Кредиттің қайта бөлу қызметі – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0

 

Кредит қайта болу қызметін атқарады. Оның мағынасы қарыз алушыға (шаруашылық, халыққа) төлем негізінде уақытша пайдалануға берілетін кәсіпорындардың, ұйымдардың, халық пен мемлекеттің бос ақшалай қаржыларын (ақша капиталдары мен табыстар) кредит арқылы шоғырландырып, қарыз беру капиталына айналдыру. Қарыз беру капиталы кредит механизмі арқылы халық шаруашылығы салаларының арасында қайта қайтарылу негізінде кредитке айналды. Қарыз капиталын кәсіпорындар, салалар, халық арасында қайта бөлу жүзеге асырылып, ақша түріндегі капитал төменгі пайда нормасы бар саладан босатылып, банктерде жинақталады да жоғары пайда нормасы бар салаларға ағылады. Екінші сөзбен айтқанда, өндірістік тепе-теңдіктер, капитал мен экономиканың бірлесіп басқарылу ретке келтіріледі.

Мәселенің мәнісі өндіріс құралдары ретіндегі (машиналар, жабдықтар, шикізаттар мен материалдар) капитал физикалық түрде бір саладан екінші салаға ауысып құйыла алмайды. Бұл процесс ақша капиталының қозғалыс жағдайына жүзеге асыратындықтан, кредит нарықтық экономикада ең алдымен капиталдың бір саладан басқа салаларға ауысып құйылуы үшін икемді механизм ретінде керек және пайда нормаларын теңестіру қызметі арқылы кредит капиталдың өндірістің бір саласынан екіншілеріне еркін түрде ауысып құйылуын және өндіруші капиталдың белгілі бір нақты үлгіде бекуін қамтамасыз етеді.

Құндылықтың кредит арқылы қайта бөлінуі – салалық, салааралық, аумақтық бағыттарда, кредит қатынасының субъектісі іспеттес кәсіпорындар деңгейінде жүзеге асады. Қандай бір жағдайлар болмасын, әңгіме уақытша бос тұрған құндылықты қайта бөлу жағдайында болып отыр. Сондықтан ол қайтарым жағдайында қайта бөлінеді. Осы ретте қайта бөлудің қаншама түрлері болғанмен, меншік иесі ауыстырылмай, ол кредит берушінің қолында қала береді.

Скачать реферат/Рефератты тарту

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз