Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0
258

Ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің (толық немесе ішінара) жаңартылуын көрсетеді.

Жаңа ақша бірлігін енгізумен байланысты ақша реформасы — экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір шарасы және оның кезекті тұрақтылығын көрсетінін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан, Қазақстанда 1993 жылы жүргізілген ақша реформасы мемлекеттің экономикалық саясатымен тығыз байланысты. Ол макроэкономикалық тұрақтылыққа және кезекті ақша-кредит, баға, салық және инвестициялық саясаттың табысына жету мақсатымен жүргізілді.

Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация, ревальвация, девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды.

Латынның «nullificatio» сөзінен нуллификация шығады және ол «жою» деген мағынаны береді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынғы өте құнсызданған ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары енгізіледі.

Осы процедура есепке алуды жеңілдетеді, өйткені материалдық құндылықтардан іске аспаған ақшалай қаражаттар мен жинақ ақшалардың барлығы іс жүзінде жойылады.

Қазақстанда ақша реформасы нуллификация әдісімен жүргізілді, яғни ескі құнсызданған кеңестік рубльдер айналымнан толық шығарылып, жаңа Қазақстандық ақша белгілері — теңгелер енгізілді. 16 жасқа толған адамдардың бірі ауыстырып алатын мүмкіндігі бар ең жоғары шамадағы ақша өлшемі 100 мың рубльді құрады. Ауыстыру тек бір рет қана жасалды, ол туралы паспортта белгі қойылған болатын.

Девальвация латынша «dе» — төмендеу, «valko» — тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің немесе ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетел валюталарына қатысты алтын мәнінің төмендеуін білдіреді.

Қазақстанда, 1999 ж. қыркүйегінде Оңтүстік-шығыс Азия мен Ресейдегі экономикалық дағдарыспен байланысты, америка долларына қатысты теңге бағамының төмендеу жолымен ақша девальвациясы болды (егер 1999 ж. қыркүйегіне дейін теңгенің долларға қатысты курсы 76 теңге болса, ол 130 теңге дейін түсті). Аталған шара отандық өнімнің өндірісі мен тұтынуда өте жағымды рөлін атқарды, сондай-ақ шетел валюталары мен инвестициялардың құйылуына себеп болды.

Ревальвация латынша «ге» — жаңару және «valko» — тұрмын дейтін сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің бұрынғы алтын мәнін қайта қалыптастыруды немесе ұлттық валюта бағымының шетел валютасымен салыстырғандағы жоғарылауын көрсетеді, яғни девальвацияға қарама-қарсы.

Қазақстанда теңгенің ревальвациясы, мұнай мен металға әлем бағаларының күрт есіп шетел валютасының көп ағылуына байланысты 2003-2005 жж. болды. Егер 2003 ж. дейін теңгенің бағамы АҚШ долларына қарағанда 155 теңгеге дейін өссе, соңғы 2 жылда (2003-2004 жж.) ол 1 АҚШ долларға 130 теңгеге дейін түсті.

Латынның «denominatio» сөзін аударғанда деноминация «қайта атау» дегенді білдіреді және арақатынасы бойынша жаңа ақша бірліктеріне ауыстыру жолымен ақша белгілерінің көрсетулі құнын ірілендіруді, яғни ескімен салыстырғанда жаңа бір — атаулы ақша бірлігінің номиналды сатып алу қабілетін көтермелеу жолымен бағалар масштабын ірілендіруді көрсетеді. Деноминацияның негізгі қызметі айналымда ақша жиынының номиналды кемуі болып табылады, нәтижесінде есепке алу жеңілдейді, айналым шығындары қысқарады және ақша айналым жүйесі реттеледі.

Деноминация тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, тарифтердің, жалақылардың, зейнетақы мен жәрдемақының, банктің есепшоттарындағы қаражат қалдықтардың және т.б. бағаларға сәйкес бір мерзімде қайта есептеумен қоса жүреді.

Деноминация бүгінгі таңдағы Қазақстанда өткізілмеген, бірақ Ресейде 1998 ж. ,ол 1000/1 сәйкестілікпен жасалған (реформаға дейінгі 1000 руб. — жаңа 1 руб.).

Қазақстанда 1993 жылы ақша реформасын еткізу қажеттілігі бірқатар ерекше себептермен түсіндіріледі:

— көп жыл бойы әкімшіл-әміршіл және жоспарлы — орталықтандырылған шаруашылық жүйелері халық шаруашылығының барлық салаларында сәйкессіздіктің туындауына себеп болды. Оның ішінде, тұтыну заттарының өндірісіне қарағанда өндіріс құралдарының өндірілуі басым болады. Экономика шикізаттарға бағытталды. Қазақстан КСРО-нің бірден-бір шикізат көзі болды, инфрақұрылым қалып жатқан кезде кен-тау өндірісі дамуға бет алды;

— бағалау көп жағдайда төмендеген немесе нақты орындалған деңгейден қалмауға тырысқан кезде жоспарлы және мемлекеттік тапсырмаларды орындау дәрежесіне қарай өткізілді, бірақ бұл жалақы және басқа ресурстардың қор шамасында көрінген жоқ. Сонымен, экономика тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын шаруашылықты жүргізудің шығын механизмі құрылды;

— орталықта бекітілген баға өнімнің өзіндік құнынан көп артта қалып отырды, ал кәсіпорындардың шығындары мемлекетті ақшалай көмегімен жабылып отырды.

— экономиканың шығындылығынан, үлкен өнімсіз ысыраптардан мемлекеттік бюджеттің тапшылығы туды.

КСРО ыдырауы, экономика құлдырауы, КСРО ақша жүйесінің құлауы, Қазақстанның рубль шеңберінен шығарылуы, ұлттық ақша жүйесінің болмауы — Қазақстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігінің басты себептері болды,

Қазақстанның тәуелсіздік алғанына байланысты ұлттық ақша жүйесін құру үшін ақша реформасын өткізу керек болды. Ол «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 ж. 12 қарашада шыққан ҚР Президентінің Жарлығымен тәжірибеде жүзеге аса бастады. Осы Жарлықпен ұлттық валюта — теңге айналымға енгізілді. Ескі ақшаны теңгеге ауыстыру мерзімі 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де бекітілді. КСРО Мембанктің 1961-1992 жж. рубльдері мен Ресей банкінің 1992 ж. рубльдері қолма-қол ақшаға ауыстырылуы, сондай-ақ рубль есепшоттары, салымдар және міндеттемелер 500 рубль үшін 1 теңге ауысу бағамымен ауыстырылды.

16-ға толған және одан ересек Қазақстан азаматтарының барлығы 100 мың рубльден аспайтын соманы ауыстыра алатын. Ауысым тек бір рет жасалды.

ҚР Ұлттық банк теңгенің валюталық бағамын бекітті: 1 АҚШ доллары — 4 теңге 70 тиын. Теңге 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100-дік купюралармен шығарылды. Бірінші қағаз ақша, кейін ұсақ тиындар шығарылды. Кейінгі жылдары инфляция бірден өсіп, оған сәйкес бағалар мен жалақыда көтерілді. Инфляцияның өсу қарқыны екі белгімен есептелді.

1994 ж. бастап 200, 500, 1000, 2000 теңге купюралары шығарылды. Мыс — никель қорытпасынан 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік ақшалар басылды. 1995 ж. аяғында «Жібек жолы» топтамасын құрайтын жоғары сапалы төрт алтын ақша шықты. Топтамаға 57,74 гр. жалпы салмағымен 1, 2, 5, 10 мың теңгелік алтын ақшалар кірді. Топтаманың бағасы 816 АҚШ доллары болды. Келесі жылдары бұрынғыдан үлкен купюрамен — 5000 және 10000 теңгелер шықты.

Қазақстандық теңгенің өткен жолына ретроспекторлы сараптама жүргізетін болсақ, Қазақстанда нарық өзгерістерін өткізу нәтижесінде, олардың бірінші қадамы, мемлекеттің бағаларды реттеуден бас тартып, ол 1994—1996 жж. бірден девальвацияланды. Оған сәйкес инфляцияда өршіп, оның өсу қарқыны үш, тіпті төрт дәрежені құрды, ел гиперинфляция үстем алған терең экономика дағдарысына кірді.

Себебі, ел нарық өзгерістеріне дайын емес еді. Іс жүзінде нарықтық инфрақұрылым болған жоқ, бұрынғы республикалар арасында экономикалық байланыстар үзілді, меншікті жекешелендіру мен мемлекеттен айыру ешқандай құқықтық негізсіз өтті, бұрынғы жетекшілердің бұндай жағдайда тәжірибесі, жеткіліксіз болғандықтан көптеген кәсіпорындар жұмыс істеуін тоқтатты.

Бағаларды еркін жіберу мен қатал ақша-кредит саясатының нәтижесінде ақша жиынының артығы қысқарып, төлем қаражатының тапшылығы келді. Елді төлем дағдарысы жаулап алды.

Бірақ қатаң ақша-кредит саясатын жүргізудің арқасында 1997 жылдан бастап инфляцияны 1995 жылы төрт дәрежеліден (2163%) 1997 жылы екі дәрежелі (11,2%), ал 1998 жылы бір дәрежесі мөлшерге дейін төмендеді. Осыдан бастап экономика тұрақты дәрежеде дами бастады, ақша айналымы қалыптаса бастады. Әсіресе, экономика соңғы 2000-2006 жылдары экономика жылына 10%-дан өсіп отырды. Ақша айналымы жақсарып мемлекеттің алтын валюта қоры мен 2002 жылы құрылған Ұлттық сақтандыру қоры жылдам өсе бастады. 2006 ж Ұлттық қор 8,7 млрд долл. болды).

Бірақ ақшаның тұрақты курсын, оған сәйкес инфляцияны төменгі мөлшерде ұстап тұруға мүмкін болмайтын да уақыттар болды. Оңтүстік — Шығыс Азиядағы және Ресейдегі экономикалық кризис Уақытында (1998 ж.)ұлттық валюта құлдырауы орын алды, ол екі есеге жуық девальвацияға ұшырады. Бірақ қысқа уақыттың ішінде теңгенің курсы тұрақталып, 2002 жылдан бастап тұрақты түрде күшейе бастады. Мұнай мен тау-кен тауарларына шетке шығару бағаларының өсуіне байланысты шетелден келетін валюталардың тасқыны көп болғанын Ұлттық банк мерзімді валюталық интервенция жасап отыруына тура келді. Себебі теңгенің тым күшейіп кетуі экспортқа кері әсерін туғызады. Экспорттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

2003 жылдың 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы өзінің 10 жылдығын атап өтті. Бұл уақыттың ішінде ол дүниежүзілік ақшалардың ортасынан өзінің елеулі орнын алды. Халықаралық экспортердің балауынша тұрақты және сенімді валюталардың бірі болды.

Теңге — біздің экономикамыздың күре тамыры, оның күйі экономикамыздың жағдайын толық сипаттайды. 10 жылдан астам уақытта балалық ауруларынан аман өтіп басқа валюталардың жүзден астам жыл өткен жолын өтіп тұрақтанды, барлық елдер мойындады.