Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жұлдызқұрт жасау » ZHARAR

0

Мақсаты: Балаларды бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуді, бүтінді бөлшектеуді, бөліктерді біріктіруге, белгілі бір орынға орналастыруды үйрету. Жәндіктердің тіршілігі мен түрлері туралы мәлімет беру. Әр түрлі мөлшердегі заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жіп, қалампыр, спагетти, қамыр, таяқшалар, майлықтар, түрлі түсті қамыр.
Білу: қамырдың құрамы – су, тұз, ұн, май. Бояу. Мүсіндеудің түрлері – алақан арасына салып жаю қимылдарын түсіндіру.
Игеру: бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуді, бүтінді бөлшектеуді, бөліктерді біріктіруге, белгілі бір орынға орналастыруды. Мүсінделген дөңгелек бөлшектердің үлкенінен кішісіне дейін, қосымша материалды қажеттілігінше қолдануды.
Меңгеру: Жәндіктердің тіршілігі мен сыртқы түрлері туралы мәлімет беру. Әр түрлі мөлшердегі заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Дәлелдеу. Ояту.

Амандасу рәсімі. Бүгінгі сабаққа көптеген қонақтар келіпті енді кісілермен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Мені мен бөл жақсылығыңды,
Толқынмен кетеді ауруың.
Қайғы күндер болмасын,
Жарқырасын ниетін
Ғажайып сәт:
— Балалар қараңдаршы мынау не?
— Бұл жәй жіп емес, сиқырлы жіп.
— Қайда жіп домалап бара жатыр екен байқайықшы?
— Жіп домалап ағаштың түбіне жетеді, ар жағынан сыбдыр мен дыбыс естіледі. Кәне тыңдайықшы, бұл не екен?
Қорапша жапырақтар, ал ішінде жұлдызқұрт. Біреудің жалынышты дауысы естіледі. Жұлдызқұрт маған бірдеңе айтқысы келіп тұр. Ол жалғыз қайда менің аға — апаларым, достарым қайда?
Тыңдашы Альмира, тыңдашы Ләззат.
— Ох — ох — ох?
— Жұлдызқұртқа көмектесеміз бе? Оған арнап достарын мүсіндеп береміз бе?
Мүсіндеуді біз қамырдан бастаймыз, жай қамыр емес түрлі — түсті. Үстел үстінде ыдыстарда ұн, тұз, май, су, бояу.
— Жарайсыңдар!
— Жұмыстың алдында саусақтарымызды жаттықтырайық.
Саусақ жаттығуы:
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан
Саусақтарым әйбат
Былай — былай ойнат.
— Үстел үстіндегі заттарды қараңдаршы не бар екен?
Жасалу жолдарын түсіндіру:
— Балалар қамырды алақанның арасына салып жұмсартамыз.
— Қамырды екіге бөлеміз. Қамырдың бөлінген бөлігін алып тағы да екіге бөлеміз. Бұл бөлшектерден домалатып дөңгелек жасаймыз. Жұп — жұмыр болғанша дейін домалатамыз. Ең үлкен дөңгелекті таңдап алып, бұл басы. Ортаншысы денесі, ал ең кішкентайы құйрығы.
— Жұлдызқұртта неше көз?
— Мұртын салайық, тікендерін салайық, аяқтарын салайық. Балалар жұлдызқұрттарымызды жапыраққа салып апарайық.
— Нұрадин сенің жұлдызқұртың қандай түсті?
— Дариға ал, сенің жұлдызқұртың қандай түсті?
— Ал сендерге ұнады ма жұлдызқұрт?
— Маған да ұнады.
— Балалар сендер ойын ойнағыларын келе ме?
Ойын:
«Қоңыздар мен өрмекшілер»
Ойынның шартын түсіндіру: 1, 2, 3 деп санағаннан кейін мына сиқыр матаның астында қоңыздар мен өрмекшілерге айналасыңдар. Кейін қайтадан астына кіріп балаларға айналасыңдар.

Қорытынды
(Достық шеңберге тұрайық)
— Сабақ сендерге ұнады ма?
— Неге көмек бердік?
— Неден мүсіндедік? …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com