Қоғамдық өзгеріс және баспасөз | туралы қазақша
Адамзат тарихында талай өзгерістер болып, қоғамдық құрылыста жаңа қадамдар жасалып, дамудың соны сатыларына өтіп отырған. Осы орайда алғашқы қауымдық құрылыстардан, формациялардан тәжірибе жинақтаған адами сана онан сайын өзінің бірден-бірге толысуы арқасында XXI ғасырға келіп жетті. Өмір-тіршіліктің таусылмайтын сансыз тауқыметі срнау «сэбилік» дэуірдегі ұғым-түсініктен интеллектуалды дәрежеге әкеп тіреді. Мұның өзі ой-сана прогресінің жетілген, өркениетке ұмтылған адам жаратылысының нақты көрінісі еді.
Үстіміздегі ғасыр, әрине, бірден-бірге жалғасқан диалектикалық даму тарихының бір биігі болып қалмақ. Адамзат миссиясының жер бетіндегі тағы бір өркен жайған тұсы дерлік. Мың-миллион жылдар мен ғасырлар белгі-бедерлерін артқа тастап, өзгеше бір болмыстарын алға тартып қоғамның да? адамның да өсуінің кепілі болды. Келе-келе ақыры өткен ғасырдың да қаншама іс-әрекет пен аумалы-төкпелі дамуы ұзына тарихта өз ізін қалдырды.
Капиталистік және социалистік лагерьге бөлінген екіұдай жүйенің тағдыр тайталасы шыңырау шыңына жетті. Қоғамдық құрылыстың ішкі жаратылысы екіге жарылған әрі-сәрі күйге тап болды. Содан да алақандай жер шарында қарама-қайшы идеологияға бағынған елдер топқа бөлініп, бітімсіз өмір кешті. Бұл тағдыры бір адамзаттың қолдан жасалған өркөкірек саясатын туғызды. Адам-пенденің осындай болымсыз қырғи қабағы — онсыз да тіршілік күйбеңін бір кеменің үстіндегі жолаушыдай етіп көз алдына әкелетін. Бірақ түптің түбінде бірінсіз-бірі ешқандай кетіп құтыла алмайтын, бәрібір тіршілік түйткілдері қалайда өзара келісімін де, керісуін де алға тартып, кейде тоқайласуға лажсыз әкелетінін көп бағамдамай, қиындықтың қыспағына салатын. Осылайша, жер-планетамызда, «кемедегінің жаны бір» дегендей, тіл табысуға да мәжбүр ететін жайларды ескермеудің зиянын тартып жүрген шақтар да аз емес еді.
Бейбітшілік, соғысты болдырмау бір адамның немесе бір елдің ғана жауапкершілігі емес. Мұны әрбір тіршілік иесі ұғынуы тиіс. Жаңа келген нарықтық қоғам бүрынғы өмір сүру тәсілін өзгертті. Енді жаңаша ойлап, өзгешелеу тірлік ететін болдық. Бұл экономика мен саясатта мүлде бөлек қимыл-қарекет пен байлам туғызды. Бұрынғы мемлекеттік меншікке негізделген үрдіс енді жеке меншікке ауысты. Халықтың күн көріс қамы аз уақыттың ішінде мүлде басқа арнаға түсті.
Сөйтіп, экономика мен саясатта пайда болған қәбылыстар қоғамдық дамуды тіпті басқа арнаға бүрды. Бұл ретте әрбір мемлекеттердің элемдегі өз мақсат-мүдделері болғанымен, жалпы адамзаттық жолға түйістіретін құбылыстың жаһан тіршілігінде орын алатынын байқауға болар еді. Өйткені «Жалғыз ағаш — орман емес» деген секілді, үй-планетада «көршілермен» де қарайласатын сәттер болып түрған екен. Ал саяси алауыздықтың өзі де сол бірлесе өмір сүрудің нүктелері қиылыспайтындықтан да туындап жататыны бекер болмаса керек.
Қоғамдық сала осылай дамыса, журналистика да өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Бұл да бір-бірімен өзіндік байланыста өркендейді. Әсіресе баспасөз бұл орайда халыққа өзінің әсер-ықпалын қай заманда әлсіреткен емес. Есте жоқ ескі замандарда адамзат жазуды ойластыра бастағаннан-ақ әйтеуір сөз жазатындай бір қүралды ойлап табары белгілі еді. Онсыз өркениетке ұласу да олқы соғары анық. Адамға сана ене бастағаннан-ақ, олар түрлі белгілер жасауды қаперіне алған болар. Оның өзі, әрине, қажеттіліктен туындамақ. Сөйтіп, алғашқы түрпайы белгілер салудан кейінгі жазудың үшқыны пайда болғанында сөз жоқ.
Мәселен, пиктографиялық, петроглифтік, иероглифтік жазулардың пайда болуы соның айғағы. Мың жарым жыл бұрын дүниеге келген өзіміздің түркі тас жазулары да тарихтың сыбағасы деуге болады. Ертедегі ағашқа, пергаментке, саз балшықтан жасалған тақталарға жазу түсіруден бастап, кейін Қытайда екі мың жыл бұрын қағаздың пайда болуынан бүгінгі баспасөзге дейінгі тарих жолын айғақтайтын мысалдар көп.
Алғаш Германияда әйгілі Иоганн Гутенберг 1450 жылы баспа станогін ойлап тапса, содан кейін-ақ қазіргі баспасөздің негізі қалана бастады деуге болады. Тұңғыш бір газеттің дүниеге келуі — Англияда шығарылған «Инглиш меркьюри» 1588 жылы жарық көрді. Одан кейінгі бір басылым 1606 жылы шыққаны мәлім. Дегенмен аталған газеттерді толыққанды жарияланым деуге болмайтын. Себебі өте қарапайым, газетке қойылар талаптан төмен болатын. Бар болғаны кішкене бір парақша түрінде және қысқаша хабар-ошардан әрі аспады… Цезарь патшаның үш жүз құлды жалдап, жазу үйретіп, қолжазба газет шығарғаны да тарихтан мәлім.
XVI ғасырдан Еуропада жүзеге асқан баспасөз қарапайым түрден бастау алып, бүгінге жетіп отыр. Бұл — адамзат өркениетін танытар зор жетістік еді.
… Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері баспасөз саласында үлкен өзгерістер жүзеге асуда. Қазір газет шығаруда ілгерішіл қадамдар жасалуда. Соның айғағындай, 1500-ге жуық баспасөз түрлері шығарылады. Республика бойынша да, тіпті аудан, облыстар бойынша да ондап, жүздеп газеттер шығарылуда. Мысалы, бір ғана Шымкент облысында 200-дей газет шығарылады екен. Әрине, оның ішінде әкімдіктерге қарайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес коммерциялық, жеке меншік газеттер де бар.
Қазір елімізде баспасөздің орны ерекше деуге болады. Өйткені мемлекеттік, қоғамдық өмірде болсын баспасөздің әсер-ықпалы зор. Әсіресе қоғамдық пікір туғызуда баспасөз ерекше көзге түседі. Күнделікті газет-журналдарда шығып жататын материалдар сан алуан тақырыпта ой-пікір қозғайды. Ал олардың тиражы миллиондаған оқырмандарға жетеді. Мұның өзі үлкен идеялық та, идеологиялық рөл атқаратынын ескеруіміз керек. Демек, баспасөз халыққа сөз арнаудың, ой-санаға әсер етудің күшті құралы. Бірде Президент Н.Назарбаев «Қазақстан» ұлттық телеарнасының ұжымымен кездескенде: «Бұқаралық ақпарат құралдарының күші — әскери қарулы күштердің күшінен кем емес», — деген еді.
Бұл расында да БАҚ-қа деген нақты, тауып айтылған тұжырым еді. Кез келген мэселеде баспасөздің араласпайтын жері жоқ. Саясат, экономика, мәдениет, экология, элеуметтік салалардың бэрін қамти береді. Жэне оған жайдан-жай емес, ұсыныстармен, пікірлермен, қажет болса сын арқылы ой тастайды, қозғау салады. Мұндайда министрлер мен әкімдерге сөз арнап, жағдайларды жақсартуға күш салады. Халықтың сөзін сөйлейді, мұң-мұқтажын мәселе етіп көтереді.
Онымен қоймай сол жетіспей жатқан шаруашылық және әлеуметтік проблемаларды шешуге ат салысады. Үкіметке, түрлі деңгейдегі басшыларға тура мәселе қояды. Қажет болса сын арнайды. Өйткені баспасөздің тірегі халық болса, халықтың да бір сенімді көмекшісі -баспасөз. Демек, бұл қашаннан бері келе жатқан жағымды үрдіс.
#Қоғамдық #өзгеріс #және #баспасөз