Кредиттің заңдары — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Кредит заңдарын білу және соның негізінде тиімді кредит механизмін ретке келтіру өндіріс қорларының айналыстары мен айналымдарының біркелкі еместігіне байланысты бос тұрған қаржыларды орынды пайдалануға мүмкіндік береді.

Кредит заңдарына ең алдымен Кредит заңының пайда болуы жатады. Ол кредит қатынастарының пайда болуы мен қарыз беру қорының құрылу қатынастарын білдіреді. Қоғамда кредиттік қатынастардың пайда болуы капитал айналыстары мен айналымдарының біркелкі еместігінен туындайды да, объективті, қажетті және нақты сипаттарға ие болады. Қарыз беру қорының құрылуы жайында да осыны айтуға болады. Кредиттік қатынастар пайда болғаннан кейін, қарыз беру қоры да объективті, қажетті және аса маңызды сипатқа ие болады. Кредиттік қорлар ұдайы өндірістің барысында уақытша бос тұратын қаржылардың негізінде құрылып, қосымша қаржыларды қажет ететін дұрыс талаптарды қанағаттандыруға жұмсалуға тиіс. Мұның өзі кредиттің белгілі бір шегін сақтап, соған сәйкес сол шекараның бұзылуына жол бермейтін механизм (яғни, кредитті пайдалану бағытын негізсіз кеңейтіп немесе тарылтып) құру қажет екенін көрсетеді.

Кредиттің пайда болу заңының экономикадағы тауар-ақша қатынастарының дұрыс жұмыс істеуі жағдайында ғана әрекеттік күші бар. Нақты кредит қатынастары шаруашылық байланыстары баламалық және тепе-тендік қатынастарға негізделген экономика салаларында ғана туындайды.

Скачать реферат/Рефератты тарту