Күз кереметі, күз мезгілі, көкөністер мен жемістер
Тобы:«Ақбота» II кіші
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Бақшаға біз барамыз, көкөністер аламыз.
Мақсаты:
Білімділік: Көкөністердің бақшада өсетіндігін түсіндіру.
Дамытушылық: Көкөністері сезім мүшелері (көру, дәм сезу, сипап көру) арқылы пішінін, дәмін, түсін анықтай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа баулу.
Әдіс — тәсілдер: АҚ технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы, ойын технологиясы Көрнекіліктер: Күз мезгілі бейнеленген суреттер, «Суретші нені ауыстырып алды?» суреттерінен қызыл сары және қызғылт түсті ұсақ қиылған қағаздары бар бөтелке, әр балаға жетерлік сабан түтікше, үлестірмелі материалдар.
Үштілділік компонент: күз – осень — autumn, жаңбыр – дождь — rain, жапырақтар – листья — foliage.
Мотивациялық қозғаушы кезеңі
П. И. Чайковскийдің «Күз» әуені ойналады.
Дұрыс. Бүгін бізге қонаққа «Сиқырлы күз» келді. (Күз ханшасымның бейнесі теледидардан көрсетіледі)
Ұйымдастырушылық қозғаушы кезеңі 1. Білімді өзектендіру.
— Балалар, күздің (осень) келгенін қайдан білдіңдер?
— Жапырақтардың қурап түсуі – керемет құбылыс. Күзде жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Жапырақтардың жерге қалқып түсуі – әдемі көрініс. Керемет – тамаша.
2. Тыныс алу жаттығулары:
— Кәне, бәріміз бөтелкелерімізде күзгі жапырақтардың қурап түсуін бейнелейік. Балаларға ішінде қызыл, сары қағаздардан жасалған жапырақтары бар бөтелкелерді таратады. Бөтелке аузынан түтікше арқылы үрлеп, жапырақтарды қозғалтады.
3. Билингвальды компонент: күз – осень, жаңбыр – дождь, жапырақтар – листья, құстар – птицы.
Дойын: «Күз нышандары»
Балалар «Күз» бізге көп суреттер алып келіпті. Суреттер бір — бірімен араласып кеткен. Осы суреттердің ішінен күз мезгілін білдіретін суреттерді тауып, әңгімелей отырып тақтаға орналастырайық.
4. Психологиялық жаттығу:
— Ал енді, өзіміз жапырақ боламыз.
Біз жапырақпыз,
Біз жапырақпыз.
Жел тұрса шамалы
Жан — жаққа біз ұшамыз!
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.
Дойын: «Сиқырлы дорба»
Мақсаты: сиқырлы дорбаның ішіне қолдарын тығып, сипап сезу арқылы ұстап тұрған жеміс, көкөністерінің атын атайды.
Рефлексиялық қозғаушы кезеңі
Сұрақ — жауап әдісі арқылы оқу іс — әрекетін қорытындылайды.
— Кім бізге бүгін қонаққа келді?
— Қазір қай жыл мезгілі?
Оны қандай белгілері арқылы білеміз?
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру.
Қолданады: күз жыл мезгілінің ерекшеліктері.
Меңгереді: тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере алу дағдыларын.
Бақшаға біз барамыз, көкөністер аламыз. жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/