Шымкентте концерт қойған 91 тобына хейтерлер жұмыртқа лақтырды (видео)

0

Наурыз мерекесіне орай 91 тобы Шымкентте концерт берді. Ашық аспан астында өткен кешке әншінің фанаттарымен қатар хейтерлер де жиналған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Топқа қарсылық танытушылардың видеосы astana_eaglez парақшасында жарияланды.

Сахнада өнер көрсетуіне қарсылық танытып, өздеріне жұмыртқа лақтырғандардың теріс ісін «Ninety one» тобының солисі Дулат Мұхаметқалиев қатаң сынға алды.

«Мына жерде біреу жұмыртқа лақтырып жатыр. Не болды соншама, тамақты ысырап қылып?! Кейбіреулер нан таба алмай жүр. Ұят», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 91 тобын күні кеше танымал актер Алмат Сақатов жақтап шыққан болатын.