Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР агенттігі (ҚҚА) — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

ҚР реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі (ҚҚА) Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеуші және қадағалаушы өкілетті орган болып табылады. Ол өз қызметінде тәуелсіз, тікелей Президентке бағынады, сондай-ақ ҚР Президенті бекіткен Ереже негізінде кызмет етеді. ҚҚА өз қызметін 2004 жылы 1 желтоқсаннан бастады.

ҚҚА міндеттері:

  • қаржы қызметін тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеу шараларын іске асыру;
  • шынайы бәсекелестік қағидалары негізінде қаржы ұйымдарының тиісті түрлерінің жұмыс істеуіне тең жағдай жасау;
  • қаржы ұйымдарының қызметін реттеудің және қадағалаудың стандарттары мен әдістерінің деңгейін көтеру, қабылданған міндеттемелердің дер кезінде және толық орындалуын қамтамасыз ететін шараларды қолдану.

ҚҚА атқаратын қызметі мен құзыреті:

  • қаржы ұйымдары мен филиалдарының ашылуына, өз еркімен қайта құрылуы мен жабылуына рұқсат береді және қайтып алады;
  • қаржы нарығында кәсіби қызмет атқаруға лицензия берудің, оның күшін тоқтаудың және қайтарып алудың тәртібін белгілейді;
  • қаржылық ұйымдар, қаржы қызметін тұтынушылар, өзге де жеке және заңдық тұлғалар міндетті түрде орындауға тиісті нормативтік құқықтық актілерді зерделейді;
  • ҚР Ұлттық банкімен бірлесе отырып халықаралық стандартқа сай қаржылық есеп беру формасын, сондай-ақ олардың тізбесі мен, қаржы ұйымдарының оларды тапсыратын уақыт мерзімін белгілейді;
  • қаржы ұйымдарына әсер етудің шектеулі әдістері мен санкцияларын қолдануды анықтайды.

ҚҚА қаржы ұйымдары мен олардың қосылма тұлғаларын аудиторлық қызметті қатыстыра отырып инспекциялауды мынадай мақсатпен жүргізеді:

  • қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайын анықтау;
  • белгілі тұлғалармен басқару жүйесін анықтау;
  • қаржы қызметін көрсету мен қаржы құралдарын шығару жөнінде өкілеттік берілмеген қызметті анықтау мен ескертулер жасау.

Сонымен, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі кредит жүйесін сенімді әрі үзіліссіз жұмыс істеуін, шаруашылық айналымына көрсетілетін тиімді кредит — есеп айырысу қызметінің пәрменділігін қамтамасыз ету.

Кредит операцияларының көлемін жөнсіз дамытуға және кемітуге жол бермеу үшін кредиттік мекемелердің қызметін қадағалап, оны тиімді арнаға бұрып отырады.

ҚҚА реттеу мен қадағалауды негізінен пруденциалды нормативтер мен міндетті түрде сақталуға тиісті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу арқылы жүзеге асырады.

Пруденциалды лимит дегеніміз — қаржылық мекемелер үшін олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы қызметін пайдаланатын тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында өкілетті орган белгілейтін экономикалық шектеулер. Олар банктерге, банктік емес ұйымдарға, сондай-ақ сақтандыру компанияларына, жинақтаушы зейнетақы қорларына, бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне олардың қызметінің ерекшеліктерін ескеру арқылы белгіленеді.