Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – «Банктердің банкі» — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты — экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық кредит жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы-кредит құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да кредиттік мекемелер оз клиенттеріне — шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкі де соны жасайды. Оның клиенттері — коммерциялық банктер және басқа да кредиттік мекемелер болды. Осыдан келіп, Ұлттық банкіні «банктердің банкі» деп атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкі де банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.
Ұлттық (Орталық) банк «банктердің банкі» қызметін атқару үшін:
- коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;
- коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді;
- жалпы ұлттық ауқымда қолма — қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады;
- банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Ұлттық (Орталық) банкінің маңызды қызметі — банктердің, жинақ және т.б. кредиттік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңдарына сәйкес барлық мекемелер оз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің кредиттік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық (Орталық) банк — коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық — кредиттік мекемелерді кредиттеу қызметін атқарады. Шетелде орталық банктерді «соңғы сатыдағы кредит беруші» деп атайды. Олар — коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толтыру үшін кредиттер береді. Әрине, бұл кредиттер, сауда вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздарымен, немесе банктердін меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық кредиттерді және РЕПО операциялары арқылы кредит береді.
Аукциондық кредиттерді енгізу (1993 жылдың аяғында), кезінде көп қолданатын директивті кредиттерден айрықша кредит ретінде, нақты (нарықтық) пайыз мөлшерлемесін белгілеуге мүмкіндік берді. Астаналық және аймақтық банктер үшін аукциондар бөлек жүргізілді. Кейіннен ауыл шаруашылығы, энергетика сияқты бөлек салалардың қажеттіліктеріне қарай жабық аукциондар іске асырылды. Аукциондарға Ұлттық банкінің белгілеген экономикалық нормативтері және бұрын берілген орталықтандырылған кредиттер бойынша шарттарды орындаған банктер ғана жіберіледі. Банктерге берілетін аукциондық кредиттер — жұмыс істеп тұрған банкаралық ақшалық нарықтың пайда болуының алдында қолданылатын ақша-кредит саясатының уақытша құралы болып табылады.
Банктерге ломбардтық кредит беру, тек ақша массасына бақылау міндетінен туындайтын Ұлттық банкінің лимитімен шектеледі. Ломбардтық кредиттер банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, өз активтерінің құрылымында мемлекеттік бағалы қағаздары және олардың кепілдігі бар барлық банктердің резиденттерін тарта алады.
Ломбардтық кредиттер бойынша мөлшерлемелер қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен жоғары белгіленеді, әдетте, банкі аралық нарық мөлшерлемесінен төмен болмайды.
РЕПО операциясы — екі бөлімнен тұратын қаржылық операция: бірінші бөлімде (РЕПО ашу) Ұлттық банк бастапқы дилерге (тек арнайы лицензиясы бар банктер бастапқы дилер бола алады) бағалы қағаздарды сатады, сонымен бір уақытта Ұлттық банкіге келісімнің екінші бөліміндегі (РЕПО жабу) қатысушыларға ол бағалы қағаздарды сатып алу міндеттемесін жүктеп, ал бастапқы дилерге оларды РЕПО келісімі белгіленген мерзімді Ұлттық банкіге ақша қаражаттарына айырбастау үшін қайтаруды жүктейді. Кері РЕПО операциясының РЕПО операциясынан айырмашылығы — дилер РЕПО-ны жабу кезінде оларды қайта сатып алады.
Бұл операция банктерге қысқа мерзімді кредиттеу немесе банктердің артық өтімді қаражаттарын алу (егер ақша массасын реттеу мәселесі қажет болған жағдайда) үшін қолданылады.
Ұлттық (Орталық) банк банкаралық қолма — қолсыз есеп айырысуларды жүргізеді.
Ұлттық банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпыхалықтық шаруашылықтың есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Осыған байланысты ол келесі қызметтерді атқарады:
— қолма — қолсыз және қолма-қол ақша айналымының ауқымын бақылау;
— бүкіл банктік жүйесі үшін бірыңғай әдістемелік негіздегі елдің бірыңғай есеп айырысу орталығы;
— есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беру ережесін орнату және үйлестіру;
Елімізде қолма — қолсыз есеп айырысудың екі ішкі жүйесі бар. Біріншісі — коммерциялық банктер арасында тікелей есеп айырысу, екіншісі — Ұлттық банкідегі банктердің корреспонденттік шоттары арқылы жасалатын орталықтандырылған есеп айырысулар.
Тұрақты байланыстары бар клиенттердің операциясы бірқалыпты корреспонденттермен тікелей есеп айырысу үшін LORO-NOSTRO орталықтандырылмаған корреспонденттік шоттары бойынша — коммерциялық банктер өзара есеп айырысуларды жүзеге асыра алады.
Ұлттық банк пен өзінің құрамдас бөлімшелері есеп айырбастау кассалық орталығы (ЕКО) клирингтік (қарама-қарсы талаптардың өзара есептелінуі) режимде ашылған бюджеттің кассалық орындалуын бюджеттік банкіге беру және төлем жүйесінің нормасына дейін орталықтандырылған банкі аралық есеп мөлшері міндетті қорлар (резервтер) нормативіне сәйкес келу керек. АҚШ-та федералды резервтік жүйесі банкаралық есеп айырысуларды міндетті резервтер сомасын реттеу арқылы жүзеге асырады. Оларда коммерциялық банктер корреспонденттік шоттарды ашпайды1.
1988 жылы банктік жүйені қайта ұйымдастыру алдында банктік мекемелер арасында бір банктің — КСРО Мемлекеттік банктің филиал аралық айналымдар (ФАА) жүйесі арқылы жасалынатын ақша қаражаттары, КСРО Мемлекеттік банкінің бір мекемесінен екінші мекемесіне клиенттердің есеп айырысу құжаттары негізінде аударылды. Жасалған аудару операциялары тармақты есептеу орталықтарымен тексерілетін болған. Олар бір тармақты мемлекеттік банктік мекемелері арасында жүргізілген есеп айырысуларды әр түрлі тармақтардың арасында жүргізілген есеп айырысуларды, әр түрлі тармақтардың мекемелерінің ағысындағы есеп айырысуларды КСРО Мемлекеттік банкінің Бас есептеу орталығы (БЕО) реттейді.
КСРО Мемлекеттік банк халық шаруашылығындағы есеп айырысулардың жетекшісі — КСРО Мемлекеттік банкінің барлық мекемелері қатаң ұстанатын бірыңғай әдістемесі әрекет етті.
1988 жылдан кейін арнайы банктер пайда болған кезде ФАА арқылы есеп айырысу тәртібі негізінен сақталды. Банктің бір мекемесінен екінші мекемесіне қаражаттар ведомстволық бағыныштылыққа байланыссыз орындалды. ФАА бақылау банкілік мекеменің белгілі бір арнайы банкіге бағыныштылығына байланыссыз жүргізілді. Сәйкесінше есеп айырысулардың бір орталықтан орталықтандырылған реттеуі жойылды. Филиаларалық есеп айырысуларды КСРО Мемлекеттік банкімен бірдей негізде жинақ банктері басқарды.
Клиенттермен жасалатын операцияларын өзіндік баланстарында бейнелейтін арнайы банктердің ФАА жүйесіне автоматты қосылуы басқа банктің балансында ескерілетін қаражаттарға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етті. Осындай нақты ақша қаражаттардың қозғалысы бейнеленбейтін формалды бухгалтерлік жазу жасалады. Мысалы, коммерциялық банкіде «Кредиттік ресурстарды реттеу қорына арнайы банктердің аударған қаражаттары» 816 шоттың дебетінде, «ФАА» шотының кредитінде, Орталық банкте: «ФАА» шотының дебетінде «Банктік жүйенің кредиттік ресурстарын реттеу қоры» 815 шоттың кредитінде көрсетіледі.
ФАА шоттар жүйесінің көмегімен банктер арасындағы есеп айырысулардың формалдығы, оларға депозиттердің экспансиясын кедергісіз өндіруге, инфляцияның тереңдеуіне мүмкіндік туғызады.
Республикамызда банктік реформаның жүзеге асырылуы барысында есеп айырысудың бұл тәртібі өзгертілді.
Төлем құжаттарының барлық түрлерін өндеуді, төлемдерді өтеуді, республиканың бүкіл аумағында есеп айырысуды іске асыруды қамтамасыз ететін Ұлттық банкінің облыстық басқармаларының әрекетін кешенді «КУБАЖ» автоматтандыру жүйесін 1995 жылы ендіру аяқталды.
Ірі және ұсақ сомалардағы төлемдер үшін пайдаланылатын гросс — есеп айырысу жүйесі 1995 жылдың 15 мамырында Алматыда енгізілді. Бұл банкаралық клиенттік жүйенің қатысушылары: барлық банктер және олардың Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарындағы филиалдары, Алматылық клирингтік палатасы болып табылады.
Қатысушының кез келген уақытта корреспонденттік шоттың жағдайы туралы ақпаратты, күнделікті шыққан барлық төлемдерді қарап алу үшін, басқа коммерциялық банкілерден оның атына келген төлемдерді қарау үшін сұрауы да мүмкін. Жүйенің қатысушыларына өздерінің төлемдерінің кезектілігін реттеуге мүмкіндік беріледі. Есеп айыру арқылы өтпеген төлемдер қатысушыға қабыл алмаған, қамсыздандырылмаған төлемдер құны түрінде қайтарылады.
Төлем жүйесінің реформасы шегінде екінші деңгейлі банктер операциондық күнді және біртұтас корреспонденттік шотты өңдеумен айналысады. Біртұтас корреспонденттік шотқа өту екі кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде біртұтас корреспонденттік шотқа өту облыс деңгейінде, ал екінші кезеңде — республика деңгейінде өту қарастырылған.