Қиялдай алу — ерекше қабілет

0

Жұмыс орны: Алматы қаласы Әуезов ауданы №173 мектеп-лицей Мұғалімнің аты-жөні: Шатемірқызы АқмаралҚазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғаліміЗерттеуші-педагог

Пәні: Қазақ тілі 6-бөлім. Қиял әлемі Сынып: 5-сынып Күні: Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы: Қиялдай алу — ерекше қабілет Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.О1.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.5.О5.Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.5.ӘТН4.2. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды. Сұрақтар құрастыра алады. Жауап береді. Білім алушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Көтерілген мәселеге байланысты өз ойын білдіреді.Кейбір білім алушылар орындай алады:Мәтін мазмұнын түсінеді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға нақты жауап береді. Ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Бағалау критерийлері Білім алушы— Мәтін мазмұнын түсінеді.— Нақты ақпаратты анықтайды.— Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырады.— Мәтіннен көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.— Зат есімдерді түрлендіреді. Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу, түсіну және қолдану Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: «қиял», «таным-түсініктің дамуы», «адам қажеттілігі», «танымды кеңейту», «адам әрекеті», «ойға ерекше әсет ету»Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: менің ойымша…, мен бұл пікірмен келісемін/ келіспеймінТалқылауға арналған сұрақтар: Сендер нені қиялдайсыңдар? Адам өз қиялын ұштап арманына жету үшін не істеу керек? Құндылықтарға баулу Зайырлы қоғам және жоғары руханият.Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық құндылықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

Сабақ барысындағы тапсырма мәтіндері оқушының ой ұшқырлығын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталғандықтан өзін-өзі тану пәнімен байланыстырдым.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Қиял — адамға тән қасиет» тақырыбына жалпы шолу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы:Сенім орнату, тақырыпты және мақсатты анықтау.

3 минут

Қызығушылықты ояту. Раппорт.— Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Қиялдай алу — ерекше қабілет»Сабақтың мақсаты: Қиялдай білудің пайдасын сезіну, тақырып бойынша берілген тапсырмаларды меңгеру.— Мен мақсатыма жетемін.— Мен қиялдай аламын.— Менің қиялым ұшқыр.Оқушыларды топқа бөлу.

  • Қиял
  • Арман
  • Шындық.
  • Қима қағаздар

    Сабақтың ортасы

    Білу, түсіну,5 минут

    Бағалау критерийлері Білім алушы:Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді;-Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.Мағынаны тану1-тапсырма. Жалпыға арналған тапсырма. «Ой шақыру» әдісі Мағжан Жұмабаевтың «Жаратылыстың қүшағында меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті» деген сөздерін қалай түсіндіңдер?

  • Берілген суретті мұқият қарап, не байқағаныңызды айтыңыздар.
  • Сіз нені қиялдайсыз? Қиялдай білудің пайдасы бар ма? Неліктен?
  • Ойыңызды жаңа сөздерді қолданып айтып көріңіз «қиял», «таным-түсініктің дамуы», «адам қажеттілігі», «танымды кеңейту», «адам әрекеті», «ойға ерекше әсет ету»Дескриптор: — Оқушы сұраққа жауап береді;— Сурет бойынша жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрай алады.

    Сурет

    Қолдану

    15 минут

    Оқылым тапсырмасы ( 99-бет 7- тапсырма)А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен… өзі ақылды болыпты… Оның бір ғана кемшілігі — шылым тартады екен… Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған…». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын…— деді» Оқылым мәтінінен не түсіндіңдер? (Оқушылар түсініктерін айтады)1-топқа тапсырма.

    Дескриптор: — негізгі ақпаратты ажыратады;— қосымша ақпаратты анықтайды;— тақырыпқа қатысты өз ойын білдіре алады.

    2-топқа тапсырма.

  • Бүгінгі тақырыпты қамтитындай нақты жауап бере алатындай сұрақтар құрастырады, тірек сөздерді табады.
  • Мысалы,

  • Балаға әкесінің әңгімесі қалай әсер етті?
  • Әңгіме баланы қиялдауға итермеледі ме? Несімен?
  • Қиял мен шындықтың арақатынасы қандай?
  • Дескриптор:— тірек сөздерді табады;— төмен дәрежелі сұрақ құрастырады;— жоғары дәрежелі сұрақ құрастырады.3-топқа тапсырма.Зат есімдерді тауып, тұлғасына қарай ажыратады.

    Дескриптор — жалқы, жалпы зат есімдерді анықтайды;— негізгі, туынды зат есімдерді ажыратады;— дара, күрделі зат есімдерді біледі.

    Кері байланыс: Қалай? Неге? Не себепті?

    Смайликтер бейнеленген суреттер

    5 минут 3-тапсырма. «Бумеранг» әдісі.Топтық жұмыс.Оқылған мәтін мазмұны бойынша оқушылар сұрақтар жазып, бір-біріне тапсырмаларымен ауысады; сұраққа жауап беріп, кері байланыс жасайды. Бұл әдіс оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенді жұмыс жасауға, бірін-бірі үйретуге оң ықпалын тигізеді.

    Дескриптор

  • Топтар бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі.
  • Өз ойы мен білімін дәлелдеп, бір-біріне түсіндіреді.
  • Қол шапалақпен топтарға қолдау көрсетеді.

    Сергіту сәті 1 минут Ми шынықтыру сәті.— Оң қолмен басты шапақтаймыз, сол қолмен ішті уқалаймыз. — Сол қолмен басты шапақтаймыз, оң қолмен ішті уқалаймыз.

    5 минут

    Білу, түсіну

    Қолдану

    Жоғары деңгейлер

    4-тапсырма. (Саралау тапсырмасы)Мұрагер сөзін талдау.Тақтада жазулы тұрған тілдік талдау жасау, біреуін таңдап, қалаған талдауын жасайды.1. Фонетикалық талдау2. Лексикалық талдау3. Морфолгиялық талдау

    Дескриптор1. Фонетикалық талдау жасай алады:— дауысты дыбыстарды біледі.— дауыссыз дыбыстар түріне анықтайды.2. Лексикалық талдау жасай алады:— түсіндіреді, анықтайды,— синоним сөз табады;3. Морфолгиялық талдау жасай алады:— негізгі түбір сөзді табады,— қосымшасын анықтайды.

    Қалыптастырушы бағалау.Кері байланыс (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш арқылы бағалау)

    Үйге тапсырма2 минут. Қиялдан туған ертегі 150 сөзден тұратын қиял-ғажайып ертегі құрастыру. Сабақтың соңы

    4 минут

    Кемшілік + Жетістік кестесі

    Оқушыларға кері байланыс тапсырмалары жазылған қима қағаздар беріледі.

    Қосымша ақпарат

    Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сізқабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманыкүрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін, үйренгенін қалай тексересіз? Пəнаралық байланысҚауіпсіздік жəне еңбектіқорғау ережелеріАКТ-мен байланыс,құндылықтарменбайланыс РефлексияСабақ / оқу мақсаттарышынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуалқандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішіндеүлгердім бе? Мен өз жоспарлауымдақандай түзетулеренгіздім жәненеліктен? Кері байланыс Жалпы бағалауСабақта ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқытуға қатысты)?1:

    2:

    Сабақтың одан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?1:

    2:

    Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?