Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Көңіл мен тіл)

0
59

Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Көңіл мен тіл) казакша Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Көңіл мен тіл) на казахском языке

Көңіл мен тіл
Тіл – көңілдің тілмашы,
Көңілдің жоқ сырласы.
Тілмашыңды оң жұмсап,
Теріске, көңілім, бұрмашы.
Айтқанын қып қожаныңның,
Тілім қарап тұрмашы!
Аңғырттанып беталды,
Масқара мені қылмашы,
Тым құқтыртпай тия ұста,
Тілмашыңды, мырзасы.