Lesson Study зерттеу сабағын мектеп тәжірибесіне енгізу.

0







Құрметті ұстаз тілегі сайтының қолданушылары. 05-06.02.2019ж. аралығында сайтта жөндеу жұмыстары жүреді. Сондықтан осы уақыт аралығында сайтта кейбір беттер дұрыс көрінбеуі мүмкін. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Lesson Study зерттеу сабағын мектеп тәжірибесіне енгізу.

Автор: Мұқаш Жазира Қаппарқызы

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Мақала Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2019-02-05


Материал туралы қысқаша түсінік

Lesson Study — мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.




Lesson Study зерттеу сабағын мектеп тәжірибесіне енгізу.

Lesson Study — мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Мұғалімдердің өз тәжірибелерін дамыту, кәсіби шеберліктерін жетілдіру және Lesson Study зерттеу сабағындағы негізгі мақсат әріптестерге қолдау көрсету. Мектебімізде деңгейлік курстан өткен және пән мұғалімдері арасында «Оқыту үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында «Lesson Study» (сабақты зерттеу) тәсілін пайдалану тақырыбында шағын отырыс өткізілді. «Lesson Study» тәсілі арқылы негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру, оқыту мәселесін жетілдіру мақсатында мектепте 11 «Б» сынып оқушыларының жан-жақты дамуына қолайлы жағдай қалыптастыруды зерттеу, талдау жұмыстары жүргізілді. Неге осы сынып таңдалып алынды? Себебі,  11 «Б» сынып жаратылыстану –математикалық бағыт болғандықтан және ұлттық бірыңғай тестілеуге қаншалықты деңгейде дайындықтарын айқындау мақсатында зерттеу жүргізу үшін физика, химия, алгебра пәні мұғалімдерінің бірлесуімен Lesson Study-ді өткізу жоспары құрылды.Тiзбектелген сабақтарды өткiзудегі алғашқы зерттеу сабағы физика пәнінен басталды. Сабақ барысындағы мұғалімнің іс-әрекетi психологиялық ахуал тудырып, оларды стикерлер арқылы топқа бөлді.Сабақ барысында оқушыларға өз бетімен орындау үшін деңгейлік тапсырмалар дайындау ұсынылды. Алғашқы зерттеу сабақтан соң, ойымызды ортаға салып бірлесiп жұмыс жасаудың өзінде де диалогтық oқыту: бiрін — бірі бағалау, cыни сұрақтар қою, танымдық тапсырмалардың толық орындалмағанын, яғни оқушылардың тілдік қорының аз екендігі байқалды.Физикадан екінші зерттеу сабағымыздың тақырыбы: «Трансформатор» болатын. Бұл сабақта оқытудың түрі — жұптық жұмыс арқылы түрлі қызықты тапсырмалар беріп, оқушыларды басқа қырынан тани бастадық. Сабақты жоспарлауда ұйымдастыру бөлімінен бастап, қорытындылау, бағалау бөліміне дейін оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыратындай етіп ұйымдастырды. Lesson Study үш цикл бойынша өткізілді. 1-циклде алғашқы зерттеу сабағы бірлесіп жоспарланып, өткізілді, сабақ соңынан оқушылармен сұхбат жүргізіліп, олардың пікірлері ескеріле отырып,  зерттеу жүргізуші мұғалімдер бірлесе талдау жасап, келесі зерттеу сабағы бірлесе жоспарланып отырды.  Осындай іс-әрекет әрбір зерттеу сабағынан кейін қайталанып отырды.Lesson Study жүргізу үшін А,В,С деңгейлі оқушылар анықтап алынды. Зерттеуге қатысушы әріптестер  карта бойынша оқушыларды бақылап отырды.Екінші зерттеу сабағын талдау барысында шығармашалық тапсырмаларды күрделендіріп беруге ұсыныс жасалды. Алдыңғы сабақтан соңғы ұсыныс, оқушымен сұхбат нәтижесі ескеріле отырып, мұғалімдердің бірлесуімен үшінші зерттеу сабағының жоспары құрылып, өткізілді.3 цикл аяқталған соң мұғалімдердің бірлесуімен Lesson Study қорытындыланды. Нәтижесінде жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытындыға келдік:А деңгейіндегі оқушылар:—  Берілген мәтінмен жұмыс жасай алды;—  Жеңіл сұрақтарға жауап беріп, қатесін тауып, өз бетімен жұмыс жасауға ынталанды.В деңгейіндегі оқушылар:—  Алған білімдерін қолданып, тірек-сызбалармен жұмыс жасай алды;—  Қосымша материалдармен жұмыс жасап, өз бетімен білім алуы үшін жоспар құра алды.С деңгейіндегі оқушылар:—  Проблемалық сұрақтарды анықтап, жауап табуда ізденді. Өз білімдерін шығармашылық тапсырмаларды орындауда, логикалық сызбаларды құрастыруда қолдана алды. Зерттеу барысында мұғалімнің, оқушылардың іс-әрекеті, зерттеу тәжірибесіндегі жетістіктері жүйелі жарияланып тұрды.Оң сәттер:(мұғалім) Сабақтың құрылымы сауатты құрылды, оқушылардың жауаптарын толықтыруға жоғарғы талаптар қоя алды, сабақтың әр кезеңінде уақытты қатаң сақтап, үнемді пайдаланды, жаңашыл әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды.Оң сәттер:(оқушылар) Оқушылар жауапкершілікті сезіне білді, кейбір оқушылар түйінді ойларды айта алады, сұрақтарға тыңғылықты жауап бере алады, қолданылған әдіс-тәсілдерге оқушылар бейімделген.Жақсартуды қажет етеді: Мұғалім оқушыларды топтарға бөлудің басқа түрлерін қарастыру, ұйымдастыру кезеңдерін түрлендіріп өткізу.Жақсартуды қажет етеді: Оқушылардың белсенділіктерін дамыту, тақырып мазмұнына сәйкес сұрақтарды құрастыра білуге дағдыландыру.11 «Б» сыныбында жүргізілген Lesson Study-ді қорытындылай отырып, сабақтағы өз бетімен жұмысты  жетілдіруде  оқушылардың деңгейін міндетті түрде ескерілу керек деген түйін жасалды.  Жеке жұмысты берер алдында, оқушылар тақырыпты топта талдаса жақсы нәтижеге жетуге болады. Сабақта бағалау парағын ұсыну, критериалдық бағалауды енгізу, өздері қол жеткізе алатын нәтиже ғана емес, сабақ бойы  қандай іс-әрекетпен айналысатынымен хабардар болып отыруға мүмкіндік береді, бұл олардың өз-өздерін реттеп үйренуге, өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландырады деген қорытынды жасалды. Ең бастысы, осы зерттеу нәтижесінде 11 «Б» сыныбындағы білім сапасында оң өзгеріс байқалды. 11 «Б» сыныбында жүргізілген «Білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың өз бетімен жұмысын жетілдіру» тақырыбындағы Lesson Study-дің қорытындысы әдістеме отырысында талқыланды. 

Жалпы Lesson Study-дің оқушылар үшін тиімділігі:

  • Жекеленген пәндерге қызығушылығы артады;
  • Болашақ мамандық таңдауға септігін тигізеді;
  • Оқушылардың ішкі уәжі оянады.

Ең бастысы, осы зерттеу нәтижесінде 11 «Б» сыныбындағы білім сапасында оң өзгеріс байқалды.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Нaзapбaeв Зияткepлiк мeктeптepi» ДББҰ «Мұғалімге арналған нұсқаулық» — Алматы, 2014

2. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы. NIS- Астана – 2016.Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-талдамалық журнал «12 жылдық білім беру» № 2, 2015 жыл.3. [1]  Пит Дадли, Lesson Study:  нұсқаулық4.[2]  Құдайбергенова Қ.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми- теориялық негізінде, монографиялық еңбек, Алматы: Дархан, 2008.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.