Курстық жұмыс: Экономика | БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

0

Курстық жұмыс: Экономика | БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ казакша Курстық жұмыс: Экономика | БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ на казахском языке

Кіріспе
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО – ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық ннесие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақща шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік – қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банкі, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік коперация кеңінен танылды. Ол қарыз – жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
І. Банк жүйесінің мәні, құрылымы және маңызы
1.1. Банктердің пайда болу тарихы
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектеп пен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, олардың іс – жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. «Банк» деген ұғым италиян сөзі, «bank» — орындық, «айырбас орындығы – айырбас орны» дегенді білдіреді. Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VIII – V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту кезінде тауар – ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек XIII – XIV ғғ. сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған. Кейбір ғалымдардың пікірінше алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында Италияның Венеция және Генуе қалаларында XIV – XV ғғ. пайда болған.
XVI – XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Ньюрмбергте саудагер – клиенттер арасында қолма – қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиро банктер құрылады. Жиро банктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиро банктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берген.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде, яғни феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болған дейді.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 жылы айырбас ісінің негізінде, яғни әр түрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысумен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609 ж.) және Гамбургте (1618 ж.) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама айналымымен байланысты аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ.
Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің, өнеркәсіп және сауда капиталдарының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.
К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі…»
Сонымен қатар банктер «несие ісінің екінші жағы — өсім әкелетін капиталды да» басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу, сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.
1.2. Банктердің типтері
Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.
Банктерді ұйымдастырудың акционерлік формасының ерекшеліктері мен артықшылықтары неде? «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес, біріншіден, аккционерлік қоғам – бұл құрылтайшылардың (акционерлік қоғамының қатысушыларын құрылтайшылар дейді) меншік құқығын, Ұлттық банк берген лицензия негізінде шығарылатын акциялармен куәландырылатын заңды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты. Акционерлердің жауапкершілігі тек сатып алынған акция сомасымен ғана шектелген. Егер банк банкротқа ұшыраса немесе өз қызметін тоқтатса, барлық кінә жеке акционерлерге емес, банкке қойылады.
Банкті басқаруда акционерлердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарға банк саясатына қатысты сұрақтар бойынша дауыс берумен шектеледі.
Банкті ұйымдастырудың акционерлік емес формасы (үлестік жарна формасы) қатысушылардың меншік құнын куәландыратын қандай да бір формалды куәлікті қажет етпейді.
Үлес қосушы банк қызметімен байланысты бар тәуекелді өз мойнына алады да, оның барлық міндеттері бойынша жауап береді. Банкрот болған жағдайда кінә банкке және де өзінің бар мүлкімен жауап беретін әрбір үлескерге де қойылады.
Екіншіден, акционер өз акцияларын басқа тұлғаға бере алады. Бұл жерде банктік қызмет етуі жекелеген акционерлердің қоғамнан шығуына, біліксіздігіне банкроттыққа ұшырауына байланыссыз. Ал үлестік жарна формасыда қатысушы өз үлесін, басқа қатысушылардың келісімінсіз бере алмайды.
Үшіншіден, акционерлік банкте оны басқару бойынша қызметтер нақты үлестірілген. Акционерлер басқарманы таңдайды, соңғысы – төрағаны, ал ол басқару аппаратын, басқару аппараты өз кезеңінде мамандар мен қызметкерлердің міндеттерін анықтайды.
Жеке банкте қатысушылар өздері тікелей банкті басқаруға қатысады да әкімшілік қызметкерлері болады және басқарудың тиімділігі олардың жеке бастарының жұмыс сапасына байланысты.
Банкті ұйымдастырудың кационерлік формасының кемшіліктеріне мыналар жатады: акционерлік банкті құру қиындығы (жергілікті билік органдарынан рұқсат алуды талап етеді), өзгермелі жағдайларға бейімделу мен икемділік дәрежесінің төмен болуы.
Осы жоғарыда аталған кемшіліктерге қарамастан банкті ұйымдастырудың акционерлік формасы нарық жағдайда тиімді, қолайлы болып келеді және нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде банктер акционерлік компания немесе корпорация нысанында ұйымдастырылуы да кездейсоқтық емес.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады:
Бірінші деңгейлі, яғни жоғарғы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым ролін атқара отырып, Орталық банк экономикамызда басты орын алады. Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша – несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша – несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Орталық банктің тарапынан ақша – несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма – қол және қолма – қолсыз ақша массасы жатады. Қазақстанда Орталық банк ролін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі атқарады.
Ұлттық банк бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса алтын – валюта резервтерден басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басты міндеті ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
1. Ақша айналысы, несие, банктік есеп айырысулар мен валюталық қатынастар бойынша мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу.
2. Ақша – несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
3. Банктік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттердің мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары төмендегідей көздерден құралады:
1. Меншіктік қаражаттар есебінде (оның жарғы капиталы мемлекет тарапынан 20 млрд. тенге көлемінде құрылған).
2. Басқа банктер тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен.
3. Арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттары есебінен.
Ұлттық банктің басқару органына басқарма және директорлар кеңесі жатады.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банктің төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк тек қана Қазақстан Республикасы президентінің алдында есеп береді. Қазақстан Республикасының президенті парламенттің келісімімен Ұлттық банктің төрағасын және оның орынбасарларын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес басқармалары бар:
1. Зерттеу және статистика департаменті.
2. Шетел операциялары департаменті.
3. Ішкі операциялар басқармасы.
4. Монетарлық операциялық департамент.
5. Сыртқы байланыстар бөлімі.
6. Заң қызметі департаменті.
7. Әкімшілік департамент.
8. Қолма – қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма.
9. Инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі.
10. Бухгалтерлік есеп департаменті.
11. Есеп айырысу орпталықтарының департаменті.
12. Операциондық басқарма.
13. Төлем жүйесі басқармасы.
14. Бақылау және аудит департаменті.
15. Персоналдармен жұмыс жасау басқармасы.
16. Халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі.
17. Мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі…..

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!