Қазақша реферат: Тәрбие үдерісін жүзеге асыру мәселелері

0






Тәрбие үдерісіндегі заңдылықтардың мәні. Тәрбие үдерісін ғылыми негізде жүргізу адам тәрбиесін басқаруға мүмкіндік беретін заңдылыктарды анықтауды кажет етеді. Тәрбие үдерісінде тұракты және қайталанып отыратын, тұлға дамуында тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін байланыстарды тәрбие үдерісі заңдылықгары деп атайды. Тәрбие барысында байкалатын мүндай байланыстардың табиғаты әр түрлі болып келеді. Мысалы, әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы адамды өмірге, еңбекке баулу барысында байқалатын байланыстар, әлеуметтік түлғаны дамытуға қатысты педагогикалык байланыстар, тәрбие жүзеге асырылатын арнайы жүйеде байкалатын педагогикалық үдерістегі байланыстар болып келеді. Байланыстар табиғатына сәйкес заңдылықтарға жіктеледі. Тәрбиенің педагогикалық заңдылыктары — кез келген жағдайдағы тәрбиелеу үдерісіне тән тұрақты қасиеттердің объективті түрде субъект еркіне, үдерістің накты жүруіне байланыссыз байқалуы.






.

Заңдылықтарды анықтау — педагогикалық іс-әрекеттің мұрат (идеал) жоспарының негізін жасауға, тәрбие практикасын реттеуге ықпал етеді. Ал заңдылықтарды ескермеу тәрбие үдерісінің тиімділігін төмендетеді. Жалпы заңдылықтар тәрбие үдерісінің барлық жүйесіне тікелей әсер етеді. Тәрбие үдерісіндегі заңдылықтарды бірнеше түрге бөлуге болады. Жалпы заңдылықтар осы үдерістің маңызды, ең ірі беліктері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Ал осы жүйенің жекелеген бөліктері арасындағы байланыстарды анықтайтын заңдылықтарды нақты деп атауға болады. Тәрбие үдерісі жалпы педагогикалық үдерістің бір бөлігі ретінде осы үдеріске тән заңдылықтарға да бағынады. Сонымен бірге, бұдан да жоғарылау — дамыту, қалыптастыру жүйелеріне тән байланыстар да байқалады.








Тәрбие үдерісінің жалпы және нақты заңдылықтары. Тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін оның жүруі барысында байқалатын жалпы және нақты заңдылықтар мәнін анықтау қажет. Тәрбие үдерісі педагогикалык үдерістің маңызды бөлігі ретінде бірқатар жалпы заңдылықтарға бағынады. Мұндай педагогикалық заңдылықтарға жататындар:
1. Тұлға тәрбиесі оның тұлға ретіндегі белсенділігіне тікелей байланысты. Тек тұлғаның іс-әрекетін белсенді ету ғана оның мүмкіндіктерін ескеріп отыруды қажет етеді.
2. Тәрбие барысындағы тұлғаның іс-әрекетінің мазмұны оның өзекті қажеттіліктерін анықтауға байланысты. Тұлғаның қажеттіліктерін ескермеу оның мінез-күлқындағы ауытқулардың пайда болуына алып келеді.
3. Тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту оны осы іс-әрекетке дайындау қажеттілігін негіздейді, тәрбие тиімділігі біріккен іс-әрекет жасаумен байланысты.
4. Тұлғаның дамуы оның ішкі көңіл күйімен тікелей байланысты. Тәрбиелік іс-әрекетте тәрбиеленушіге деген сүйіспеншілік, құрмет оның тиімді дамуына жағдай жасайды,
5. Тұлғаның дамуы іс-әрекет жетістіктерін тудырумен тығыз байланысты.
6. Тұлға тәрбиесінің нәтижелілігі педагог іс-әрекетінің жабық сипатта болуына да байланысты.
7. Тұлғаға әсерлер тұтастығы да тәрбие тиімділігін анықтайды. Сонымен бірге тәрбие практикасы үшін нақты заңдылықтарды
білудің де маңызы зор. Тәрбиенің нақты заңцылықтары тәрбие үдерісі компоненттері арасындағы байланыспен аныкталады. Енді нақты заңдылықтар мәнін ашып көрсетейік.





.

Тәрбиенің тиімділігі:
1) тәрбиелік қатынастар сипатына байланысты; Педагогикалық әсерлер тиімділігі түлғаның іс-әрекетке оң қатынастарының қалыптасуымен анықталады. Сондықтан тәрбие барысында оң қатынастар қалыптастырып отырудың маңызы зор.
2) мақсаттар мен ұйымдастырылған әрекеттер сәйкестігіне бай-ланысты; Тәрбие барысында қойылған мақсаттарға қолданылатын тәрбие формалары, әдістері және құралдары сәйкес болуы маңызды.
3) элеуметтік тәжірибе мен тәрбиеленушілерге тәрбиелік әсерлер сипаты сәйкестілігіне байланысты; Тәрбиеленушілердің алған білімі және біліктері өмір сүру жағдайларына сэйкес болуы қажет.
4) объективті және субъективті факторлардың жиынтық әрекеттеріне тәуелді; Тиімді тәрбиелеу үшін тиісті жағдайлар жасалуы қажет. Субъективті факторлар ретінде өзара әсерлесу психологиялық климат және материалдық қамтамасыз ету жағдайлары бір-бірімен байланысты жүзеге асырылуы тиіс.
5) тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің интенсивтілігіне байланысты; Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу ұштастырыла жүргізілуі тұлғаның дамуына тиімді жағдайлар жасаудың бір мүмкіндігі болып табылады.
6) педагогикалық өзара әсерлесудегі қатысушылар белсенділігіне байланысты; Тәрбие үдерісінде тәрбиелеушілердің де, тәрбиеленушілердің де тікелей белсенділігі маңызды.
7) дамыту және оқыту үдерістерінің тиімді жүзеге асырылуына байланысты; Тәрбие дамуды жетілдіреді, даму тәрбиенің тиімдірек жүруінің шарты болып табылады.
8) тәрбиелік әсерлер сапасына байланысты; Тәрбиелік іс-әрекет мақсатты түрде жүруі қажет, тиімді қарым-қатынас, тұлғаның жүйелі және жоспарлы, эмоционалдық-еріктік және интеллектуалдық дамуы жүріп отыруы тиіс.
9) тәрбиеленушінің ішкі сферасына ықпал етуші әсерлердің қарқындылығына байланысты; Ішкі сфераға мотивтері, қажеттіліктері, эмоциясы, интеллекті, тұлғасы жатады. Сыртқы әсерлерді тұлғаның ішкі жетістіктеріне айналдыру тәрбие тиімділігін арттырады.
10) тәрбиеленушілердің вербалдық және сенсомоторлық үдерістерінің даму деңгейлері мен педагогикалық әсерлердің біріктірілуіне байланысты; Сөйлеу тілі мен практикалык біліктерін ұштастыра отырып дамыту маңыздылығы басым.
11) тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынастарының сапасы мен қарқындылығына байланысты; Тәрбиеленушінің қарым-қатынас жасау ортасы да оның дамуына тікелей әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!