«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-ы қызметінің техникалық-экономикалық талдауы туралы қазақша

0
2
Advertisement

Қазақстан мұнайын сатудың дәстүрлі нарықтары болып Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия саналады. Алайда экспорт көлемдерінің ұлғаюы барысында осы нарықтарда Қазақстанның бірқатар елеулі қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Еуропалық нарық — орнықты жэне дамып отырған нарық. Одан өзге, Солтүстік теңізі мүнайының қорлары бірте-бірте азайып келеді, ал норвегиялық «қара алтынды» біртіндеп каспийлік мұнай ауысты-руы әбден мүмкін. Жылына қырық миллион тоннаға дейін қамтитын көлемдегі ресейлік бәсекелес мұнай Еуропада Тиман-Печорск бассейні табысты іске қосылған жағдайда ғана пайда бола алады. Сондай-ақ маңызды бэсекелес деп: соғыстан кейінгі табысты экономикалық және саяси тұрлаулылық жағдайында мұнай экспортын жұмыс істеп тұрған қуаттарында-ақ жылына 150 млн. тоннаға жеткізе алатын Иранды және Әзірбайжанды тануға болады. Рас, әзірбайжандық жобаларда кейінгі уақытта барлаудың жетістіктеріне де, тасымалдаудың шарттарына да қатысты қиындықтар туып жатыр.

Қазақстанның құрлықтан өндірілетін мұнайының түпкілікті өзіндік құны (барлауды, өндіруді және тасымалдауды қоса есептегенде, бірақ салықтарсыз) еуропалық порттарға жеткізілгеннен кейін тоннасы үшін — 47 доллардан 75 долларға дейін, қайраңнан өндірілетін мұнайдың өзіндік құны бір тонна үшін 100 долларға жуық сома болып отыр. Каспий қайраңында мұнай өндіру бойынша өндірістік шығындарға тасымалдау мен транзит үшін жұмсалатын шығындарды қосу керек: ол баға бэсекелес аймақтарға қарағанда, тасымалданатын бағыттардың күрделілігіне қарай, Қазақстан үшін айтарлықтай жоғары болып саналады. Қазақстан мұнайын тасымалдау шығындары сату бекеттеріне дейін бір тонна үшін — 23-тен 31 долларға дейін.

Егер пайдалылықты 10%, сондай-ақ қазақстандық мұнайдың экспорттық құны мен «Brent» мұнайына әлемдік бағаның арақатынасы 0,75-0,90 деп жорамалдасақ, Каспий мұнайын тасымалдау бағытына байланысты бәсекеге қабілетті бола алатын ең төменгі дүниежүзілік баға бір тонна үшін 120-140 доллар (немесе бір баррелі үшін 20 доллардан аз) болуға тиіс.

Бәсекелес аймақтардың көпшілігінде (төменірек тасымалдау шығындарын қоса есептегенде) өндірудің жеткілікті табыстылығын қамтамасыз ететін ең аз әлемдік баға елеулі дәрежеде төмен. Енді бұл жерде алғашқы қиындық пайда болады — еғер элемдік бағалар бір баррель мұнай үшін 20 доллардан төмен түссе, онда Каспий мұнайы еуропалық нарықта бәсекеге қабілетті болып шығады. Бүгінгі таңда бәсекелестік күрестің негізгі «құралы» — Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мұнай құбыры. Қазақстан тарапынан ғана өне бойы оның өткізушілік қуаттарын ары қарай арттыру жөнінде бастама көтерілетіні кездейсоқ емес. Сонымен бірге экспорттық бағыттарды эртараптандыруға тырыса отырып, Қазақстанның Баку-Тбилиси-Жейхан жобасына қатысатынын айтуымыз керек.

Алайда әзірше бұл жобаның экономикалық емес, саяси сипаты басым болып отыр, өйткені бірінші кезеңде танкерлермен Бакуге дейін бес млн. тонна мұнай тасу жорамалданған. Мұнай өндірудің артып бара жатқан қарқынын (2011 жылы ғана 80 млн. тоннаға жуық) ескергенде, бұл тек қана — «теңізге тамған тамшы». Теңіз бойынша тасымалдау көлемдерінің айтарлықтай өсуі неғайбыл. Бұл мәселені Каспийдің терең қойнауы (түбі) бойынша жүргізілген құбыр шешуі мүмкін. Алайда Бұған Ресей үзілді-кесілді қарсы: оның келтіретін уәжі — Каспийдегі экологиялық және сейсмологиялық жағдайдың нашарлығы. Еуропалық нарықтарға апаратын келешегі зор жол — ол Балтық құбыр консорциумына қатысу. Оның үстіне, Ресей президенті В.Путин аталған құрылыстың салынуына және пайдаланылуына қатысуға ұсыныс жасады. Бірақ бұл жерде де ескерілетін жайттар бар. Атап айтқанда, қазақстандық мұнайды Ресей аумағымен айдауды жүзеге асыруға тиіс «Мұнай тасымалы» («Трансмұнай») квотасы, әлбетте, өзінің талаптарын қоятын болады.

Азия-Тынық мұхиты аймағы (АТА) елдерінің нарығы, оның ішінде, бірінші кезекте, Қытай нарығы, еуропалыққа қарағанда серпінділеу. Алайда бұл бағытта Қытайдың шекарадағы Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы (СУАР) маңызды рөл атқарады. СУАР-да да мұнай өндіріледі, бірақ ол мүлдем жеткіліксіз — тапшылықтың жыл сайынғы болжамы 20 млн. доллармен бағаланады. Қазақстан-Қытай мұнай құбыры нақ осы сұранысты қанағаттандыру үшін кейіннен 40-45 млн. тонна көлемінде мұнай тасымалдау мүмкіндіктеріне есептеліп отыр.

Сондықтан Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбырын, негізінде, ұзындығына (2800 шақырымға жуық) қарамастан, экономикалық тұрғыда өтеледі деп санау ға болады, оның үстіне, бәсекелес Таяу Шығыс мұнайын СУАР-ға жеткізетін инфрақұрылым жоқ. «ҚазМұнайГаз» компаниясының көлік инфрақұрылымы және сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры Қайыргелді Қабылдиннің ақпараты бойынша, осы жылдың қаңтарында алғашқы 97 шақырымдық құбыр (15 шақырымы құрылыс орнында) жобасы алынуға тиіс, ал наурыздан, яғни қолайлы ауа райы орнаған кезден бастап, оларды салу іске асырылатын болады.

Осы айтылғандарға сүйене отырып, әлбетте, Батыс Еуропа нарығында Қазақстанның қайраңнан өндірілетін мұнайын қатаң бәсеке (оның ішінде баға бәсекесі) күтіп тұрғанын, сонымен қатар жиынтық ұсыныстардың молдығы нарықты оңай бұзуы мүмкін екенін болжауға болады. Екінші жағынан, азиялық бағыттың сұраныс көлемі мен құрылымы жағынан келешегі үміт күттіреді.

Шетелдік инвесторларды белсенді тарту сөзсіз орын алады, өйткені қазақстандық мұнайды құрлықта жэне қайраңда игеру үшін жыл сайын 10 миллиард долларға жуық инвестиция келтіру қажет.

Мұнай өндіру саласына тартылатын жыл сайынғы жиынтық әлемдік инвестициялар 70 миллиардтан 100 миллиард долларға дейін болатыны жорамалданады. Дүниежүзілік өндірудің 3%-ін ғана қамтамасыз ету үшін, өндірудің және жеткізудің өзіндік құны салыстырмалы түрде жоғары болғанмен, әлемдік инвестициялардың 10%-інен артығын келтіру — Қазақстан үшін айтарлықтай қиын іс болмақ. Сондықтан бұл саланың дамуын мықтап тежейтін негізгі фактор болып инвестициялық қорлар үшін ғаламдық бэсеке шығуы әбден мүмкін. Қашаған әзірлемесі секілді көптеген жобалардың іске қосылуының созылып кетері анық.

Мұнай компанияларының табыстарына салық салудың жаңа сызбанұсқасы енгізілді. Салық жүктемесінің таза пайдаға қатысты жаңа деңгейі — 60-85% (бұрынғы көрсеткіштер 25-30% болған). Салық салудың жаңа ережелері, нарықтық бағаларға байланысты, жүктеменің деңгейін шамамен тоннасына 50 долларға дейін және одан да жоғары көтеріп жіберді.

2004 жылғы қаңтардың 1-інен Қазақстанның Салық кодексі жер қойнауын пайдаланушылар үшін салық салудың екі үлгісін қарастырған. «Салықтар+Роялти» үлгісі жер қойнауын пайдаланудың үстеме пайдасына ренттік салық енгізуді жэне салық шарттары тұрлаулылығының болмауын көздейтін. «Өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) үлгісі Қазақстан Республикасына: өндірілген мұнайдың жалпы көлемінде пайдалану кезеңінен инвесторлардың салымдарының өтелімділігі мерзіміне дейін 20% деңгейінде, өтелімдік нүктесіне жеткеннен кейін 60%) роялти жэне ең аз нақты үлес төлеуді көздеген-ді.

Алайда инвесторлар жаңа келісім-шарттарға қол қоюды ұзаққа созып жіберді (өткен жылы бірде-бір жаңа келісім-шарт жасалған жоқ). Соған байланысты Ресей мұнайшыларының, оның ішінде, «Ресеймұнай» («Құрманғазы» блогын эзірлеу бойынша ҚМГ-нің ресейлік серіктесі) басшысы Сергей Богданчиковтің Каспий қайраңында салық салудың жаңа шарттарымен қоса мұнай өндірудің тиімділігі деңгейіне қатысты айтқан күмәнді сөздері өте көрнекі көрінеді.

Нәтижесінде, Қазақстанның өзінің ұстанымын біршама жұмсартуына тура келді. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салықтар-Роялти» үлгісіне үстеме табысқа салынатын салықты азайту жағына қарай түзетулер енгізілді, ӨБК үлгісінде роялти төлеу алынып тасталды және ҚР үлесі 20/60-тан 10/40-қа өзгертілді.

«Инвесторларды қашанда тұрлаулылық тартады, ал бүгінгі күні заң көбінесе тұрлаусыздық туралы айтады», — деген пікірді Румынияның «Петролеум» мұнай компаниясының мұнай-газ жобалары бойынша бас маманы Байкен Жақыпов айтқан-ды.

Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.

#Қазмұнайгаз #ҰК #АҚы #қызметінің #техникалықэкономикалық #талдауы

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз