Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Көзқарас)

0

Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Көзқарас) казакша Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Көзқарас) на казахском языке

Қыздарға қарайықшы қарындас деп,
Жадырап жүрейiкшi жаның жас боп.
Ойлайықшы перiште былай тұрсын,
Пенде де түзеу жолдан жаңылмас деп.
Жақсылықты жасайық күшпен дара,
Қарияға болайық iскер бала.
Салқындық деген сөздiң мағынасы,
Байланысты болсыншы қыспен ғана.
Iздейiкшi болсада қоныс қашық,
Түзейiк жүргендердi шалыс басып.
Қол жұмсау деген сөздi ұмытайық,
Жүрейiк керiсiнше қол ұстасып.
Жайқалып өспеу үшiн дар ағашы,
Iзеттiлiк бақшасын аралашы.
Пендешiлiк деген сөз болса екен,
Жақсылық деген сөздiң баламасы,
Неге адамдар өкпелеп кек алады?!
Түзейiк шама келсе шекараны.
Күнге «сәлем» берейiк күлiп тұрып,
Құшақтап тұрған кезде жер ананы.
Естi болсаң сөзiмдi «құп» аласың,
Тұрғызайық достықтың мұнарасын.
Нәпсiнiң омыртқасын сындырайық,
Бекiтейiк иманның бұғанасын

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!