Отандық мұнай-газ компанияларын әртараптандыру | туралы қазақша

0
1
Advertisement

Отандық мұнай-газ компанияларын әртараптандыру жолдары және капиталдандыру деңгейін көтеру. 1997 жылдан бері қарай «ҚазМұнайГаз» корпорациясы кен орындарының санын өзгертпестен, өзінің кен орындарында мұнай өндіруді 4,8 млн. тоннадан 9,34 млн. тоннаға дейін (35,3 баррельден 68,7 млн. баррельге дейін) арттырды. Мұнай өндірудің артуы кен орындарын зерттеу жүйесін оңтайландыру, жаңа ұңғымалар енгізу есебінен де, мұнай өндірудің қарқынды (өндірудің қайталама әдістері деп аталатын) технологияларын қолдану есебінен де орын алғанын айтуымызға болады. Егер 2003 жылға дейін мұнай өндірудің негізгі өсімі ұңғымалар қорын қалпына келтіру, жерасты және жерүсті құрал-жабдықтарын жаңарту есебінен болса, ал 2003 жылдан бастап, мұнай өндірудің артуы қыртыстардың (қабаттардың) мұнай беруін көтеру технологиясын қолдану, әрі ұңғымалар ағындарын үдету есебінен орын алатын болды. Егер сандар тіліне көшсек, онда 2000 жылы шөгінділердің мұнай беруін көтеру технологиясын қолдану арқылы өндірілген мұнайдың үлесі 1%-тен аз болса, ал 2011 жылы енді 17%-тен артық болды.

Өзен кен орнында мұнай өндірудің елеулі өсіміне компания қыртыстарды гидравликалық ажырату технологиясын қолдана бастағаннан кейін, 2003 жылы қол жетті. Алынған нәтижелерді ескере отырып, осы бағыттағы жұмыстарды ары қарай жалғастыру жоспарланған.

Зерттеліп жатқан кен орындарының геологиялық құрылысы күрделі екенін айтуымыз керек. Осыған байланысты геофизикалық зерттеулердің алдыңғы қатарлы, қазіргі заманға сай әдістерін кең қолдану — компанияның оларды зерттеуін тиімді оңтайландыруына мүмкіндік туғызады.

Компания зерттелуші кен орындарының геологиялық құрылысын анықтау үшін сейсмикалық барлау нәтижелерін табысты енгізіп отырады, әрі соның негізінде, өткізіліп жатқан геологиялық-техникалық іс-шаралардың тиімділігін көтеру, су тасқындары жүйелерін оңтайландыру мақсатында геологиялық-гидродинамикалық үлгілер құруды жүзеге асырып, ақырында, мұнай өндіру шығындарын азайтады.

Одан өзге, геологиялық-гидродинамикалық үлгілерді құру: кен орны бойынша қолда бар геологиялық, гидродинамикалық және кәсіптік ақпараттардың бэрін жан-жақты пайдалануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, көмірсутегінің қалған қорларын өндіру серпіні қадағаланады, мұнай мен газ өндірудің көлемдерін жоғары дәрежедегі ықтималдықпен болжау орындалады. Геологиялық-гидродинамикалық жүйенің бөлінбес бөлшегі болып жаңа сапалы деңгейде кен орнын зерттеуді басқару міндеттерін шешуге мүкіндік туғызатын үшөлшемді көру орталығы саналады.

Атап айтқанда, геологиялық-гидродинамикалық үлгілерді құру үшін қажетті деректер ретінде қолда бар және жинақталған геологиялық-гидродинамикалық ақпараттарды қолдануға болатынын атап өткен жөн. Соған байланысты геологиялық-кәсіптік деректерді ұқсас түрлерінен электрондық форматқа көшіру бойынша орасан үлкен жұмыс жүргізіледі. Барлық кен орындары деректерінің электрондық банкін құру бойынша жұмыстарды аяқтауды «ҚазМұнайГаз» корпорациясы 2011 жылдың аяғына жоспарлаған-ды. Сонымен қатар мұнай кәсібі нысандарын, құрылыстарын, инженерлік коммуникацияларын паспорттау, сақтау және компьютермен интерактивті (сұхбаттасу) режимінде жұмыс істеудің арнаулы техникалық жэне технологиялық ақпаратын сақтау және тікелей алу мақсатында «Өндірістік инфрақұрылымның геоақпараттық жүйесі» құрылды.

Өндірістік үдерістерді өз кен орындарында жан-жақты автоматтандыру барлық технологиялық үдерістерді және құрал-жабдықтардың жұмысын үздіксіз бақылау мен басқару үшін қажет. Өндірісті басқарудың тиімділігі мен жеделдігін көтеру, ұңгымалардың жұмыс режимдерін оңтайландыру, ұңғымалардың жоспарсыз тоқтатылуы уақытын азайту, ұңгымалардың технологиялық жэне апаттық тоқтатылуынан болатын шыгындарды болдырмау, кен орындарында еңбек өндірімділігін көтеру — осының барлығы шығындарды төмендетуге және мұнай өндіруді арттыруға септігін тигізеді. Мысалы, 2005 жылы Өзен кен орнын автоматтандыру жобасының бірінші сатысы іске асырылды. Технологиялық үдерістерді автоматтандырудың осыған ұқсас жұмыстары ағымдық жылда «Ембімұнайгаз» компаниясының өндірістік филиалында, атап айтқанда, «Шығыс Молдабек» кен орнында да басталмақ.

Одан өзге, компанияны басқарудың тиімділігін көтеру мақсатында 8АР/ЯЗ негізінде кәсіпорынды басқарудың көпсалалы автоматтандырылған жүйесі құрылады. Оның енгізілуі бизнесті — компания үдерістерін автоматтандыруға, корпоративтік басқарудың тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Өзенмұнайгаздың» өндірістік филиалындағы жүйелерді тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі — көмірсутекті қорларды толықтыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. 2006 жылдан 2010 жылға дейінгі кезең аралығында «ҚазМұнайГаз» АҚ-ы жаңа алаңдарда, оның ішінде: Р-9 блогы, «Тайсойған» полигоны, Лиман блогы бойынша және Өзен кен орнына іргелес жатқан аумақтарда геологиялық барлау жұмыстарын өткізуді жоспарлаған. Компания барлау нәтижесінде келешекте алынатын қорларды 1,5 млн. тоннаға (11,2 млн. баррель) және болжамдық дайын қорларды 25,2 млн. тоннаға (187,7 млн. баррель) жеткізе толтыруды жоспарлап отыр.

Іздестіру блоктары геологиялық-геофизикалық зерттеушіліктің жоғары дәрежесімен сипатталады және сондықтан дәстүрлі құрылымдық шарттарға байланысты мұнай мен газдың қорларын ашу ықтималдығы өзгеше төмен. Сол себепті жаңа кен орындарын ашу озық, дәстүрлі емес, құрылысы жағынан күрделі құрылымдар тұрпаттарын дайындаумен байланыстырылады. Бұл, өз кезегінде, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу барысында дәстүрлі әдістермен қатар, құрылымдарды картаға салуға ғана емес, сонымен бірге бұл нысандардың келешектерін де айқындауға бағытталған жан-жақты қосымша кешенді зерттеулер жүргізуді де талап етеді. Сөйтіп, дәстүрлі әдістерді қолданудан өзге, компания тәжірибелік-техникалық енгізу режимінде орындалатын жұмыстармен де айналысады.

Ондай тәсілдердің бірі — төмен жиілікті сейсмикалық ауытқушылықтарды тіркеуге негізделген инфрадыбыстық бәсең саралаушы спектроскопия әдісі: ондай ауытқушылықтардың табиғаты көмірсутектері кендерінің (қорларының) бар екенін дәлелдейтін толқындардың өзгеруіне байланысты. Осындай әдісті пайдаланып зерттеулер жүргізу болашақта барлау жасалатын алаңдардағы кендерді болжау мүмкіндігін береді, ол бүл, өз кезегінде, іздестіру-барлау және пайдалануға арналған үңғымалардың барынша оңтайлы желісін құруға жағдай туғызады.

Геологиялық және геофизикалық материалдарды жан-жақты зерттеуге, түсіндіруге негізделген жаңа әдістемелерді қолдану, ақыр соңында, бүрын зерттелген сейсмикалық салалар бойынша құрылымдардың нақты өлшемдерін талдауға елеулі шығындар шығармайақ бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.

Нысандардың болашағын мүнай бар аймақтары бойынша бағалауға мүмкіндік беретін әдістердің бірі ретінде украин геофизиктері әзірлеген «Сейсмоциклит» әдістемелік кешенін атауға болады. Бұл әдістеме, қалыптасуы шарттары бойынига, сейсмикалық аумақты біртекті қыртыстар мен циклиттер етіп бөлшектеуге; олардың осы қыртыстарға ғана тән сейсмикалық толқынды өлшемдерін анықтауға; кен орнын амплитудалық-жиілік сипаттамалары бойынша зерттеуге; тығыздықтарды ажырату аймақтарын немесе көмірсутектерін келтіру арналарын бөлуге; құрылым шектерінде коллекторлар мен қақпақтардың болуын және олардың сапасын анықтауға негізделген.

Осы әдіс бойынша кен орындарында жүргізілген зерттеулер болашағы бар учаскелерді ажыратуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта алынған нәтижелер бүрғылау арқылы сынақтан өткізіліп жатыр. Компанияның дәстүрлі әдістермен бірге әртүрлі жаңа, озық әдістемелерді қолдануы төмендегілерді іске асыруға мүмкіндік туғызды:

С.Нұржанов атындағы кен орнында триас көкжиектерінің қүрылымдық шарттарын анықтау және құрылымын сипаттау мүмкін болып, кен орнында жете барлау жұмыстарын жүргізуді талап ететін мұнай мен газдың айтарлықтай әлеуетінің бар екенін көрсетті. Қазіргі уақытта ол жерде белгіленген өнімді көкжиекті қадагалау мақсатында ұңғыма бұрғылау жүріп жатыр;

«Ақінген» кен орнында тиісті зерттеулер жүргізілгеннен кейін оңтүстік қанат құрылысының өзгергені анықталып, ол Юрск шөгінділері бойынша бұл қанаттың келешегін жаңаша бағалауға жағдай-туғызды. Юрск кешенін жете барлау мақсатында қазіргі таңда жаңа құрылымдық шарттарда барлау ұңғымасы орнатылды;

«Қарамандыбас-Өзен» кен орнында Юрск қалыңдықтарының триас кешені және төменгі көкжиектер бойынша қосымша құрылымдық қақпандар бөлінген. Жаңа нысандарды жеткілікті дәрежеде жете барлау мақсатында іздестіру ұңғымасы бұрғыланып, Юрск шөгінділерінің төменгі бөлігінде өнімді көкжиектер анықталды. Бұл компанияның ең бір ірі кен орнында мұнай мен газға бай қосымша әлеуеттің бар екенін жорамалдауға мүмкіндік береді.

Шетелдік компаниялардың қызметіне қатысты айтсақ, «Шелл» компаниясына тоқталып өтуімізге болады. Әрбір бес жыл сайын «Шелл» даму үлгілерін құру мақсатында саяси, экономикалық және іскерлік ахуалды танып білу зерттеулерін жүргізеді. Ондай үлгілер инвестициялық үдерістің әлеуетті стратегияларын зерттеуге және талқылауға болатын шектерді құрады.

Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.

#Отандық #мұнайгаз #компанияларын #әртараптандыру

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз