Жүйе — Мархаба Сәби — скачать — текст песни

0

Скачать

Қате жүйе,қисық жүйе
Ағал-жағал, күйе-күйе
Қате жүйе,қисық жүйе
Адамға жау, дүлей бейне
Мағынасыз дүние

Келешекте не болмақ?
Бұл жүйеге бәрібір
Кете берсе осылай
Ертеңгі күн көк түтін
Ертеңгі күн бұлыңғыр

Қайырмасы:
Өзгеру керек,өзгерту керек
Ашылып аспан сейілсін түнек
Қорықпау керек, қаймықпау керек
Өмір біреу — ақ шарықтау керек!

Үш жүз қырық екі ай — алдаумен өтіп, жоғалған уақыт
Үш жүз қырық екі ай — фейковый арман, фейковый бақыт!

Жабыққан адам
Зарыққан адам
Тарыққан адам
Қорыққан адам
5 тиын құның
Көк тиын бағаң.

Қайырмасы:
Өзгеру керек,өзгерту керек
Ашылып аспан сейілсін түнек
Қорықпау керек, қаймықпау керек
Өмір біреу-ақ шарықтау керек!

Әні: Мархаба Сәби
Сөзі: Сәкен Мұсағалиев

 

Мархаба Сәби, Мархаба Саби, Жүйе, Жуйе mp3 скачать, текст песни, 2019