Кредиттің қажеттілігі және кредит қатынастарының пайда болуы — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Кредит — ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «кредит» деген «kredo» — сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық категория ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Кредит қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы кредит табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен кредит ақша түріне көшті.
Кредиттің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын кеңейтілген өндірістің ерекшеліктерінен туындайды. Кредит капитал түрлері үнемі ауысып тұрады. Меншіктің ақшалы түрі тауар түріне, тауарлы өндірістік түрге, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А-Т-Ө-Т1-А1 капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде — өндіріс процесінде — дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарлыға айналады. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы — оның тек ауыспалы айналымы емес (кругооборот), сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы (оборот) дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.