Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастыру

0

Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………………….. 3
Қаржыны басқару ұғымы……………………………………………………………. 4
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару…………. 9
Мемлекеттің қаржысын басқару………………………………………………… 12
Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі……………….. 25
Қорытынды ……………………………………………………………. 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі ……………………………………… 31….

1. Қаржыны басқару ұғымы

Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны ұйымдастыру — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізіңде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесіндс оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекетгік борыштың азаюыңца, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған: басқарудағы демократизм; қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас); басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі (ұштасуы);
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
басқарудағы жауапкершілік; шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы. Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білгсн жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметгік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар мен жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімделстін қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи заңдардың талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-математикалық әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қар¬жылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында бас¬қару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау. Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақса¬ты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақытгылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл — жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мелшерін және оның көздерін анықтау; орталықтаңдырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды белудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жене салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің — қаржы органдарының, салық қомитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппа¬ратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржылық реттеу — бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін аддын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтіқ (сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы аппараттарының қызметін қамтиды. Бақылау қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы қөрсеткіштермен салыстыруға, қаржы ресурстарын өсірудің резервтерін айқындауға, шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың объекгілері мен субъекгілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржы қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржы қатынастарын олардың сфераларына сәйкес объектілсрдің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларга басқару¬дың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруа¬шылық жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.
Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласыңда қаржы¬ны басқаруды кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдері мен службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың қаржы бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырып отырады.
Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының — реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвснциялардан (мақсатты жәрдем қаржыдан) бас тарту болды және т.б. Осы және басқа себептерге байланысты қар¬жының ролі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне қошуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады.
Біріншіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі.
Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір болігі, биліктің аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып жаткан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету жөніндегі операцияларға қатысты.
Екіншіден, түсімдерді уақтылы алуға жеткілікті бақылау жасамау.
Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіңдегі икемділікгі белуге бақылауды жолға қояры сөзсіз.
Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің кемшіліктері.
Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік банктің пайызсыз кредиттері, сондай-ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келді. Қазіргі кезде бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып қалды.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция жағдайыңда заңды екенін мойындауға тура келеді.

2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару

Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бааімдері,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы
службалары жүзеге асырады
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдерімен топтары басқарады. ;
Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы бас-қармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйым¬дардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мөні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында багалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктіқ құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зиятқерліқ (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктср.
Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбсқ енімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде қерінсді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредит және есеп айырысу операцияларының (ақциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — ақционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган — басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті (басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне — қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметкерлер……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!