«Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы — Қазақстан және қазақтар туралы — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым-қатынастың ұйытқысы. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу – Қазақстанда тұратын барлық халықтың негізгі міндеті. Тіл – халықтың жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру салтының көрінісі. 
Мектепте оқытылатын «Қазақ тілі» пәні білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, өмірге бейім, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге негіз қалайды. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде. Әрбір қазақстандықтың үш тілді қатар білуіне арналған тіл саясатына сәйкес, сол үдерістің өзегі болып табылатын мемлекеттік тілді  оқыту үдерісін жетілдіруді қажет етеді. 
«Қазақ тілі» пәніне арналған  бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздің алға қойып отырған іргелі міндеттеріне сай және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерді,  ұлттардың бейбітшілік пен келісім өмір салтын қалыптастыру саясатын ұстану қағидаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілді   оқытудың тиімді  әрі сапалы жүйелерін қалыптастыруды көздейді. 
Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін  сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту, оқушылардың сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын қалыптастыру, олардың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени  орталарда  тілдік шектеуді сезінбей, өзін еркін ұстауына  мүмкіндік туғызу — негізгі ұстаным болып табылады. 
Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдер жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау т.б. белсенді әдістерді қолдану  барысында оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері және қоршаған ортаны қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйі ескеріледі.
 

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!