Демократиялық журналистика және гуманистік позиция туралы қазақша

0
177

Журналистика ешқашан қоғамнан бөлініп қалған емес. Қоғамның өзі демократияланған болса, журналистика да сол биіктен көрінеді әрі оның белгілі бір дәрежеде қозғаушы күші бола алады. Саясат секілді журналистика да қоғамдық өмірге белсене араласады. Тіпті сол саясаттың өзі баспасөз арқылы тарайды, ел-жұртқа мәлім етіледі. Онсыз саясат соншалықты ауқымда халыққа түсінікті болуы екіталай. Саясаттың өрісі бүқаралық ақпарат құралдарына да тәуелді. Әйтпесе саясаттағы ой-тұжырымдар толық күйінде қалың бұқараның зердесіне жетуде дәрменсіздікке тап болуы мүмкін.

Демократиялылық — журналистиканың негізгі шарттарының бірі. Онсыз БАҚ-тың да өмірі ұзақ болмасы белгілі. Әрине, БАҚ-тың бэрі бірдей емес, оның да жекелеген тармақтарында өзінің шынайы жолынан алшақ кететіндері аз емес. Көрер көзге бұра тартатын, кейде «қараны — ақ, ақты — қара» деп жататын бұқаралық ақпарат құралдарын кездестіруге болады.

Ал қоғам дамуында тарихқа көз салсақ, талай нэрсеге қанығамыз. Бұл журналистикаға да қатысты нэрсе. Айталық, сонау кезгі ойшылдар да, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар да, саясаттанушылар мен ағартушылар да өздерін толғандырған мэселелерді жазып қалдырған, жариялап отырған. Осы орайда олардың еңбектері баспасөз арқылы болашақ ұрпақтың игілігіне айналғаны рас.

Бір ғажабы баспа өнімдерінің адамзат тарихында алар орны ерекше екенін осыдан-ақ көруге болады. Тарих тегершігін қозғауға ақыл-ой жұмсаған тұлғалардың мұрасы бірден-бірге қоғамды дамытудың рухани бағдары болғаны мәлім.

Алғашқы қиялшыл утопистердің өзі көп нәрсені армандады. Соның әсері де адамдар үшін аз болған жоқ. Өзінен кейінгілерге ой салды, көзқарас-пікірін қанаттандырды. Ал ондай ойшылдықтың пайдасын әрқашан келер ұрпақ көріп, жалғастырып отырды. Содан да рухани құндылықтар толысып, түрлі-түрлі үнамды үғымдар мен жаңа идеялар туындады.

Айталық, соның бірі кәдімгі гуманистік идея болатын. Гуманизм мәселесі бірте-бірте өркен жайып, бүкіл қоғамдық болмысқа дендеп ене бастады. Сөйтіп өзінің өміршеңдігін, алда да қоғамдық пікір ауқымында қалыптасатынын танытты. Бұған әдебиет, өнер, ғылым, саясат атсалысып, қаншама туындылар дүниеге келді. Соның бәрінде гуманистік идея, мән-мазмұн арқау болды.

Мұнымен қоймай, әлеуметтік-экономикалық проблемаларда да гуманистіктің нышаны анық байқала бастады. Яғни адамзат гуманизм идеялары арқылы жақсылыққа қарай шындап бет бүра бастады. Жақсылық жасау, адамгершілікті ардақтау, дос-бауыр болу сияқты мейірімділікке, адалдыққа бастайтын іс-әрекеттер уағыздалды. Адамдар арасындағы мүндай қасиеттердің маңызы айрықша екені сарапталды.

Міне, дәл осындай ізгіліктер мен игіліктер нағыз адами қүндылықтар ретінде барша қауымның көкейінен щығатын жайт екені өмірде жүзеге аса бастады.

Демек, бүл жағдайдан баспасөз де тыс түра алмайтын еді. Сондықтан баспасөз жүздеген ғасырлар бойы осынау гуманизм идеясын үнемі өз жарияланымдарында үгіт-насихатқа ұштастырып отырды. Ол үшін пайым-парасат пен ақыл-ойға құрылған, терең мазмұнды материалдар беруге ұмтылды. Ондайда ертедегі Гомер заманының тіршілігі мен Цицерон өмірінің ұлағаты, Грек, Рим мәдениетінің жетістігі, Адам Смит, Роберт Оуэн мен Сен-Симонның қайырымдылығы мен жақсы өмір жайындағы қиял-қисындары назар аударатын. Ал бұған өзіміздің Күлтегін секілді түркі тас жазуларындағы бейбіт өмірді аңсау мен әл-Фарабидің ізгілікті ойларын қоссақ, гуманизмнің ежелден адам баласының мүрат-мақсаты болғанын аңдау қиын емес. Адамның аңсағаны да ежелден бейбіт өмір ғой.

Сөйтіп, баспасөз соншама ұзақ уақыттан бері тарихтың қадау-қадау аумалы-төкпелі кезеңдерінде өзінің дұрыс жолын таңдауға бар күшін жұмсады. Оның айқын жолы — сайып келгенде, гуманистікті паш ететін мән-мазмұнның болуы еді. Баспасөз бүл жолда қашанда өзінің позициясын сақтап келеді.

Газет беттеріндегі қазіргі уақытта шығып жатқан мақалалар осыны айғақтайды. Демократиялық қоғамда да баспасөздің кейбір түрлері гуманистік позициядан ауытқып жататынын жасыруға болмайды. Шетелдердегі бульварлық басылымдар секілді тұрпайы мәнде шығатын қайсыбір газеттер бізде де жоқ емес. Әрине, олардың ар-ұждан мәселесі өздерінің журналистік этикасына байланысты.

Н.И. Конрад кезінде мынадай бір ой айтқан екен: «Гуманизм -адамзат ойлап тапқан ең бір маңызды идея болу керек». Орынды сөз. Көпшілік ғалымдардың айтқандарынан да осыны аңғарамыз.

Жалпы гуманистік қүрылымға негізделген қоғамда адамзаттың жақсы жетістіктерге кенелген тұрмыстық өмірі көзделеді. Мұның өзі тіршілікте кедейшіліктің жойылып, жайлы тұрмысқа талпынуды туғызбақ. Соған орай әлемде баспасөздің атқарар рөлі орасан. Экономика дамуы мен әлеуметтік табыстарды орнықтыру қай елдің болса да алда тұрған міндеті болып саналады. БАҚ осыны үнемі қаузап, соны бастамаларды, игі істерді жазып, көрсетіп отырса нұр үстіне нұр! Қалың көпшіліктің ұғым-түсінігіне сәуле түсіріп, қоғам мүшелерінің әрбірінің кеудесіне үміт ұшқынын ұялатса ғанибет. Өйткені БАҚ қамтымайтын өмір саласы жоқ.

Ендеше журналистиканың тағы бір елеулі қыры келіп шығады. Ол қазір жиі айтылып жүргендей, журналистиканың «төртінші билік» ұғымы. Бұл да жайдан-жай айтыла салған Жайт емес. Белгілі бір сипаттарды саралай келе айтылған уәж. Бұқаралық ақпарат құралдарының, оның әсіресе баспасөздің жүздеген жылдар қоғамда атқарып келе жатқан қызметі баршаға белгілі. Олай болса БАҚ-тың рөлі қоғамда орасан зор еқенін айтқан қайраткерлер баршылық. Солардың бірі — саясаттанушы әрі публицист Э.Берк 1776 жылы баспасөзді «төртінші билік» ретінде санап, соңына айрықша пікір қалдырып кеткен. Міне, содан бері баспасөздің, кейін бұқаралық ақпарат құралдарының атауына «төртінші билік» деген қосымша анықтама айтылатын болған.

Қарап отырсақ, мүның да орынды екеніне шүбә келтіруге бол-майды. Өйткені, бұдан бұрын да айтқанымыздай, БАҚ-тың қоғам мен мемлекетте, қажет десеңіз, әлемде араласпайтын жері жоқ. Қандай мәселе болсын бұқаралық ақпарат құралдарында сөз болып жататыны бәріне аян. Ендеше БАҚ-тың мұндай қадір-қасиеті мен мүмкіндігін ешкім жоққа шығара алмас.

БАҚ — «төртінші билік» екенін сондықтан елдер де, халықтар да әлдеқашан мойындаған, бағалаған. Кез келген елдің билігі де БАҚ-пен ылғи да санасып отырады, оған барынша мән береді. БАҚ арқылы қоғаммен байланыс орнатады.

БАҚ-тың саяси-идеологиялық ықпалын, қоғамдық пікір туғызып, қалыптастыратынын, әлеуметтік-экономйкалық процестерге назар аударып, сөз қозғайтынын, іс-әрекетке талдау жасап, оның жүзеге асуына әсер ететінін кім-кім де болса білмейді емес, біледі. Оның істі үйымдастыруға да белсенділігі баршылық екені анық.

БАҚ «төртінші билік» болғанда, ресми түрдегі үш билік: заң шығарушы, атқарушы, сот билігі бар екені белгілі. Бірақ БАҚ-ты «төртінші билік» атаған — халық! Әрі бүл қоғамның қолдауы мен ерік-жігерінен пайда болған ұғым.

Бұқаралық ақпарат құралдары сонымен бірге әлеуметтік институт ретінде қалыптасқан. Бұл ретте БАҚ ақпарат жинап, өңдеп, таратып, жариялап отыратыны әжептуір рөл атқарады. Сондай идеологиялық тұрғыда рухани өмірді де кең қамтып, танымдық, білімдік, тәрбиелік жайларды қозғайды. Сөйтіп, журналистика қоғамда әлеуметтік жүйеге өте қатысты болады. Журналистикада әлеуметтік институт ретінде — үйымдар мен мекемелердің қоғамдық міндеттерді атқаруы қарастырылса, мемлекеттік басқару мен саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің де қатысы бар. Осыған орай бүқаралық ақпарат қүралдарына да үлкен жүк көтеруіне тура келеді. Айналып келгенде, осылардың бәрі өздерінің қызметінде әлеуметтік сипатқа ие болады.

#Демократиялық #журналистика #және #гуманистік #позиция