анасы мен ұлы ұшақтан қалай шыққанын айтты

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Апат болған кезде Юлия Марченкова 12 жастағы ұлының қауіпсіздік белдігін шешіп, ұшақтың алдына қарай жүгірген

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Ұшақ өртке оранған кезде анасы мен 12 жастағы бала шығаберіске бірінші барып, апаттан аман қалды, деп хабарлайды Mash Telegram каналы.

Жолаушылар өрт басталмас бұрын ұшаққа найзағай түскенін айтады. Бірақ олар сабыр сақтап, өз орындарында қалған. Тек Юлия Марченкова 12 жастағы ұлынан қауіпсіздік белдігін шешіп, ұшақтың алдына қарай жүгірген.

Тағы оқыңыз: Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео

Бортсеріктер оларды орнына отырғызуға тырысқанымен, баласын құтқармақшы болған ана оларға құлақ аспапты.

«Әйел ешкімді тыңдаған жоқ. Ол барлық нәрсеге баруға дайын еді. Сондықтан ұшақтан бірінші шықты. Юлия Мурманск облысындағы полиция бөлімінде программист болып жұмыс істейді. Олардың ұлы Саша ата-анасын қатты жақсы көреді. Ол отбасы туралы суреттер байқауында бірнеше рет бас жүлдені жеңіп алған екен. Ол ата-анасының ізін жалғастырмақ»,-деп жазады Mash. 

Тағы оқыңыз: Отқа оранған ұшақтың әуежайға қонған сәтінің видеосы 

Еске сала кетсек, 5 мамырда Мәскеу – Мурманск рейсін орындаушы «Аэрофлот» әуе компаниясының Sukhoi Superjet 100 Шереметьево әуежайына шұғыл қонған сәтте, оның қозғалтқыштары өртене бастаған.

Ресейдің тергеу комитетінің мәліметіне сәйкес, апаттан 41 адам қаза болған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.



sputniknews.kz