Мен таңдайтын мамандық

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Мен таңдайтын мамандық

Автор: Меңлібаева Мәдина Оңғарбекқызы

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-12


Материал туралы қысқаша түсінік

Материалдың бастауыш сынып мұғалімдері үшін пайдасы мол деп ойлаймын Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер бүгінгі заман талабына сай, тиімді қолданылған. Бастауыш сынып білім берушілерін оқыту үшін бағалаудың тиімді тәсілдері қолданыла отырып, білімдерін арттыруға септігін тигізетін сабақ деп есептеймін. Жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс жасайтын ұстаздар үшін сабақта қолданылған крийтериалды бағалау тәсілі өз көмегін береді деп ойлаймын.




Бекітемін:———————

Тақырыбы Мен таңдайтын мамандық
Мақсаты Оқушылар өлең мәтінін мәнерлеп және түсініп оқуға үйренеді. Мамандықтар туралы біле отырып, өлеңдегі ақынның айтпақ негізгі ой мен идеясын ұғынады.
Күтілетін нәтиже Өлеңді оқи отырып, мамандықтың адам өміріндегі маңыздылығын оқып үйренеді. Өз бетінше жұмыс істеуге, алған білімдерін тиімді пайдаланады.автор туралы мәліметті біледі, өз ойын еркін жеткізе алады.
7 модульдің қолданылуы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»
Қолданылатын әдіс –тәсілдер «Джигсо»әдісі, «сұрақ-жауап» әдісі, «ыстық орындық» әдісі, «өрмекші торы» әдісі
Қолданылатын ресурстар Оқулық, суретті слайд, суреттер, электрондық оқулық, стикерлер, маркерлер
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі «Маршрут» әдісі оқушылар шеңберге тұрады. Мамандықдықтың түрлерін тізбектей тез айтып шығадыТопқа бөлу (мамандық түрлерімен) Мамандық түрлерін айтады. Топқа бөлінеді
Үй жұмысын сұрау «Ыстық орындық» әдісі -Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді?-Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды?-Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты?-Әкесі бұрынғы ойынан неге айнып қалды?-Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің?-Егер сен Әскербектің орнында болсаң, әтешті қалай емдер едің? Оқушылар тапсырманы орындайды

Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту «Қабырғалар сөйлейді» әдісіҚабырғадағы суреттерге қарап қандай мамандық екенін атын жазып шығадыАқын туралы түсінік беру.Өтепберген Ақыпбекұлы (1950 – 2007) – ақын. Қызылағаш ауылы, Қапал ауданы (қазіргі Ақсу), Талдықорған (қазіргі Алматы) облысында туған.Әр жылдары: «Доп», «Футболшы боламын», «Жарыс», «Жарыстан соң жарыс», «Жылдың төрт мезгілі», «Балабақтың бір күні»,. «Экологиялық әліппе», «Қырық қызық», «Балдай тәтті әліппе», «Ажарлы Астана», «Қызықты әліппе», «Айдындағы әліппе», «Керек кітап», «Мен таңдайтын мамандық», т.б. балаларға арналған өлең кітаптары мен кітапшалары жарық көрді.Оқулықпен жұмыс. іштей оқу (оқушылардың оқуы) мәнерлеп тізбектей оқу«Ыстық микрофон»әдісі1.Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталады?2. Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасыз?3.Өлеңде Күләш пен Әміре деп кімдерді айтып отыр?4.Қандай ауыл кәсіпкерлерін білесіңдер?5.Вело-спортшы Қазақстандық олимпиада чемпины кім?6.Қазақстандағы алғаш геолог-ғылым?7.Тұңғыш ғарышкер?8.Өлеңде өз таңдаған мамандығын бар ма?Сөздікпен жұмысҒұмыр- өмірЖалгер-жалданып жұмыс істейтіндерҒанибет – игілікті іс Оқушылар берілген тапсырманы топта талқылап, өз ойларын пікірімен санасады
Кейінгі Тапсырмалар «Өрмекші торы»әдісі “Болашақта мен … мамандығын таңдаймын,себебі … ” Оқушылар өз деңгейлеріне қарай тапсырманы орындайды
Бағалау Мадақтау Бармақ, бағдаршам арқылы бағалайды
Рефлексия Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Пікір алысады Оқушылар сабақтан алған әсерлерін білдіреді
Үйге тапсырма Өлеңді жатқа айту «Менің арманым немесе» «Кім болғым келеді» тақырыбына шағын әңгіме жазу Мәтінді оқиды, жұмбақ құрастырады

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.