Мұса пайғамбар айтты!..

0

Мұса пайғамбар айтты: 
«Ей, Алла-Тағала, адамдарға саулық бердің ауру бермесең не болар еді?»

Алла-Тағала: 
«Ей, Мұса, адамдарға саулық беріп, ауру бермесем, мені ешкім де есіне алмас еді» — деп жауап қайырды.

«Ей, Алла-Тағала, бізге тіршілік бердің, өлімді бермесең болмас па еді?» 
Алла-Тағала былай деп жауап қайырды: 
«Ей, Мұса, тіршілік беріп, өлім бермесем, халық менен қорықпас еді».

-«Ей, Алла-Тағала, адамдар үшін жұмақты жараттың, бірақ тозақты жаратпай-ақ қойсаң болмас па еді?» 
Алла-Тағала айтты: 
«Ей, Мұса, егер тозақты жаратпасам, ешкім менің рақымымнан үміттенбес еді»

Мұса пайғамбар айтты: 
«Я, Алла-Тағала, сен адам болсаң не қалар едің?» 
Алла-Тағала: 
«Мен адам болсам тыныштық қалар едім»-деді.

Құран кəрімде, Алла-Тағала: 
«Сендердің жүректерің мені еске алуларыңмен тыныштық табады»-деді.