Өлең: Қадыр Мырза Али (Қанден мен Төбет) » ZHARAR

0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қанден мен Төбет) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Қанден мен Төбет) на казахском языке

Қанден айтты Төбетке:
— Ұқсамайсың сен итке!
Келген жұртқа үрмейсің,
Бөгде жанды көрмейсің.
Жүрексізсің, қорқақсың,
Ебедейсіз, шорқақсың!—
Төбет айтты Қанденге:
— Бұлай деп сен бәлденбе!
Жағыңды бір жаппайсың,
Бірақ жанды қаппайсың!
Сырыңды жұрт біледі,
Сондықтан да күледі.
Өтпепті ғой өзіңе
Крыловтың сөзі де!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com