«Менің тұңғыш Президентім»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Менің тұңғыш Президентім»

Автор: Артыгалиева Анара Руслановна

Бағыты: Басқа Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 3 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-12


Материал туралы қысқаша түсінік

тәрбие сағаты




Тақырыбы: Менің тұңғыш ПрезидентімМақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуКөрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.Интербелсенді тақтада слайд жүріп тұрады.Тұңғыш Президент күніне арналған кітап көрмесі орналасып тұрады.Тәрбие сағатымызды бастар алдында (мемлекеттік әнұранымыз орындалады)Мұғалім:Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Ендеше ортаға оқушыларды шақырамын. Избасаров Санат:Қазақстан дейтін менің бар елім .Жатыр алып жарты дүние әлемін!Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далада жылап келіп, уанғанБұл даланы көріп алғаш қуанғанБұл далада өскен жанда жоқ арман!Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туғаналалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналғанектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.2-оқушы: ҚуандықОл ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.3-оқушы: АйланаСол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болдысылайша оның саяси өмірбаяны басталады.Олай болса ортаға Ноян Айлананы шақырып жазған шығармасын оқуын сұраймын. Енді, әры қарай оқушылар өздерің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жөнінде не білетіндеріңді ортаға салыңдар.Жасыбаева Әсем.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.Бекнұров Рахман:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.Нығметтулиева Тойдық:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман УәлихановҚанатов Қуандық. Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.Ноян Айлана.1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, Білдім дербес елімнің үлгісі деп.Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, Беттерінен көз тартып тұрды сурет.Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, Құт-береке болшы бір елге келген.Өз туы, елтаңба, әнұраны барАйтыңдаршы, енді елім кем де неден?Дуйсекенова Даяна1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.«Ата Заң»Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.Жұмалаева Аяжан :Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.Бекнұрова Лаура: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам!Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым.Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін.Ән: “Астана – бас қала”14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.(Әнұран айтылады)15-оқушы: «Елбасына»Ауыр күнді артымызға тастауы –Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауыТуды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік! Оқушылардың барлығы бірге :Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.