Реферат: Экономика | Инвестиция және оның функционалдық белгілері

0

Инвестициялар деп өнер кәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және эканомиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызыметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады негізгі капиталды жанартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табыс саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша қаржылық және нақтылық болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар – бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивиденттер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқада олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі (капиталды) болып бөлінеді. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделенеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттары және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және өзінің номеналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаз28*40
222 дар, әдетте, қысқа мерзімде бір жылдан аспайтын уақытқа беріледі.
Капеталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
— бағалы қағазды ұсынушыға – құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұсынушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолымен қолына береді.
— атаулы бағалы қағаздар- белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
— Ордерлік бағалы қағаз – ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп — индоссоментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанда ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестицияға бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және негізгі қарыздың негізгі соммасының графикке сәйкес жабуды эмиттент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмиттенті екендігіне қарамастан, оған барлық облегациялар, вексельдер жатады.
Инвестициялы бағалы қағаздар эмиттент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмиттентердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмиттентік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпаративтік (шаруашылық жүргізуші субьектілердің жарғылық капиталын қалыптастыу немесе қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар, облегациялар) және саудалық (комерциялық вексельдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылу мен ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар комерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айрысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық және нарықтық емес етіп бөлуі мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмиттентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда лоарды тек эмиттенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сату және сатып алу мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.

Инвестицияжәне оның функционалдық белгілері, инвестиция мөлшеріне әсерететін факторлар

Инвестиция – бұл табыс алу мақсатында елждің ішіндегі жеке салаларға және шетке ұзақ мерзімге мемлекетттік және капитал салымдарын айтады.
Инвестиция бағыттары:
• жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салуға;
• жаңа техника және технология, жаңа жабдықтар сатыпалуға;
• шикізат пен материалдарды коса алуға;
• әлеуметтік нысаны және пәтер құрылысына.

Бұдан басқа жалпы және таза инвестициялар болып бөлінеді.
Жалпы инвестициялар – ескі жабдық орын басуға кеткен шығындар (амортизация) + өндірісті ұлғайтуға кеткен инвестиция өсуі.
Таза инвестиция – негізгі капиталмен амортизация қосындысын шегергендегі есептелген жалпы инвестиция. Егер таза инвестиция мөлшері тұрақты болса, экономика өседі, дамиды. Егер таза инвестиция нолдік мөлшерді құрасаонда іскерлік белсенділіктің төмендеуін көрсетеді.
Жалпы инвестициялар сұраныс факторына жатады:
— табыс мөлшерінің күтімі;
— банкілік процент ставкасы.
Бұл жерде тәуелдік табыс мөлшерініңкүтімі жоғары болса, онда инвестиция өседі. Проценттік ставка – бұл фирманың қарызға ақша капиталын алғанда төлейтін бағасы.
Қорытынды, инвестицияға сұраныс тәуелділігі процент мөлшеріне

кері пропорционалды.

%
Ставка

Инвестиция
Инвестицияға сұраныс қисығына басқада ықпал етеді.
а) инвестицияның табыс күтімін өсіруге әкелетін фактор қисықты оңға ауытқытады ( инвестицияға сұраныс өседі)
б) инвестициялық табыс күтімін төмендетуге әкелетін фактор, ол қисықты солға ауытқытады (инвестицияға сұраныс төмендейді). Бұл факторларға жататындар: жабдықты пайдалануға кеткен шығын, кәсіпкерлерге салық, инфляция және т.б. инвестициямен салыстырғанда “нақты инвестициялар” пайдаланады.
Өндірістік басқа (тәуледі), автономды (тәуелсіз) инвестиция болып бөлінеді. Табыс пен инвестицияның тәуелділігі мультипликаторда көрінеді.
Мультипликатор (латынның “көбейтемін”) – бұл инвестиция мен табыс мөлшері
аралығында өзгерісті көрсететін коэффицент. Инвестиция өскенде, ЖҰӨ-де мөлшерге өседі. Бұл өсудің көбейткіш әсерлі мөлшері – мультипликаторлық әсер деп аталады.

Инвестициялардың жіктелуі

Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) меншік түрлері ;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері;
1. Инвестицияның түрлерін былай топтайды:
— ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және т.б. құнды қағаздар;
— жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
— авторлық құқықпен, тәжірбиемен және т.б. да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліетік құқықтар;
— жерді, су, үйді пайдалану құқықтар және т.б. құқықтарды пайдалану;
— қандайда бір өдірісті ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірбие ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауыттылық;
2. Құралдарының салыну объектілері бойынша, инвестициялар бойынша бөлінеді:
— нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, нақты инвестициялар. Материалды активтер – ғимараттарға, станоктарға дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
— материалды емеси активтер – лицензиялардың, патенттерінің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
— қаржылық инвестициялар немес түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктық салымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициалар келесі түрлерге бөлінеді:
— тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі.
Сонымен қатар инвестор инвестициялық цикілдердің барлық кезіңіне таратылады, оның ішінде алдында жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
— жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы жүзеге асады. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салымдарға портфельдік деп атймыз.
4. Инвестицияландырудың кезеңі бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөлеміз:
— қысқа мерзімді – ұзақтығы бір жылдан аспайда;
— ұзақ мерзімді – ұзақтығы бір жылдан көп;
5. меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
— азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысандағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жекеақша құралдары;
— мемлекеттік, ол түрлі денгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырады;
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
— қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
— инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
— жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, аблигациялар арқылы немесе басқада құнды қағаздар түрінде алу;
— табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығын концессия алу;
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
— тәуекелсіз инвестициялар;
— тәуекелді инвестициялар;
— барлық пайда соммасын жоғалту мүмкіндігі;
— жоба іскеасқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі;
— барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвесторлың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел;
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асыруы мүмкін:
— жаңа алаңдарда және бастапқада бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрлыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
— шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпоындардың кеңеюі;
— шарауашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру:
— техникалық қайта қамтамасыздандыру;
Инвестицияның ұсынылған жүктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалу концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл кәсіпорынның шаруашылық қызыметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтар мен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процес, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процес кәсіпорының инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны талдау төмендегілерге байланысты:
— кәсіпорынның өмір сүру цикілінің сатылары;
— жалпы даму стратегиясы;
— инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
— құралдардың салу объектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы;
Сонымен егер бастапқы инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы боып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсіндіріледі.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы қажет және инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шаруашылық прцесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сигменттер арлығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі. 1-кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы келтірілген.
Кәсіпорынның әр түрлі кезеңждердегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру. Өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, т.б.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік

ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл бәсекелік орта бір немесе басқада салаларға тиісті әр түрлі экономикалық, құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.

Сатылары
Стратегиясы Пайда
болуы ¬¬¬¬¬¬
Өсуі Жетілуі Ескеруі /Пайда болуы
Жалпы Нарыққа еніп, бекітілу
процесін-
де өмір сүру Нарық сегментінің кеңеюі,іс-әрекет диверсификациясы мен пайданың жоғарғы қарқынмен өсуін қамтамасыз ету Іс-әрекеттің салалық диверсификациясы пайданың қол жеткен нормасына қолдау жасау Пайда норма-сын сақтау және іс-әрекет-тің бағытымен нысандарының бір уақыттық жаңалануынның қаржылық тұрақтылығы, дәстүрлі іскерліктің масштабын сақтау
Инвестиция-лық Бастапқы нақты инвести-цияның жеткілікті көлемін қамтама-сыз ету Өндірістің және нақты қаржылық инвестициясы масштабтары-ның кобеюі Өндірістің техникалық қайта қамтамасыздандырылуы және кеңмасштабты қаржылық инвестициялан-дыру Жаңа құрылыс пен өндірістің қайта құрылуына нақтылы масштабты инвестициялан-дыру

Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік аппараттардың моральдық және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың төмендегі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы қалыптастыру кәсіпорындардың да, потенциялды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерін қиылысуы кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді. Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі серіктестіктердің түсінушілігімен ортақ мүдделерінесепке алуға және инвестициялық объектіні стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуы мен оның инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты.

Қорытынды

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салынымдар” деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрлыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және т.б. құнды қағаздар, техналогиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интелектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
Келтірілген анықтамаларнарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықтыкөрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, итнвестицияланудың қаржылық және басқа түрлеріің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады.
Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжірбиесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салымдар инвестицияның синонимы болып табылмайды. Берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымға қарағанда инвестиция түсінігі әлде қайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестициялану бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі кезде отандық тәжірбиеде екі терминде қолданылады.
Инвестиция термині латынның investire “жұмылдыру” сөзінен алынға. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. П. Самуэлльсон инвестициялану туралы былай жазады: “Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т.б.) “таза инвестицияландыру” немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз”
Тұрғындар үшін жерді қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансфектық операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырылса, басқа біреуі дезинвестцияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.
Қолданылған әдебиеттер:

1. «Инвестициялық институттағы бухгалтерлік есеп». 2002жыл
2. «Экономика әлемдік классика» Әшімбаева Ә.Т., Алшанов Р.А, Кенжеғози М.Б. Алматы 2005жыл
3. «Кәсіпорындағы аралас экономика иновациясы» Исабаев Б.Н Алматы 2004жыл.
4. «Инвестициялық жобалау»
5. «Сытқы экономикалық қызметті мемлекттік басқару» Камалли Алматы 2001жыл
6. «Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі» Радостовец….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!