Гүлнәр Шәмшиева | өмірбаяны

0
79

Гүлнәр Шәмшиева 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған.

Мектеп бітірген соң Түркістан құрылыс басқармасында сылақшы-сыршылар бригадасының бригадирі болған.

1982 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

1982–1990 жылдары Атырау қаласындағы облыстық радиода, 1990 жылы «Ақ желкен» журналында қызмет атқарған.

«Арайлы таң», «Қаракөз дәурен» атты жыр жинақтары, «Рахман нұры» деген эсселер кітабы бар. Көптеген әндердің авторы.