Қазақстанның валюта жүйесі — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Қазақстан 1992 жылдан әлемдік валюта қорының (ӘМҚ) мүшесі болып табылады. Сондықтан өзінің валюталық жүйесін Ямайкалық әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық принциптерін ескере отырып құрады. 1993 жылдың қарашасынан бері ұлттық валюта жүйеміздің негізі — теңге ендірілді.
1996 жылдың 24 желтоқсанында ҚР-ның «Валютаны реттеу туралы» Заңы қабылданды. Содан бері оған 9 рет өзгерістер мен қосымшалар енгізілді. Қазақстанның валюта Заңының негізгі элементтері төмендегідей:
- валюта заңының басты-басты түсініктерін нақты анықтау;
- валютаны реттеу мен валютаға бақылау жасаудың тәртібі;
- валюталық операциялар оларды өткізудің рұқсат етілу тәртіптері;
- шетел валюталарын, құнды қағаздарды әкелу мен сыртқа шығарудың тәртібі;
- халықаралық төлемдер мен жіберудің тәртібі.
Осы Заң бойынша конвертирленудің бір бөлік (ішкі) ережесі бекітіліп, валюта жүзуінің біркелкі бағыты ендірілді.
Валюталық операцияларға жекеменшіктік және басқа құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланыстылығы, шетел валюталарын әкелу мен сыртқа шығару жатады.
Валюталық құндылықтар — шетел валютасы, құнды қағаздар, шетелдік валютамен жүргізілетін төлем құжаттары, аффинацияланған сом алтын.
ҚР аумағында резиденттер (Қазақстан азаматтары) мен резидент еместер (шетелдіктер) жүргізілетін валюталық операциялар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өкілетті банктер мен өкілетті ұйымдар арқылы атқарылады.
Резиденттер арасындағы барлық төлемдер мен ақша жіберу операциялары ҚР-ның ұлттық валютасымен ғана жүргізілуге тиіс.
Валюталық операциялар капитал қозғалысына байланысты күнделікті операцияларға бөлінеді.
Күнделікті операциялар мыналар:
- төлем мерзімін кейінге қалдыруды қарастыратын экспорт-импорт келісімдерінің есебін жүзеге асыруға арналған ақша жіберулер, немесе 180 күннен аспайтын мерзімге тауарлар үшін берілетін авансалық төлем;
- салымдар, инвестициялар, заем мен басқа да операциялар бойынша ақша жіберу, үлес пайдасын алу, сыйлықтар мен түрліше табыстар;
- гранттарды, мұрагерлік сомаларды қоса есептегенде саудалық сипаты жоқ ақша жіберулер.
Капиталдың қозғалысына байланысты операциялар:
- инвестицияларды жүзеге асыру;
- ақыл-ой мүддесінің объектілеріне толық құқықтарды беруді қарастыратын келісімдер бойынша есептеулерді жүзеге асыратын ақша жіберілуі;
- 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру мен оларды алу;
- құнды қағаздарға ие болатын — портфель инвестициялары;
- қозғалымсыздыққа деген мүліктік құқықты өтеуге жіберілетін ақшалар;
- зейнетақылық активтермен, сақтандырумен, қайта сақтандырумен және т.б. байланысты халықаралық ақша қатынастары.
ҚР-дағы валюталық операциялардың құқықтық жайындағы ғылым ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2001 жылдың сәуірінде қабылданған №115 қаулысының ережесіне, 2002, 2003, 2004 жылдары қосылған өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстанның валюта жүйесінің маңызды элементтері болып валюталық реттеу мен валюталық бақылау саналады.
ҚР-да валюталық реттеудің негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. ҚР-ның Үкіметі мен басқа да мемлекеттік органдар валюталық реттеулерді өз ырықтарының деңгейінде жүзеге асырады.
ҚР-ның Ұлттық банкі шетел валютасы мен құнды қағаздардың шетел валютасындағы ауқымы мен айналыс тәртібін анықтайды, резиденттер мен резидент еместердің орындаулары жайлы міндетті нормативтік актілер шығарады, экспорттық операциялар төлемін өтеуге шектеулер қояды, лицензиялар береді, шетелдік валютамен операциялар жасау лицензияларын тоқтатып, олардың күшін жояды, олар бойынша есеп беру түрлерін анықтайды.
Ұлттық банк мен ҚР-ның Үкіметі және сондай-ақ олардың агенттері валюталық операцияларды жүзеге асыру барысындағы заңдылықтарды қамтамасыз ету үшін валюталық бақылау жүргізеді.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыттары мыналар:
- жүргізуші экспорттық — импорттық валюталық операциялардың заңға сәйкестігі мен олар үшін қажетті лицензиялар мен рұқсаттардың бар-жоқтығын анықтау;
- төлемдердің негізді екендігін тексеру;
- валюталық операциялар бойынша жүргізілетін есептер мен есеп берудің толықтығы мен дұрыстығын тексеру.
Валюталық бақылау ҚР Ұлттық банк басқармасының 2001 жылдың 5 қыркүйегінде қабылданған №343 (3.06.02., 17.06.02 ж.б. кездердегі өзгерістер мен қосымшасы бірге) қаулысының нұсқауына сәйкес жүзеге асырылады.