Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:

  • айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
  • кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
  • Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
  • Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын, өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді; банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының, оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
  • ол банктерге кредит беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы кредит беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді; банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді, әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді; Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-кредит реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша кредиттік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;
  • Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
  • банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
  • бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
  • егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
  • Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
  • қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;
  • Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды;
  • ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
  • ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;
  • Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады;

Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын кредиттік — есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.