Қазақстанда тағы бір «Алтын адамның» жерленген жері табылды

0
48

Қазақстанның рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары барысында құнды жәдігер табылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Қазақстандық археологтар Ақтөбе облысы Темір ауданында біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдағы сармат көсемінің қорғанын анықтады. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігі Instagram-аккаунтында хабарлады.

Шенеуніктің ақпараты бойынша, тарихи жәдігер Тасқопа елді мекенінің маңында табылған. Бұл жерде алтынмен көмкерілген киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны анықталған еді.

«Есікте, шығыста, Атырауда табылған көне ескерткіштер Ақтөбе облысында жалғасын тапты. Бұл ата-бабаларымыздың жоғары өркениетті қоғамда өмір сүргенін білдіреді. Мен бұл біздің өңірде табылған археологиялық құндылықтардың бір бөлігі ғана деп есептеймін», – деп жазды желіде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Тағы оқыңыз: Ер адам 1,4 килограмм саф алтын тауып алды

Атап өтсек, тарихи жәдігер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүргізілген тарихи, мәдени ескерткіштерді зерттеу жұмыстары барысында табылған.



sputniknews.kz