«Оны тоқтату мүмкін емес» Тасмағамбетовтің қызы жеке өмірі жайлы айтты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің қызы Софья Қазақстанның үздік 50 суретшісі қатарында. Софья Тасмағамбетова шығармашылығы мен жұмысы жайлы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Софья Тасмағамбетова өзінің үздік суретшілер қатарына енуі қаншалықты маңызды деген сұраққа ойын айтты. Айтуынша, бұл рейтингті сарапшылар жасайтын болғандықтан суретші үшін бұл маңызды рөл атқарады.

Суретші қазір “Евгений Онегин” операсының премьерасына дайындалып жатыр. Спектакль “Астана опера” театрында келесі жылдың ақпан айында өтеді.

Шенеуніктің қызы әлі бірнеше жыл театрда сценограф әрі суретші болып жұмыс істегенді қалайды.

Софья реалистік көркемсурет жанрын жақсы көреді. Бұл жанр көңіл күйі мен түрлі түстілігене байланысты жанына жақын.

Суретші шығармашылық жұмыс болғандықтан уақытының көбі жұмысында өтетінін айтты.

“Жұмыс уақытым түні бойына созылады. Оны тоқтату мүмкін емес. Бір спектакль үшін 300-500 костюм жасау керек болады. Оған сәйкесктендіріп аксессуарлар салу керек”, – дейді София Тасмағамбетова.

Одан бөлек декорация жұмысы уақытты көп қажет етеді. Ал, отбасы жақындары оның жұмысын түсініп, қолдау білдіріп отырады екен.

Загрузка...