Толық тізбек үшін Ом заңы, физикадан сабақ жоспары

0
280
Бағыты: «Педагогикалық жаңа идеялар мен технологиялар»
Сабақ жоспары
1. Сабақтың тақырыбы: Толық тізбек үшін Ом заңы
2. Сабақтың мақсаты: Толық тізбек үшін Ом заңының физикалық мағынасын түсіндіру. Есептер шығаруда Ом заңын орынды қолдана білуге үйрету.
3. Күтілетін нәтиже: Толық тізбек үшін Ом заңын есеп шығаруға қолдана білуі
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Оқушыларды топқа бөлу: (карточка суыру арқылы)
I Топ «Есепшілер» II Топ «Тізбектер» III Топ «Ойшылдар»
3. Оқушыларға тапсырма берілместен әр есептің қиындық деңгейіне қарай 5 балл, 10 балл, 15 балл, ал әр сұрақтың дұрыстығына қарай 3 балл, 5 балл, 10 балл қойылатындығы, ол баллды бағалау шкаласы төмендегіше екендігі ескертіледі: 10 балл -«3», 20 балл -«4», 30 балл -«5»

1 тапсырма. Топтық жұмыс: Үй тапсырмасын тексеру мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру. Бұл тапсырмаларды 3үш топ үлгергендерінше 10 минут орындайды.
1. Бір сағатта 25Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қанша болу керек? (I=7мА)
2. Ток күші 0, 5 А болғанда 7, 7 Кл заряд тасымалдау қанша уакытка созылады? (t =15с)
3. Метал өткізгіштегі ток күші 0, 8 мкА болғанда 1с ішінде оның көлденең қимасы арқылы өтетін электрондар санын тап (N= 5 • 1012)
4. Сым тартатын станоктан өткенде кедергісі 20 Ом сымның ұзындығы 5 есе ұзарған. Сымның кедергісі қандай болады? (500 Ом)
5. Тұрақты тогы бар өткізгіштен t=30мин ішінде q1= 1800 Кл электр заряды өтеді. Ток күшін анықтаңдар. q2= 600Кл зарядпен анықталатын ток күші канша уакыт аралығында өтеді? (1А, 600с)
6. Сымның кедергісін ортасынан бөліп, ол екі бөлікті кайтадан өріп біріктіреді. Сонда өткізгіш кедергісі калай өзгереді? (4есе азаяды)

III. Үй тапсырмасын қорытындылау
(Әр топтың жұмысын тексеріп балл береді, шығара алмағандарға бағыт – бағдар береді)
IV. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ бастамас бұрын сергіту сәті: Өткізгіштердің жалғану түрлері (Оқушылар параллель және тізбектей жалғануды көрсетеді)
2тапсырма. Оқулықпен жұмыс: (Әр топқа тақырып тақырыпшаларға бөлініп беріледі, олар мағынасын ашады)
I топ. Толық тізбек үшін Ом заңын қорытып шығару;
II топ. U= ε екенін түсіндіру;
III топ. «Қысқаша тұйықталу» құбылысын түсіндіру;
Мұғалім қызметі: жекеленген оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін бақылау, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында жұмыстану
Мұғалімнің түсіндіруі (Оқушылардың жауаптарын түзеп, толықтырып, материалды түсіндіреді: тізбек бөлігі мен толық тізбек үшін Ом заңының айырмашылығы мен ұқсастығы, қысқаша тұйықталудың пайдасы мен зияны т. с. с.)
3 тапсырма Жаңа материалды қорытындылау мақсатындағы есептер
1. Электр қозғаушы күші ε=1, 2 В, сыртқы кедергі R = 5 Ом, ток күші I = 0, 2 А болатын элементтің ішкі кедергісі қандай? (1 Ом)
2. Қалта шамы батареясының ЭҚК – і ε = 3, 7 В, ал ішкі кедергісі r = 1, 5 Ом. Батарея r = 11, 7 Ом, кедергіге жалғанған. Батареяның қысқыштарындағы кернеу қандай?
(≈3. 3 B)
3. Батареяның ЭҚК – і ε = 6 В, оның ішкі кедергісі r = 0, 5 Ом, тізбектің сыртқы кедергісі R = 11, 5 Ом. Тізбектегі ток күшін, батарея қысқыштарындағы кернеуді және ондағы ішкі бөлік үшін кернеудің түсуін анықтаңдар.

Жаңаөзен мектеп – лицейінің физика пәнінің мұғалімі
Құттыбаева Ұлжан
Толық тізбек үшін Ом заңы жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/