоластикада пайдаланылған аспан мен жер денелерінің қозғалыстарын бір-біріне қарсы қоюды жоққа шығарып, дүниені құдай жаратқаны туралы шіркеу аңызына соққы берді, болашақта күн жүйесінің табиғи пайда болуы мен дамуы туралы ілімнің дүниеге келуін жеделдетті. Коперниктің заманының және одан кейінгі дәуірлердің озық ойшылдары оларды өздерінің жауынгерлік туына айналдырып, одан әрі дамытты.

Д. Бруно схоластикалық философия мен Рим католиктік шіркеуіне қарсы күрескер, ғылыми дүниетаным идеяларының жалынды насихатшысы. Пантеизм мүддесін қолдады. Ол өз заманының ғылыми жетістіктерін, әсіресе Коперниктің гелиоцентрлік теориясының ықпалында қалыптасты. Бруно жаратушы мен табиғаттың шексіз мәңгілігін  үйлестіре отырып, келе-келе өз ұстазы Н.Кузанскийге де батыл пікірлер айтты. Ол табиғаттың шексіздігі туралы нақты тұжырым жасады. Коперниктің ашқан жаңалығына сүйеніп, Бруно осы философиялық принциптің физикалық және астрономиялық мән-мағынасын шыңдай түсуге күш салды. Сонымен бірге ол Коперник теориясындағы: әлемнің шектеулілігі, аспан әлеміндегі жұлдыздардың қозғалмайтындығы, Күн әлемінің мызғымайтын кіндігі делініп келген көзқарастарға түзету енгізді.  Соның негізінде ол жұлдыздар әлемдерінің шексіз көптігін және оларда шексіз тіршілік иелерінің болатындығы туралы қорытынды жасады. Схоластиканың натурфилософиялық дуализміне қарсы шыға отырып, Бруно Жер мен аспан әлемінің біртектілігін, олардың топырақ, су, ауа, от және эфирден тұратындығын тұжырымдады. Бруно бірлік, байланыс және табиғаттағы қозғалыс атауларының универсалдылығы, шексіз үлкен және шексіз кіші мөлшерлердегі қайшылықтардың өзара ұласуы тұрғысындағы диалектикалық пікірлерді өрістетті.

Келесі ойшыл итальян физигі, астрономы және ойшылы Г.Галилей Аристотельдің беделіне көз жұмып табынуды, догмалық схоластиканы сынап, математиканы, атап айтқанда геометрияны тәжірибе түрінде ғылыми тәжірибені, табиғат құбылыстарын модельдеуді бірінші болып жүйелі түрде қолдана бастады. Галилейдің механикадағы басты жетістігі инерция заңын, салыстырмалылық принципін анықтау болды. Бұл принципке сәйкес денелер жүйесінің біркелкі және түзу қозғалысы осы жүйеде болып жататын процестерге әсер етпейді. Галилейдің астрономиялық жаңалықтарының діни догмаларға қарсы күресте аса зор маңызы болады, олар Коперниктің гелиоцентристік жүйесінің шынайылығын дәлелдеуде үлкен роль атқарды. Табиғатқа механикалық заңдарына бағынатын өзгермейтін атомдардың қатаң себептілігі негіз болған. Табиғатты танып білудің түп көзі бақылау мен тәжірибе болып табылады. Құбылыстардың ішкі қажеттілігін түсіну Галилейдің ойынша, білімнің ең жоғарғы сатысы. Галилей дәлме-дәл индукция дейтінді жасады. Алайда Галилей діни наным-сенімнен арыла алмай, алдымен құдай болғанын мойындады.

Қайта өрлеу заманында табиғатты зерттеуге бетбұрыс ерекше қойылады. Бұл кезде пантеистік бағыт ерекше орын алады. Пантеизм – құдай табиғаттан тыс бола алмайды, ол табиғатпен бара бар бастама дейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып қарайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Бұрын пантеизм деген желеумен көбінесе табиғатқа материалистік көзқарас көрініс тапқан болса, қазір ол дүниенің құдай арқылы өмір сүруі туралы діни-идеалистік теорияға айналды және ғылымды дінмен жақындастыру әрекеті болып табылады.

Қайта өрлеу дәуірінің утопиялық социализмнің негізін салушы Т.Мор. Осы дәуірдің гуманист рационализмі. Мордың басты шығармасы – «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопий» (1516); бұл кітапта әңгіме белгісіз Утопия еліне жасалған саяхат туралы. Мор жеке меншіке негізделген қоғамды, өз тұсындағы Англиядағы әлеуметтік-саяси қатынастарды жан-жақты сынады және қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді; ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде баяндап, оны еңбекті ұйымдастырудың және бөлісудің коммунистік идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы Утопия мемлекетінің негізі  шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайларында өмір сүреді. Адамдар күніне 6 сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен және өнермен шұғылданады. Адамның жан-жақты дамуына, теориялық оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән беріледі; ақыр соңында – тәрбие саласында социалистік көзқарастардың бастапқы идеяларын суреттеп береді. Мор социалистік мұратқа жету үшін техниканы өркендетуді қажет деп таппады. Жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады.

Т.Кампанелла итальян философы бастапқы утопиялық коммунизм өкілдерінің бірі. Кампанелла Телезионың натурфилософиялық көзқарастарына қосылды, схоластикаға қарсы шығып, сол кездегі алдыңғы қатарлы сенсуализм мен деизм идеяларын дамытты. Ол өзінің еркін ойлылығы үшін инквизицияның қудалауына ұшырады. Кампанелла адамзаттың бірлігі мен игілігін армандады. 1599 жылы Италияны Испан езгісінен азат ету мақсатымен көтеріліс ұйымдастыруға әрекет жасады. Астыртын әрекеті әшкереленіп, Кампанелла ауыр азаптаудан кейін түрмеге қамалып, онда 27 жыл отырды. Сонда отырып ол жеке меншіктен ада, жаппай еңбек молшылығына кепіл болатын, бірақ тұрмысты реттеп отыратын, шын мәнінде абыздар билігі теократтық сипат алған мінсіз қоғам туралы өз утопиясын «Күн қаласын» жазды. Ол 1623 жылы жарияланды. Кампанелла өзінің коммунистік мұратын парасаттың әмірімен және табиғат заңдарымен негіздеді. «Күн қаласы» — кейінгі қоғамдық ой-пікірлердің дамуына елеулі ықпал жасады.

.


Тағы рефераттар

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз