Қазақша өлең: 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні (Қыз)

0

Қазақша өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Қыз) казакша Қазақша өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Қыз) на казахском языке

Бір қыз жерге қарайды, бір қыз өрге,
Қайсысы оның татиды үздігерге?
Басыңды көп қатырма, байғұс жігіт,
Анасын көр алдымен, қызды көрме.

Сұлу қыз, мұнша неге бұландадың,
Бос тастап екі қолды, сылаңдадың.
Қолыңа қона қалған қаршыға едім,
Қайтейін, қадірімді біле алмадың.

Жайлауы біздің елдің Құланөтпес,
Бөріге ит қарғысы сірә жетпес.
Жігітке қыз қарғысы майдай жағар,
Десең де «ішің толғыр» еш нәрсе етпес.

Тойдың көркі, топ сәні қыз-келіншек,
Қыз-келіншек дегенде біз көңілшек.
Өмірдің еш қызығы болмас еді,
Бізден қыздар, қыздардан біз бөлінсек.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!